Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін


«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет2/4
Дата16.04.2020
өлшемі127,11 Kb.
#62752
1   2   3   4
Байланысты:
21 Дене шынықтыру 5-9 кл каз 080816


  1. «Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері





  1. Қимыл-қозғалыс, сондай-ақ оны дамыту тұрғысынан алып қарағанда, «Дене шынықтыру» пәні білім беру бағдарламасының басты міндеті болып табылады. Себебі дене шынықтыру оқушының ағзасын дамытуға және оның физикалық белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірден-бір пән. Оқушылар түрлі жаттығуларды орындауға, физикалық қабілеттерін дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік беретін жан-жақты құрастырылған оқу бағдарламасы арқылы аталған міндетке қол жеткізуге болады. Нәтижесінде оқушының бойында дене шынықтыру жаттығуларының адам ағзасына тигізетін оң әсері туралы білім жүйесі қалыптасады.

  2. Ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, барлық физикалық қасиеттерін жетілдіру – дене шынықтыру пәнінің басты мақсаты. Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының физикалық дамуына, сондай-ақ әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінің құрамында бола отырып, дене шынықтыру оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Осындай жол арқылы болашақта салауатты әлеумет қалыптастыруға болады. Осы мақсатты жүзеге асыру аясында жалпы орта білім беретін мектептердің оқушыларына арналған бұл бағдарлама келесі міндеттерді шешуге бағдарланады:

  1. тән мен жан саулығының негізін қалайды, бұл тұлғаның қалыптасуына және әлеуметтік дағдыларының дамуына ықпал етеді;

  2. оқушыларды тән және жан саулығын нығайту маңыздылығыг түсінуге ынталандырады;

  3. дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімді қалыптастыруға және практикалық дағдыларды дамытуға ықпал етеді;

  4. оқушылардың төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және иілгіштік секілді қимыл-қозғалыс дағдылары дамытады;

  5. оқушылардың патриоттық сезімдерін, жалпыадамзаттық құндылықтарын, коммуникативтік дағдыларын тәрбиелейді және дамытады;

  6. оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, бойға сіңірген дағдыларын болашақта қолдануға ынталандырады;

  7. оқушылардың бойында дене тәрбиесінің жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі туралы түсінікті қалыптастырады.

  1. «Дене шынықтыру» пәнін оқу-үйрену оқушыларға:

  1. пән бойынша игерген білім, біліктілік және дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға;

  2. өзінің физикалық дамуын жетілдіруде қимыл-қозғалыс құзыретттіліктерін жақсарту қажеттіліктерін бағалауға;

  3. адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз жетілдіру қажеттілігін сезінуге;

  4. жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуге;

  5. дене жаттығуларының адамның физикалық және энергетикалық жүйелеріне әсерлерін білуге;

  6. өзінің және өзгелердің физикалық жағдайын бағалауға;

  7. сын тұрғысынан және шығармашылықпен ойлану, қиындықтарды жеңе білу мен қарым-қатынас орната білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.



  1. Оқыту процесін ұйымдастырудаға педагогикалық әдіс-тәсілдер





  1. Құндылықтарға бағытталған ұстаным:

    1. оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу–ол тұлғаның өз әрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі.Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады;

    2. құндылықтар–қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену - орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.

  1. Тұлғаға бағытталған ұстаным:

  1. тұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.

  1. Іс-әрекеттік ұстаным:

  1. іс-әрекеттік ұстанымның негізгі мазмұны –оқушыбілімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегіндебілімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді.Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді».

  1. Саралап оқыту ұстаны:

  1. саралап оқыту ұстанымы - оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтарынамамандандырылуын,оқушылардың жеке қабілеттіліктерін ескеру мақсатында әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап оқыту ұстанымы әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшінарнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.

  1. Коммуникативтік ұстаным:

  1. білім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативті ұстанымға сәйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі қатынасу икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек.

  1. Ортақ тақырыптар арқылы оқыту:

  1. «Дене шынықтыру» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.

  1. Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту:

  1. оқу үдерісінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді;

  2. педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзбетіндік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.

  1. Жобалық ұстаным:

  1. оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген әдістер мен іс-әрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен сипатталынады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешуде өзбетіндік іс-әрекетін танытуымен сипатталады. Бастауыш деңгей білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жобалау әдісі толығымен жүзеге асырылмайды. Бірақ, жобалау іс-әрекетінің алгоритімі (жоба – мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-әрекет кешені) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдық/топтық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:

  1. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады;

  2. оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді.

  1. Бұл «Дене шынықтыру» пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:

  1. бұқаралық ақпарат құралдары және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

  2. дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

  3. сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;

  4. сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;

  5. басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;

  6. электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;

  7. интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;

  8. аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет