Негізгі орта мектеп курсы үшін қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша
тапсырмалар
(жалпы білім беретін мектептерге арналған)
1 нұсқа
Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Тапсырманы орындаңыз.
Бал туралы қызықты деректер
Бал тарихы өте ежелден басталады. Аралардың бейнелері Мысыр еліндегі
көптеген папирустар мен фрескаларда кездеседі.Мысалы, ең көне Смит
папирусында жараларды емдеуде балдың шырынын қалай пайдалану керектігі
сипатталған
.
Ежелгі Египетте балды ақша ретінде төлеген. Уақыт өте келе бұл әдісті
римдіктер де қолданыпты.Бірталай жасқа келіп қалған Демокрит мейрам кезінде
өлмеу үшін бал құйылған құмыраның жұпарын иіскеп отырған деген аңыз да бар.
Ал мейрамнан кейін ол құмыраны алып кетуге бұйырған. Тарихи деректерге
сүйенсек, Демокрит 107 жасында қайтыс болған екен.
Қазіргі таңда балды шығарудан Сібір жері Қытайдан кейін көш бастап тұр.
Мәселен, табиғаты қатал Сібір өңірінде араларды 200 жылдан бері ұстап, одан
несібесін тауып отырған отбасы да бар екен. «Солтүстік» аралары балдарын
омартаға жинақтап, қыс мезгіліне сақтайды. Қаһарлы қыстың суығында жәндіктер
балмен қоректенеді. Осы аралар Африка жерінде де кездеседі. Ол жерде қыс
болмайтындықтан Африка аралары балды жинамайды екен.
Балдың аллерген болуы өте сирек кездесетін жайт. Егерде жұмыскер аралар
улы өсімдіктерден бал жинаған болса, сол балдың улы болып шығуы әбден мүмкін.
Аралар үшін бал жинау оңай емес.100 г балды жинау үшін араларға бірнеше
шақырым ұшуға тура келеді. 30 г балды жинауға 200 ара өсімдіктерден
балшырындарды жинап 1 күн бойы толассыз еңбек етуі қажет. Дәл сонша ара оны
омартаға қабылдап, өндіруі тиіс. Ал дәл осы уақытта аралардың бір бөлігі судың
буланбауы үшін ұяны желдетіп отырады екен.
Арамен емдеу медицина ғылымында «Апитерапия» деп аталады. Отандық
дәрігер, апитерапия маманы А.Құрманбаевтың берген деректеріне сүйенсек, арамен
емдеуге араның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы және емдік әсері
өте күшті сүті жатады.
Білікті дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан
еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс. Себебі, бал - шипалы тағам. Құрамында
адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал адамның есте сақтау
Шығыс Қазақстан облысы
білім басқармасының
2021 ж. 13 мамырдағы
№ 201 бұйрығына
5 қосымша
қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатын
толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Балдан жасалған
сусынның асқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді
бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көреді.
Достарыңызбен бөлісу: |