Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
|
Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
Білім алушылар:
|
1-тоқсан
|
Физика – табиғат туралы ғылым
|
Физика – табиғат туралы ғылым
|
7.1.1.1 - физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
|
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері
|
7.1.1.2 - табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату
|
Физикалық шамалар мен өлшеулер
|
Халықаралық бірліктер жүйесі (SI)
|
7.1.2.1 - физикалық шамаларды олардың SI- жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
|
Скаляр және векторлық физикалық шамалар
|
7.1.2.2 - скаляр және векторлық физикалық шамалар ажырату және мысалдар келтіру
|
Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу
№1 зертханалық жұмыс. «Кішкентай денелердің өлшемін анықтау»
№2-зертханалық жұмыс. «Физикалық шамаларды өлшеу»
|
7.1.2.3 - үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану, : санды: стандартты түрде жазу;
7.1.3.1 - дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу;
7.1.3.2 - кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау;
7.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Механикалық қозғалыс
|
Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы
Санақ жүйесі
|
7.2.1.1 - келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру - материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырма-лылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
|
Қозғалыстың салыстырмалылығы
|
7.2.1.2 - механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру
|
Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар
|
7.2.1.3 - түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
|
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу*
|
7.2.1.4 - қозғалыстағы дененің жылдам-дығы мен орташа жылдамдығын есептеу
|
Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері*
|
7.2.1.5 - s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу;
7.2.1.6 - дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:
(1) дененің тыныштық күйін,
(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын;
7.2.1.7 - бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау
|
2-тоқсан
|
Тығыздық
|
Масса және денелердің массасын өлшеу
|
7.2.2.11 - электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу
|
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу
|
7.2.2.12 - әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану
|
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.
№3 зертханалық жұмыс. «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау»
|
7.2.2.13 - тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.2.14 - сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;
7.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Тығыздықты есептеу
|
7.2.2.15 - тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану
|
Денелердің өзара әрекеттесуі
|
Инерция құбылысы
|
7.2.2.1 - инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
|
Күш
|
7.2.2.2 - күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру
|
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ
|
7.2.2.10 - масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
|
№4 зертханалық жұмыс* «Серпімді деформацияларды зерделеу»
|
7.2.2.4 - серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау;
7.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Деформация*
|
7.2.2.3 - пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру
|
Серпімділік күші, Гук заңы
|
7.2.2.5 - Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу
|
Үйкеліс күші.
Үйкеліс әрекетін техникада ескеру№5 зертханалық жұмыс. «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»
|
7.2.2.6 - тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;
7.2.2.7 - үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру
|
Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу
|
7.2.2.8 - күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;
7.2.2.9 - денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау
|
3-тоқсан
|
Қысым
|
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы
|
7.3.1.1 - заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау
|
Қатты денелердегі қысым
|
7.3.1.2 - қысымның физикалық мағына-сын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;
7.3.1.3 - есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану
|
Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы
|
7.3.1.4 - газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;
7.3.1.5 - сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
|
Қатынас ыдыстар*
|
7.3.1.6 - қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру
|
Гидравликалық машиналар*
|
7.3.1.7 - гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау;
7.3.1.8 - гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу
|
Атмосфералық қысым* Атмосфералық қысымды өлшеу*
|
7.3.1.9 - атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
|
Манометрлер. Сорғылар*
|
7.3.1.10 - манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау
|
№ 5 зертханалық жұмыс. «Архимед заңын зерделеу»
|
7.3.1.11 - кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу;
7.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Кері итеруші күш
|
7.3.1.12 - сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
7.3.1.13 - есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
|
№ 6 зертханалық жұмыс* «Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау»
|
7.3.1.14 - дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу;
7.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Жұмыс және қуат
|
Механикалық жұмыс
Қуат
|
7.2.3.1 - механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.3.7 - қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.3.8 - механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану
|
4-тоқсан
|
Энергия
|
Кинетикалық энергия.
