неке жасы – адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;
балалық шақ – кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;
мүліктік шарттық режимі – ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгі ленген меншігінің режимі;
суррогат ана шарты – балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;
патронат – уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;
алименттер– алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;
отбасылық жағдай – некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;
материалдық жағдай – жалақының, зейнетақының, басқа да табыстарың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;
азаматтық хал актірлері – адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына жәке тоқталылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар;
жақын туыстары – ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-ансы бқлек ағылы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
қорғаншы (қамқоршы) – қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
қорғаншылық (қамқоршылық) – кәмелетке толмағандардың және сот әркетке қабілетсіз (әрекет қабиілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;