үшін үлкен практикалық маңызы бар. Негізгі әдіс клиникалық нейропсихологиялық зерттеу
болып табылады. Қазіргі таңда клиникалық нейропсихологияда мидың оң жақ сыңарының
зақымдалуына, сыңараралық өзара әрекет кемістіктеріне, мидың терең құрылымының
зақымдалуына байланысты синдромдарды зерттейді. Бұл бағыттың одан әрі дамуы мидың
локальды зақымдануын диагностикалаудың заманауи әдістерінің дамуымен байланысты.
Клиникалық нейропсихология
Экологиялық нейропсихология
психикалық қызметтер мен эмоционалдық-жеке тұлғалық орта жағдайына әртүрлі қолайсыз
экологиялық факторлардың әсерін нейропсихология тұрғысынан бағалайды. Бұл бағыт Чернобыль апатынан кейін дами бастады және қоршаған ортаның үнемі ластануы жағдайында бұл
зерттеулер өзекті мәселеге айнала бермек.
Даму нейропсихологиясы
Міндеті мидың даму заңдылықтарын анықтау. Н.Н. Корсакова мен оныңсеріктес авторлары ол мидың локальды зақымдануын диагностикалау