«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


бап. Өзінің баланың әкесі екенін мойындаған адамның өтініші бойынша әке



Pdf көрінісі
бет240/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   295
Байланысты:
Неке

бап. Өзінің баланың әкесі екенін мойындаған адамның өтініші бойынша әке 
болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде балаға тегін, әкесінің атын 
беру 
1. Баланың тегі өзінің баланың әкесі екенін мойындаған адамның өтініші бойынша 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның 
келісімімен айқындалады.
2. Баланың әкесінің аты, оның ішінде кәмелетке толған балаға да қатысты, егер оның 
тарапынан қарсылық болмаса, әкесінің аты бойынша өзгертіледі.
210-
бап. Әке болуды анықтау, әкелікті тану фактісі және әке болу фактісі туралы 
сот шешімінің негізінде әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу
1. 
Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактісін және әкелікті тану 
фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде әке болуды анықтауды мемлекеттік 
тіркеу баланың анасының, әкесінің немесе қорғаншысының не қамқоршысының өтініші 
бойынша жүргізіледі.
2. 
Өтінішке соттың заңды күшіне енген шешімінің көшірмесі, өтініш берушінің жеке 
басын куәландыратын құжаттар және баланың туу туралы куәлігі қоса беріледі.


3. 
Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактісін және әкелікті тану 
фактісін анықтау туралы шешім шығарған сот осы шешімнің көшірмесін ол заңды күшіне 
енген күннен бастап үш күн мерзімде сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші 
органға жіберуге міндетті.
211-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет