Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары



бет10/10
Дата07.02.2022
өлшемі61,19 Kb.
#94597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-19501

5. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

30. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелерімен бағаланады.


31. Пәндік нәтижелері екі аспектімен айқындалған: білуі тиіс және меңгеруі тиіс.
32. 5-сыныптың оқушылары:

  1. бейнелеу өнерінің адам мен қоғам өміріндегі орны мен мәні туралы;

  2. бейнелеу өнерінің барлық кезеңдерде өмір сүргені туралы, әртүрлі дәуірлердегі өнердің бейнелі тілдерінің көптүрлілігі және әлемді тану ерекшеліктері туралы түсінігін;

  3. бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрлары, өнер тарихында портреттің, пейзаждың және натюрморттың негізгі даму кезеңдері туралы;

  4. бейнелеу өнеріндегі көркем мәнерлеудің негізгі құралдары (сызық, дақ, рең, түс, пішін, перспекти­ва), бейнені ырғақты ұйымдастыру ерекшеліктерін;

  5. әртүрлі көркемдік материалдар, көркемдік техникалар және олардың көркем бейне жасаудағы мәнін;

  6. cәндік-қолданбалы өнердің бейнелі тілінің бастаулары мен ерекшелігін;

  7. Қазақстанның бірнеше халықтық көркем қолөнерін білуі тиіс.

33. 5-сыныптың оқушылары:

  1. нақты материалмен жазық немесе көлемді сәндік композициялар жасау процесінде фактураны, түсті, пішінді, көлемді, кеңістікті мәнерлі пайдаланудың практикалық дағдыларын;

  2. әлемдік және қазақстандық өнердегі портрет, пейзаж және натюрморт жанрларындағы көрнекті суретшілер мен өнер туындыларының аттарын;

  3. бояуларды (гуашь және акварель), бірнеше графикалық материалдарды (қарындаш, көмір) қолдану, мүсін жасау дағдыларын меңгеру, коллаж техникасын;

  4. заттың конструктивтік пішінін көру, зат және заттар тобын жазық және көлемді бейнелеу дағдыларын меңгеру; адам басының жалпы құрылу ережелерін білу; желілік және әуе перспективасының бастапқы ережелерін;

  5. натурадан, елестету және есте сақтау бойынша бейнелеу кезінде жарықтандыру пропорцияларын, сипатын, түстік байланыстарды мәнерлеу құралдары ретінде көру және қолдануын;

  6. әртүрлі халықтар мен кезеңдердің (мысалы, Ежелгі Египет, Ежелгі Греция, Қытай) сәндік өнерін стилистикалық ерекшеліктеріне қарай ажыратуды;

  7. сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы (халықтық, классикалық, қазіргі замандағы) конструктивтік, сәндік, бейнелеу элементтерін анықтау, сондай-ақ материалдың, пішін мен декордың тұтастығын көруін;

  8. бірыңғай стилистикамен біріктірілген заттай ортаның көркемдік-сәндік нысандарын (тұрмыс заттары, жиһаз, киім) жасауды;

  9. әртүрлі материалдармен натурадан, есте сақтау және елестету арқылы шығармашылық композициялық жұмыстар жасауды;

  10. өнер туындыларын белсенді қабылдау және өз түйсігінің әртүрлі деңгейлерін дәлелді түрде талдау, бейнелеу метафораларын түсіну және өнер туындысына тән әлемнің тұтас картинасын көруді меңгеруі тиіс.

34. 6-сыныптың оқушылары:

  1. бейнелеу өнеріндегі жанрлық жүйе туралы және өнердің дамуын талдау және әлем танымын өзгерту, оны бейнелеу тәсілдерін түсіну үшін оның мәнін;

  2. бейнелеу өнеріндегі тақырыптық картинаның рөлі мен тарихы және оның жанрлық түрлері (тұрмыстық және тарихи жанр, өнердегі мифологиялық тақырыптар) туралы;

  3. туындының тұтастығы мен бейнелік құрылымы ретіндегі композиция туралы, туындының композициялық құрылымы, пішіннің рөлі, туынды көлемінің мәнерлілік мәні, тұтас және бөлшектің ара қатынасы, әрбір фрагменттің мәні және оның метафоралық мағынасы туралы;

  4. ірі тарихи оқиғалардың құрметіне ескерткіштер жасаудағы өнердің рөлі, суретші жасаған бейненің тарих оқиғаларын түсінуге тигізер әсері туралы;

  5. бейнелеу өнерінің барлық жанрларындағы шынайы өмірдің поэтикалық (метафоралық) іске асырылуы, картинадағы сюжет пен мазмұнның айырмашылығы туралы; кескіндемеде, графика мен мүсіндеу өнеріндегі құрастыру, бейнелеу және сәндік бастамалардың рөлі туралы; көркемдік сурет рөлін;

  6. өнерде стильдер мен бағыттардың болуы және суретшінің шығармашылық даралығының рөлі туралы;

  7. 20 ғасырдағы Қазақстан және әлемдік бейнелеу өнерінің күрделі, қарама-қайшылықты және көркем оқиғаларға қанық жолы туралы;

  8. сәулет және дизайннің негізгі даму және тарихи кезеңдері, қазіргі конструктивті өнер үрдістерін білуі тиіс.