Потенциалдық энергия
|
7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату;
7.2.3.3 - кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану;
7.2.3.4 - жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның және серпімді дененің формуласын қолдану
|
Энергияның сақталуы және айналуы
|
7.2.3.5 - энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;
7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
|
Күш моменті
|
Жай механизмдер
|
7.2.4.1 - «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;
7.2.4.2 - күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
|
Дененің массалық центрі*
№ 7 зертханалық жұмыс*
«Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау»
|
7.2.4.3 - жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау
7.2.4.5 - тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;
7.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Иіндіктің тепе-теңдік шарты
|
7.2.4.4 - тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
|
Пайдалы әрекет коэффициенті*
№10 зертханалық жұмыс. «Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау»
|
7.2.4.6 - көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау;
7.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Жер және Ғарыш
|
Аспан денелері туралы ғылым*
|
7.7.1.1 - геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру
|
Күн жүйесі*
|
7.7.1.2 - Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
|
Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)
|
7.7.1.3 - жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
|
Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
Білім алушылар:
|
1-тоқсан
|
Жылу құбылыстары
|
Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия
|
8.3.1.1 - молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау
|
Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары
|
8.3.1.3 - Температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;
8.3.1.2 - температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу
|
Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi
|
8.3.2.1 - дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау;
|
Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару
|
8.3.2.2 - жылу берілудің түрлерін салыстыру
|
Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу*
|
8.3.2.3 - техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру
|
Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі*
|
8.3.2.4 - әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру
|
Жылу мөлшері.
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
|
8.3.2.5 - жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
8.3.2.6 - заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру
|
Отынның энергиясы
Отынның меншікті жану жылуы
|
8.3.2.7 - отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
|
№ 1 зертханалық жұмыс. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»
|
8.3.2.8 - жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
8.1.3.2 - тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау;
8.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
|
8.3.2.9 - жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану
|
Заттың агрегаттық күйлері
|
Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы
|
8.3.1.4 - молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау;
8.3.2.10 - балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруға қолдану;
8.3.2.11 - заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау
|
№ 2 зертханалық жұмыс. «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау»
|
8.3.2.12 - эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау;
8.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Булану және конденсация*
Қаныққан және қанықпаған булар*
|
8.3.1.5 - молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау;
8.3.2.13 - заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
8.3.2.14 - су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау
|
Қайнау, меншiктi булану жылуы.
Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау
|
8.3.2.15 - меншікті булану жылуын анықтау;
8.3.2.16 - қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру
|
2-тоқсан
|
Термодинами
ка негiздерi
|
Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы
|
8.3.2.17 - термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру
|
Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы
|
8.3.2.18 - термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру
|
Жылу қозғалтқыштары*
|
8.3.2.22 - жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;
8.3.2.20 - іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау
|
Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті*
|
8.3.2.19 - жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;
8.3.2.21 - жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну
|
Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер*
|
8.3.2.23 - жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау
|
Электростатика негіздері
|
Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер
|
8.4.1.1 - электр зарядын сипаттау;
8.4.1.2 - Үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;
8.4.1.3 - электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру
|
Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды
|
8.4.1.4 - электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;
8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
|
Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі
|
8.4.1.6 - электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;
8.4.1.7 - біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу;
8.4.1.8 - электр өрісін күш сызықтар арқылы кескіндеу
|
Электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор
|
8.4.1.9 - потенциалдар айырымының және потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру;
8.4.1.10 - конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау
|
3-тоқсан
|
Тұрақты электр тогы
|
Электр тогы, электр тогы көздері
|
8.4.2.1 - электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру
|
Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күшi, кернеу
|
8.4.2.2 - электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
8.4.2.3 - кернеудің физикалық мағына-сын, оның өлшем бірлігін түсіндіру
|
№ 3 зертханалық жұмыс. «Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу»
|
8.4.2.4 - электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау;
8.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
№ 4 зертханалық жұмыс. «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу»
|
8.4.2.5 - тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру;
8.1.3.1 - эксперименттен деректерін жинақ-тау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу
|
Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы
|
8.4.2.6 - тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;
|
Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
|
8.4.2.7- кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
8.4.2.8 - есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану
|
№ 5 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу»*
|
8.4.2.9 - өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу;
8.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
№ 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»
|
8.4.2.10 - өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;
8.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу
|
8.4.2.11 - өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу
|
Электр тогының жұмысы мен қуаты
|
8.4.2.12 - жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану
|
Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы
|
8.4.2.13 - Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;
|
№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»
|
8.4.2.14 - эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;
8.4.2.15 - кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау;
8.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік*
|
8.4.2.16 - металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау
|
Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар*
|
8.4.2.17 - қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру
|
Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы)
|
8.4.2.18 - сұйықтардағы электр тогын сипаттау
|
Электромагниттік құбылыстар
|
Тұрақты магниттер, магнит өрiсi.
№ 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»
|
8.4.3.1 - магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;
8.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi.
Тогы бар шарғының магнит өрiсi
|
8.4.3.2 - магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру;
8.4.3.3 - тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау
|
Электромагниттер және оларды қолдану.
№ 9 зертханалық жұмыс. «Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау»
|
8.4.3.4 - жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;
8.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш, электр өлшеуіш құралдар*
|
8.4.3.5 - магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау;
8.4.3.6 - электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру
|
Электромагниттiк индукция, генераторлар*
|
8.4.3.7 - электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;
8.4.3.8 - Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру
|
4-тоқсан
|
Жарық құбылыстары
|
Жарықтың түзу сызықты таралу заңы.
|
8.5.1.1 - Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу;
|
Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар
|
8.5.1.2 - эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау;
8.5.1.3 - айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру;
8.5.1.4 - жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау
|
Сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу
|
8.5.1.5 - дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау
|
Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы, толық ішкі шағылу*
|
8.5.1.6 - жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу;
8.5.1.7 - жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару;
8.5.1.8 - тәжирибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру
|
№ 10 зертханалық жұмыс. «Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау»
|
8.5.1.9 - экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;
8.5.1.10 - сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау
|
Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы.
Линзаның көмегімен кескiн алу
|
8.5.1.11 - жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану;
8.5.1.12 - линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану;
8.5.1.13 - жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру
|
№ 11 зертханалық жұмыс. «Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау»
|
8.5.1.14 - жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау;
8.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері
|
8.5.1.15 - көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау
|
Оптикалық аспаптар
|
8.5.1.16 - қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, обскура камерасы) құрастыру
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
|
Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
Білім алушылар:
|
1-тоқсан
|
Кинематика негіздері
|
Механикалық қозғалыс
|
9.2.1.1 - Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану
|
Векторлар және оларға амалдар қолдану.
Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары
|
9.2.1.2 - векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту;
9.2.1.3 - вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу
|
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу*
|
9.2.1.4 - уақыттан тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді анықтау;
|
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру*
|
9.2.1.5 - түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану;
9.2.1.6 - түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану
|
№ 1 зертханалық жұмыс. «Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау»
|
9.2.1.7 - теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау;
9.1.3.2 - эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және экспери-ментті жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну;
9.2.1.8 - теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру
|
Дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi
|
9.2.1.9 - еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану
|
№ 2 зертханалық жұмыс. «Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу»
|
9.2.1.10 - теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау;
9.2.1.11 - горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс жылдамдығын анықтау ;
9.2.1.12- горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын сызу
|
Қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы*
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар*
|
9.2.1.13 - дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау;
9.2.1.14 - сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану
|
Центрге тартқыш үдеу*
|
9.2.1.15 - центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану
|
Астрономия негіздері
|
Жұлдызды аспан*
|
9.7.2.1 - абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату;
9.7.2.2 - жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін факторларды атау
|
Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі*
|
9.7.2.3 - аспан сферасының негізгі элементтерін атау;
9.7.2.4 - жұлдызды аспанның жылжымалы картасынан жұлдыздардың аспан координатасын анықтау
|
Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт
|
9.7.2.5 - әртүрлі ендіктегі жұлдыздардың шарықтау айырмашылығын түсіндіру;
9.7.2.6 - жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты сәйкестендіру
|
Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары
|
9.7.2.7 - Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру
|
Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау
|
9.7.2.8 - Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру
|
2-тоқсан
|
Динамика негіздері
|
Ньютонның бiрiншi заңы, инерциялық санақ жүйелерi
|
9.2.2.1 - инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру;
9.2.2.2- Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
|
Механикадағы күштер
|
9.2.2.3 - ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру
|
Ньютонның екiншi заңы, масса
|
9.2.2.2 - Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
|
Ньютонның үшінші заңы
|
9.2.2.5 - Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
|
Бүкiләлемдiк тартылыс заңы*
|
9.2.2.6 - Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
|
Дененің салмағы, салмақсыздық*
|
9.2.2.10 - үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау;
9.2.2.11 - салмақсыздық күйді түсіндіру
|
Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы.
Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы*
|
9.2.2.9 - бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолдану;
9.2.2.7 - ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстыру;
9.2.2.8 - тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтау
|
3-тоқсан
|
Сақталу заңдары
|
Дене импульсі және күш импульсі*
|
9.2.3.1 - дене импульсі мен күш импульсін ажырату
|
Импульстің сақталу заңы*
Реактивтi қозғалыс*
|
9.2.3.2 - импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
9.2.3.3 - табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру;
9.2.3.4 - Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру
|
Механикалық жұмыс және энергия
|
9.2.3.5 - механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілдермен анықтау;
9.2.3.6 - жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру
|
Энергияның сақталу және айналу заңы
|
9.2.3.7 - энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
|
Тербелістер және толқындар
|
Тербелмелі қозғалыс
|
9.2.5.1 - еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру;
9.2.5.2 - эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау;
9.2.5.3 - формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау
|
Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі*
Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі*
|
9.2.5.4 - тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау;
9.2.5.5 - гармониялық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу
|
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері*
|
9.2.5.6 - әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру;
9.2.5.7 - маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу
|
№ 3 зертханалық жұмыс. «Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау»
|
9.2.5.8 - математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;
9.2.5.9 - период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;
9.1.3.1 - алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау
|
Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс
|
9.2.5.10 - еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау;
9.2.5.11 - резонанс құбылысын сипаттау
|
Еркін электромагнитік тербелістер
|
9.4.4.1 - тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалық түрде сипаттау
|
Толқындық қозғалыс*
|
9.2.5.12 - толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану;
9.2.5.13 - көлденең және бойлық толқындарды салыстыру
|
№4 зертханалық жұмыс. «Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау»
|
9.2.5.14 - су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау
|
Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық
|
9.2.5.15 - дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;
9.2.5.16 - дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;
9.2.5.17 - резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;
9.2.5.18 - жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау;
9.2.5.19 - табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбыстықолдануға мысалдар келтіру
|
Электромагниттік толқындар
Электромагниттік толқындар шкаласы
|
9.4.4.2 - механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру;
9.4.4.3 - электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру;
9.4.4.4 - шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру
|
4-тоқсан
|
Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар
|
Жылулық сәуле шығару
|
9.6.1.1 - жылулық сәуле шығару энергиясының температураға тәуелділігін сипаттау
|
Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы
|
9.6.1.2 - Планк формуласын есептер шығаруда қолдану
|
Фотоэффект құбылысы
|
9.6.1.3 - фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру;
9.6.1.4 - фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану;
|
Рентген сәулелері*
|
9.6.1.5 - рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің басқа түрлерімен салыстыру;
9.6.1.6 - рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіру
|
Радиоактивтілік*
Радиоактивті сәулеленудің табиғаты*
|
9.6.2.1 - α, β және γ - сәулеленудің табиғаты мен қасиеттерін түсіндіру
|
Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы
|
9.6.1.7- α-бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау
|
Атом ядросы
|
Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер.
Массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы
|
9.6.1.8 - ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау;
9.6.1.9 - атом ядросының масса ақауын анықтау;
9.6.1.10 - атом ядросының байланыс энергиясы формуласын есептер шығаруда қолдану
|
Ядролық реакциялар.
Радиоактивті ыдырау заңы
|
9.6.1.11 - ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану;
9.6.2.2 - радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру;
9.6.2.3 - радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда қолдану
|
Ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция.
Ядролық реакторлар
|
9.6.2.4 - тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау;
9.6.2.5 - ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау
|
Термоядролық реакциялар.
Радиоизотоптар, радиациядан қорғану
|
9.6.2.6 - ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру;
9.6.2.7 - радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;
9.6.2.8 - радиациядан қорғану әдістерін сипаттау
|
|
Элементар бөлшектер
|
9. 6.3 - элементар бөлшектерді жіктеу
|
Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі
|
Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы
|
9.8.1.1 - адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының ықпалын түсіндіру;
|
Экологиялық мәдениет
|
9.8.1.3 - жаңа технологиялардың қоршаған ортаға ықпалының артықшылығы мен қауіптілігін бағалау;
|