4-
бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы
1.
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына
негізделеді, осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Кодекстегiден өзгеше қағидалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттың
қағидалары қолданылады.
5-
бап. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын неке-отбасы (ерлі-
зайыптылық-отбасы) қатынастарына қолдану
1. Осы Кодекстің
3-
бабында
аталған, Қазақстан Республикасының неке-отбасы
заңнамасымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және жеке мүліктік
емес қатынастарға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы қолданылады,
өйткені бұл неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарының мәніне қайшы
келмейді.
2. Осы Кодекстің
Достарыңызбен бөлісу: |