35. 6-сыныптың оқушылары:

  1. суретшінің картинамен жұмыс істеу процесін, жұмыстың әрбір кезеңінің мәнін, эскиздер мен этюдтердің рөлін;

  2. суретшілер шығармашылығында ашылатын күнделікті өмірдің поэтикалық әсемдігін сезіну; адам өмірінің әрбір сәтінің маңыздылығын көрсетуде, адамның өз болмысы мен әлемнің сұлулығын түсінуі мен сезінуіндегі өнердің рөлін түсінуді;

  3. натурадан және көзге елестету арқылы адам мүсініндегі тепе-теңдіктер мен қозғалыстарды көрсете білудің бастапқы дағдыларын қолдануды;

  4. жас ерекшелігіне қарай қолжетімді деңгейде кескіндеу, графика және жапсыру материалдарын;

  5. шынайы өмірді қабылдауда жітілік пен белсенділік қалыптастыратын қоршаған күнделікті өмірді байқағыштық, бейнелі көру дағдыларын қолдануды;

  6. көркемдік-танымдық материал жинағын шамалайтын тақырыптық композициялар құрудағы шығармашылық тәжірибені қолдану, таңдап алынған тақырып бойынша авторлық көзқарас қалыптастыру және оны көрсете білу тәсілдерін іздеуді;

  7. нақты материалмен (батик және т.б.) жұмыс істеу дағдыларын қолдануды;

  8. сәулет және дизайн туындыларын талдау; конструктивтік өнерлердің әсем өнерлер қатарындағы орнын, олардың ортақ бастамалары мен ерекшелігін;

  9. конструктивтік өнер түрлерінің бейнелеу тілінің ерекшеліктерін, функционалдық және көркем-бейнелік бастамалардың тұтастығы мен олардың әлеуметтік рөлін;

  10. көлемдік-кеңістік композицияларын құрастыру, сәулет-дизайндік нысандарды (графикада және көлемде) үлгілеуді;

  11. өз шығармашылығында конструктивтік өнерлердегі көркемдік-өндірістік процестің негізгі кезеңдерін үлгілеуді;

  12. нақты ғимараттар мен заттай ортаны салу және жобалауда натурамен жұмыс істеу, есте сақтау және көзге елестету арқылы салуды;

  13. бұл ретте жаппай, көлемді және тереңдік-кеңістік композициясын іске асыра отырып, негізгі көлемдік-кеңістік нысандарын құрастыру; макеттік және графикалық композицияларда сызықтар, түс, көлемдер ырғағын, тектоника және фактура статикасы мен динамикасын қолдануды;

  14. дизайнде және сәулетте пішін жасау, көлемдерді пайдалану (қағаздан, картоннан, ермексаздан жасалған макеттер) дағдыларын қолдануды;

  15. натурадан және елестету арқылы графикалық материалдардың көмегімен архитектуралық бейнелер жасауды меңгеруі тиіс .

36. Тұлғалық нәтижелер, оқушылар:

  1. Қазақстанның азаматтық теңдестік негіздерін қалыптастыру, өз Отаны үшін мақтаныш сезімдерін;

  2. әлемге оның табиғатпен, халықтармен, мәдениеттермен табиғи тұтастығы мен алуан түрлілігінде әлеуметтік бағдарланған көзқарасын;

  3. басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауын;

  4. эстетикалық қажеттіліктерін, құндылықтары мен сезімдерін;

  5. этикалық сезімдерін, эмоциялық-адамгершілік қайырымдылығын айқындауы тиіс.

37. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар:

  1. көркемдік іс-әрекеттің алуан түрлеріндегі (сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы қызмет, көркем құрастыру) қарапайым практикалық шеберліктер мен дағдыларды;

  2. шығармашылық жұмыс және басқа да практикалық іс-әрекет түрлерін орындау кезінде алынған білімдерін;

  3. практикалық тапсырмаларды шешудің аса тиімді тәсілдерін өз бетінше және саналы түрде таңдау шеберлігін;

  4. практикалық тапсырмаларды орындаудың дұрыстығын бағалау, талдау, жіктеу және әртүрлі тәсілдермен алынған ақпаратты саналы түрде пайдалану шеберлігін;

  5. жеке және топпен жұмыс істеу, әртүрлі көзқарастар мен мүдделерді ескере отырып ортақ шешім табу және дауларды шешу шеберлігін;

  6. қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет