Нәжісті зерттеуге алу әдістері туралы түсінік


Нәжісті жасырын қан талдауын жүргізуде пациентті және ыдысты дайындау



бет7/7
Дата08.02.2022
өлшемі20,19 Kb.
#122985
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Нәжіс анализдері

Нәжісті жасырын қан талдауын жүргізуде пациентті және ыдысты дайындау
Асқазан-ішек жолдарынан жасырын қан кетуді анықтау үшін нәжісті жасырын қанға жинау жүргізіліп зертханаға жіберіледі. Ол үшін пациентті дайындау қажет. Егер қызыл иегі қанаса, ол тістерін щеткамен жумайды, тек 3% сода ерітіндісімен шаяды. Егер емделу мұрыннан немесе геморроидалды қан кетумен ауырса, тексеру жүргізілмейді. Нәжіс жинар алдында пациентке процедура мақсатын және алынған анализге қарай пациенттің ауруына байланысты диагноз қоюға маңызы зор екені жайлы айтып түсіндіреміз. Нәжіс жинар алдында нәжіске зәр араласпауы керектігін және жыныс мүшелерінен де еш нәрсе араласпауы керектігін айтып түсіндіреміз (етеккір кезінде). Науқасты нәжістің зерттеу түріне байланысты дайындаймыз, мысалы науқастың асқазан-ішек жолдарынан қан кеткен жағдайда , науқасқа 3 күн бұрын диета сақтауын құрамында темір бар тағамдарды (ет, балық, қызанақ, жұмыртқа, барлық жасыл жемістер, бауыр, уылдырық, қарамық ботқасы) және құрамында темір бар дәрілерді қабылдауға болмайтыны туралы айтып түсіндіреміз.
Нәжісті таза дәрет ыдысын алып, дәрет ыдысына отырғаннан соң қанның барына күдіктенген жерден ағаш жаңқамен үш жерінен 10-12-г нәжісті алуын, алынған нәжісті таза бір реттік қолданысқа арналған қақпағы жақсылап жабылатын ыдысқа ½ көлеміне) салып флаконның тығынын бекітіп, жолдама жазып зертханаға жіберіледі.
Науқасқа және оның туысқандарына амбулаториялық жағдайда нәжісті жинау ережесін үйрету
Науқасқа және оның туысқандарына нәжісті жинауды, зерттеу мақсатын , асқазан-ішек жолдарынан қан кеткен жағдайда , науқас 3-күн бойы құрамында темір бар тағамдарды (ет, балық, қызанақ, жұмыртқа, барлық жасыл жемістер, бауыр, уылдырық, қарамық ботқасы) диета сақтауын, жемеу керектігі жайлы айтып түсіндіреміз. Сонымен қатар құрамында иод, бром, темір бар дәрілерді қабылдауға болмайтыны туралы түсіндіреміз.
Науқасқа нәжіс жинар алдында әжетханаға барып жыныс мүшелерін тазалап жуып, таза ыдысқа ешқандай қоспасыз таза жинау керектігін айтып түсіндіреміз.
Жиналған нәжісті контейнерге салып ереже бойынша тексеру орталығына жылы күйінде дер кезінде жеткізілуі тиіс екендігін айтып түсіндіреміз.
Сараптама барысында қауіпсідік шараларын барлық жағдайда да қадағалау қажет, өйткені емделушіден жұқпа жұқтырып алмаудың алдын-алуын айтып түсіндіреміз.
Науқастың туыстарына биологиялық материалмен тікелей қатынасқа түсер алдында
бір рет қолданылатын қолғаппен жұмыс істеу керектігін түсіндіреміз:
Зертханалық ыдысты сындырып алған жағдайда және әйнектер сынықтарымен жарақаттануды болдырмау керектігін .
Науқастан бөлінген биологиялық материалдарды зерттеуден кейін канализацияға ағызар алдында зарарсыздандыруды.
Зертханалық ыдыстарды , дәрет ыдыстарын нәжіс алғыштарды және т,б құралдарды мұхият қолдануын.
Қолға емделушінің бөлінулері тиген кезде қолды антисептикалық ерітіндіге (0,1%дезоксон ,70%спирт) малынған тампонмен екі минут бойы өңдеу керектігі,содан-соң 5минут ағынды суға шаю ережелерін үйрету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет