1. Асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталуы
мүмкін.
2. Егер бұл баланың мүдделерiне қайшы келмесе, асырап алынған балаға бала асырап
алушының өтiнiшi бойынша бала асырап алушының тегi, сондай-ақ ол көрсеткен аты
берiледi. Егер бала асырап алушы ер адам болса, асырап алынған баланың әкесiнiң аты -
асырап алушының аты бойынша, ал баланы әйел асырап алған кезде, ол асырап алынған
баланың әкесi ретiнде көрсеткен адамның аты бойынша айқындалады.
Егер бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың тектерi әртүрлi болса, бала асырап
алушы ерлi-зайыптылардың келiсiмi бойынша, асырап алынған балаға олардың бiреуiнiң
тегi берiледi.
3. Баланы некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адам асырап алған кезде, оның
өтiнiшi бойынша бала асырап алуды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу кезінде бала
асырап алушының көрсетуi бойынша тууды жазу кiтабына асырап алынған баланың
әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi жазылады. Бала асырап алушының тілегі
бойынша әкесі (анасы) туралы мәліметтер көрсетілмеуі мүмкін.
4. Бала асырап алу құпиясын талап ететін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған
асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты және тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi
мүмкiн.
5. Асырап алынған баланың атының, әкесiнiң аты мен тегiнің өзгеруі туралы оны
асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
98-
Достарыңызбен бөлісу: