«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


-2- бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет146/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   295
Байланысты:
Неке

118-2-
бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыру
1. Республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану тәртібін Қазақстан 
Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы 
айқындайды. 
2. Республикалық деректер банкін қалыптастыру үшін ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді міндетті тәртіппен ұсынатын
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар 
осындай мәліметтерді пайдалануға өз құқықтарын жоғалтпайды. 
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
органдарды мұндай балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 
Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыру немесе 
орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттен босатпайды. 
3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына 
тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адам жетім балалардың, ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балалардың орналасқан жері бойынша аудандардың, облыстық 
маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарына немесе кейіннен тіркеу үшін 
Республикалық деректер банкіне өзі туралы мәлімет береді. 
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына 
тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адам мұны олардың тұратын жеріне қарамастан, 
кез келген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жүзеге 
асыруға құқылы. 
118-3-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет