«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар



Pdf көрінісі
бет147/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   295
Байланысты:
Неке

бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар 
туралы құпия ақпаратқа қол жеткізу
1. Балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың жетім 
балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпаратқа қол 
жеткізуі олар Республикалық деректер банкінде тіркелген және Республикалық деректер 
банкінің мәліметтерін жария етпеу туралы міндеттемелерді қабылдаған жағдайда жүзеге 
асырылады. 
2. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия 
ақпаратты жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың 
тұратын жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық 
маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық 
немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы және Қазақстан 
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жетім 
балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпаратты 
жасау үшін пайдалана алады. 


Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды 
ақпаратты коммерциялық мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. 
Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды 
ақпаратқа Республикалық деректер банкінде қамтылған, жынысы жөніндегі, жасы, 
денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері
аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының бар-
жоғы, сондай-ақ отбасыларға тәрбиелеуге орналастырудың ықтимал нысандары туралы 
ақпарат және балалардың фотосуреттері жатқызылады. 
118-4-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет