«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын



Pdf көрінісі
бет229/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   295
Байланысты:
Неке

бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын 
мемлекеттік тіркеу 
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу 
келген елдің аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде 
не басқа елде қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының шетелдегі 
мекемелерінде жүргізіледі.
196-
бап. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууын мемлекеттік 
тіркеу тәртібі 
1. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының, 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, 
білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның 
өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті 
тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс.


Өтінішке бала тауып алынған кездегі уақыт, орын және мән-жайлар көрсетіле отырып, 
ішкі істер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды 
жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акт; тауып алынған баланың жасы мен 
жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және басқа да бала туралы дербес 
мәліметтер қоса тіркеледі.
2. Медициналық ұйымда баладан бас тартылған жағдайда, осы ұйымның әкімшілігі 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша анасының 
жазбаша өтінішін ресімдеу жөнінде шаралар қолданады.
3. Баланы белгісіз ана қалдырып кеткен жағдайда медициналық ұйымның әкімшілігі 
екі куәгердің қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде хаттамалар 
тастанды (ата-анасы бас тартқан) баланы тіркеу туралы медициналық ұйымның 
лауазымды адамының өтінішіне қоса беріледі.
197-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет