30- тарау. АТЫН, ӘКЕСІНІҢ АТЫН,ТЕГІН АУЫСТЫРУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ 257- бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу үшін негіз Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді он алты жасқа толған
және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке
өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер:
1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;
2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;
3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейiнгі
тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;
4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге
дейiнгi тегiн алғысы келуі;
5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы
келуі;
6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда,
балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
8)
өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты
әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;
9)
құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса,
некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
11)
ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте
болғысы келуі;
12)
өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және
әкесінің атын алғысы келуі;
13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін
атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.