«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- бап. Шетелдіктердің бала асырап алуын мемлекеттік тіркеу



Pdf көрінісі
бет274/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   295
Байланысты:
Неке

251-
бап. Шетелдіктердің бала асырап алуын мемлекеттік тіркеу
1. 
Қазақстан 
Республикасының 
аумағында 
шетелдіктердің 
Қазақстан 
Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуын мемлекеттік тіркеу, 
оның ішінде бала асырап алудың күшін жою осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып, 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылауды Қазақстан 
Республикасының шетелдегі мекемелерi және Қазақстан Республикасының балалар 
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады. 


252-
бап. Бала асырап алу туралы акт жазбасының мазмұны
Бала асырап алу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер: 
1) баланы асырап алуды мемлекеттік тіркегенге дейінгі және одан кейінгі баланың 
аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі;
2) баланың туған күні, айы, жылы, туған жері және азаматтығы; 
3) ата-анасының аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, азаматтығы, акт жазбасында 
немесе баланың туу туралы куәлігінде болған кезде, ұлты; 
4) бала асырап алу туралы акт жазбасының жасалған күні және нөмірі, баланың тууын 
мемлекеттік тіркеуді жүргізген тіркеуші органның атауы;
5) бала асырап алу туралы актінің жасалған күні; 
6) бала асырап алушылардың аттары, әкелерінің аттары (егер бар болса), тектері, 
азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе, ұлты, табыс көзі 
немесе жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері;
7) бала асырап алушылардың баланың ата-анасы болып жазылғаны не жазылмағаны; 
8) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылатын құжат туралы 
мәліметтер; 
9) бала асырап алу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі. 
253-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет