25-
тарау. БАЛАНЫҢ ТУУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
187-
бап. Баланың тууын тіркеу үшін негіз
1.
Баланың тууын тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін
анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
Медициналық ұйымнан тыс жерде, оның ішінде үйде босанған жағдайда, туу туралы
медициналық куәлікті анасының жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес
босанғаннан кейін ол өтініш жасаған медициналық ұйымның қызметкері немесе
босандырған және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке адам ресімдейді.
Мемлекеттік тіркеу кезінде дәлелді себеп бойынша ата-анасының жеке басын
куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, ата-анасы туралы мәліметтер неке қию
(ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікке не осы тіркеуші органдағы неке қию (ерлі-зайыпты
болу) туралы акт жазбасына сәйкес толтырылады. Ата-анасының аты, әкесінің аты (егер
бар болса), тегі, ұлты туралы азаматтық хал актілерін жазу кітаптарындағы ата-аналары
туралы жазба осы Кодекстің
Достарыңызбен бөлісу: |