Негізгі терминдер мен анықтамалар



бет13/21
Дата22.09.2023
өлшемі0,98 Mb.
#182070
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Лекция- каз

4.1 «төменгі» деңгейлі ЭЕМ
Қарапайым офистік компьютерлерді әдетте жоғары шаңдылық пен температура және ылғалдылықтың күрт өзгерісі болатын цехтарға тікелей орналастыру нәтижесінде істен өте тез шығады. Вибрация болған жағдайда жай сақатағыштар мен қатты магниттік дискілер тез істен шығады. Сонымен қатар, офистік ЭЕМ-лар үлкен және көп орын алып, электроэнергиясын көп жұмсайды. Функцияларды артық. Мысалға, көптеген жергілікті ТП АБЖ құру үшін өте қуатты әрі қымбат Intel Pentium IV 3.0 ГГц процессорлерін және одан жоғарғысын пайдаланудың қажеті жоқ. Көлемі 1024 Мб асатын ЖЕСҚ (ОЗУ), 6-слотты PCI, ойын порты, үлкен монитордың да керегі жоқ және т.б.
«Төменгі» деңгей ЭЕМ-сы ретінде өндірістік жұмыс станциялары, өндірістің шассиінде құралатын панельді компьютерлер немесе бір платалы компьютерлер қолданылады.
Өндірістік ЭЕМ таңдау критериилері:

4.1.1 Процессордың тактті жиілігі.


Енгізу/шығару қызмет көрсету каналдарының санына, бүкіл АБЖ жылдамдығына, жоспарланатын программалық қамтамасыз етуге (көптеген программалық қамтамасыз ету пакеттері процессор қуатына катысты талаптар қояды, мысалға, Pentium 166 МГц-тен төмен емес процессор). Орта өлшемді жергілікті АБЖ құру үшін такттілік жиілігі 500МГц болатын процессор жеткілікті.

4.1.2 Дисплей.


Өнеркәсіптік өндіріс орталарында тегіспанельді электролюминесцентті немесе мөлдір кристалды дисплейлі бар мониторларды пайдаланған жөн.
Ескерту: өндірістік станцияларда әдетте кіріктірілген (встроенный) мөлдіркристалды дисплей. Түстер саны мен мөлшерлер дисплейге шығатын ойдағыдай графикалық ақпараттың көлеміне байланысты. Кіріктірілген клавиатура немесе сезгіш экранды дисплей қолданған жөн. Ерекше көңілді жұмыс температурасының диапазонына, виброшыдыамдылыққа және жауап қайтару уақытына аударған жөн. Кадрлік қашау жиілігі 75Гц-тен аз болатын мониторларды, көз үшін шаршататын жарқылдау есебінен пайдалану қаланбайды.

4.1.3 Слоттар типі мен саны.


Слоттар типі мен саны PCI / ISA / PC104 енгізілген модульдердің саны мен типтеріне байланысты таңдалады, ең жақсысы - жүйені кеңейту және қайта конфигурациялау үшін 1-2 резервті слот қою. Слоттар санын арттыру үшін слоттар санын 20-ға дейін арттыра алатын арнайы кеңейту кросс-платалары пайдаланылуы мүмкін. (мысалға, 14 слотқа арналған кросс-плата ISA PCA-6114 фирма ADVANTECH).

4.1.4 Порттар саны мен типі.


Порттар саны мен типі - тізбектей / параллельді / USB порттары / Ethernet порттары периферийлік құрылғыларға (монитор, принтер), интерфейс пен басқа ЭЕМ-лармен байланыс протоколына байланыста анықталады.

4.1.5 ЖЕСҚ(ОЗУ) жадысы.


Жедел жадысы 256 Мб-тан кем емес компьютерлер таңдаған дұрыс.

4.1.6 Видеоконтроллер.


Қолданылып отырған дисплеймен үйлесуі қажет, 16 Мб және одан да көп видеожадыдан тұруы қажет.

4.1.7 Сақтағыштар.


Жрғары дәрежелі вибрация үшін немесе сенімділіктің жоғарғы талаптарына байланысты ҚМДС (НЖМД) – Флэш-жады.

4.1.8 CD-ROM компакт-дискке берілгендерді енгізу қажеттілігі туындағанда пайдаланылады. Ережеге сай, 24 жылдамдықты аз габаритті CD-ROM пайдаланылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет