74- бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы 1. Ата-аналар баланы заңның немесе сот шешiмiнің негiзiнсiз өз қолында ұстап
отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда
ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы.
Бұл талаптарды қарау кезiнде сот, егер баланы ата-аналарына беру баланың
мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-
аналардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
2. Егер сот ата-аналары да, бала қолында отырған адамның да оның тиісті түрде
тәрбиесін және дамуын қамтамасыз етуге жағдайы келмейтінін анықтаса, сот баланы
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның
қамқорлығына бередi.