Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты)бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері



бет100/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz
Ф УЕ 103-08-2022 Білім алушылардың кәсіптік тәжірибе бойынша ЕСЕБІ каз (1), Шортанбай Қанайұлының шығармалары. «Бала зары», «Жер толғаулары». атты Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ
240-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты)бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді.
Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі.
Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтадан айлық мерзімді тағайындайды.
241-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
Осы Кодекстің 238-бабының 4-тармағында көзделген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер, сондай-ақ соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге электрондық түрде келіп түседі.
2. Осы Кодекстің 238-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішке неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік қоса берілуге тиіс.
Егер ерлі-зайыптыларда осы куәлік жоқ болса және неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасы тіркеуші органда сақталмаса, неке (ерлі-зайыптылық) туралы актінің жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.
Өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзатын адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарды;
2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін осы Кодекстің 238-бабының 4-тармағында көзделген негіздерді;
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншы тағайындау туралы қорытындысын;
4) мемлекеттік бажды төлегені туралы құжатты ұсынуға тиіс.
3. Әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысы басқа адамдардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы мәлімдеме жасауына нотариатта куәландырылған сенімхат негізінде уәкілеттік бере алады.
4. Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, егер ерлі-зайыптылардың біреуі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес оларға, оның мүдделерін білдіру үшін сенімхат беріледі.
Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


242-бап. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеген жағдайда, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарламаны алған күннен бастап қырық бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы жазбаша хабарлауға құқылы.
Белгіленген мерзімдерде жауаптың болмауы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін кедергілер болып табылмайды.
Ескерту. 242-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет