Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Агенттіктер филиалдарының және (немесе)өкілдіктерінің қызметін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) тоқтату



бет46/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

113-бап. Агенттіктер филиалдарының және (немесе)өкілдіктерінің қызметін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) тоқтату
1. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін ол аккредиттеу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына мерзімді ұзарту туралы өтініш береді.
Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы өтінішті қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы (ұзартудан бас тарту туралы) дәлелді шешімді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қабылдап, агенттіктің филиалына және (немесе) өкілдігіне шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
2. Егер олар агенттікті алғашқы аккредиттеуден кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарды сақтаған болса, осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткен соң аккредиттеу мерзімі өздігінен ұзартылады.
3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы:
1) осы Кодекстің нормалары сақталмаған;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметіне негізделіп шағымдар жасалған жағдайда, агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларға хабарлайды.
4. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір ай ішінде жойылған кезде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы оны қайтадан қолданысқа енгізеді.
5. Агенттіктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері мынадай жағдайларда:
1) балаларды асырап алу жөніндегі қызметін агенттіктің құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырмаса;
2) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;
3) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;
4) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса, өз қызметін тоқтатады.
6. Агенттік филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметін тоқтату мәселелері осы баптың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы дәлелді шешімді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қабылдайды және шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған жібереді.
7. Агенттік филиалын және (немесе) өкілдігін аккредиттеу, олардың қызмет етуін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының ресми интернет-ресурсына шешімді орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы таратады.
Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет