Үнемі айтып отыратын. Уолт Дисней отбасының бесінші кенже ұлы еді



Pdf көрінісі
Дата12.09.2024
өлшемі55,45 Kb.
#204219
Байланысты:
Берикбосын Балнур Акт



Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Дисней Уолтер
Дисней Уолтер
ОРЫНДАҒАН: ӨМІРБЕК З.Х
ОРЫНДАҒАН: ӨМІРБЕК З.Х
МАМАНДЫҒЫ: ПИМНО 1-КУРС
МАМАНДЫҒЫ: ПИМНО 1-КУРС


Аты-жөні: 
Уолтер Элайас Дисней 
Туған күні: 
5 желтоқсан 1901
Туған жері: 
Чикаго, АҚШ
Қайтыс болған күні: 15
желтоқсан
1966 
(65 жас)
Қайтыс болған жері: 
Лос-Анджелес,
АҚШ
Мамандығы: 
суретші-мультипликатор 
(аниматор), режис-сёр, сценарийші, 
продюсер, актер
Кǝсіпкерлік қызметінің бағыты:
отбасылық кино
Жалпы мағлұмат
Жалпы мағлұмат


Биографиясы
Биографиясы
Уолт Дисней өзінің балалық шағының өте сǝтсіз өткендігін
үнемі айтып отыратын. Уолт Дисней отбасының бесінші кенже
ұлы еді. Əкесі Элайс Дисней ұсақ құрылыс бизнесімен
айналысқан адам болатын. Ол өте қатал адам болған, қит етсе
балаларын дүренің астына алатын. Отбасы өте кедей тұрды,
с ондықта н б а ла ла р ды ойынш ық пе н а лда ндыр ма ды,
кішкентайларынан еңбек етуді талап етті. Уолт пошташы болып
жұмыс істеді, еңбек ақысын шашау шығармай қатал ǝкесінің
қолына ǝкеліп салатын. Бірде ǝкесі сүзек ауруымен ауырғанда,
анасы оның ерніне апельсиннің бөлшектерін салды, соны көріп
сілекейлерін жұтқан Диснейдің балалары апельсиннің дǝмін
көру үшін сүзекпен ауырып қалсақ екен деп армандады.


Ди с н е й д і ң о т б ас ы фе рм ад а т ұ рд ы,
с о н д ы қ т а н д а У о л т қ о р а д а ғ ы
жануарлармен достасып ойнағанды жақсы
көретін. Ол жай ойнап қойған жоқ малдың
ǝрқайсысын мұқият зерттеп, олардың
қим ыл -қыл ықт арын е сінде сақт ауғ а
тырысты. Сөйтіп оның салған суреттерінің
негізгі кейіпкерлері фермадаға жануарлар
болатын. Осы ерекше жаратылған бала өз
үйінің қабырғасына керемет ǝдемі үй
салатын. Бірде ол бір жапырақ қағазға
к ө рш і с і н і ң б и е с і н і ң с у ре т і н с ал д ы.
Суреттегі биенің шын биеден айнымай
қалғанына сондай риза болған көрші жас
суретшіге төледі. Алғашқы табысына
м а с а т т а н ғ а н б а л а қ а й с у р е т т е р і н
көршілеріне сата бастады.


Оның ǝкесі белін жазбай жұмыс
істейтін еңбекқор болғандықтан,
суретшілердің бǝрін жұмыс істей
б і л м е й т і н к е рж а л қа ул а р д е п
есептеді. Сондықтан да, былайша
айтқанда ұлының суретші болам
деген ынтасын онша қолдамады.
Əкесі оны жиі жазалады, сондықтан
да бала кезінде ол бұл менің өгей
ǝкем шығар деп іштей тұжырымға
келген. Уақыт өте келе олардың
о т басы К ан зас-С и т и г е қо н ыс
аударды.


Балалық шақ аяқталған кезде Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды
да, жас жігіт Уолт майданға аттанды. Алайда ол үшін соғыс деген
«мультойын» сияқты болып көрінеді. Уолт Қызыл Крестің «Жедел
жǝрдем» машинасына жүргізуші болып қызмет етті. Оның
суретшілік таланты бұл жерде де пайдаға асты: ол соғысқа
мүлдем қатыспаған солдаттардың су жаңа мундиріне ǝскери
ордендерді, ал жап-жаңа каскаларды суретшінің қарапайым
техникасын пайдалану арқылы оқ шұрық тескен жаудан түскен
олжа ретінде көрсетті. Бұның бǝрі оған айтарлықтай пайда түсірді.
Уолттың машинасы жау оғынан қорғанатын жасыл далданың
орнына ǝр түрлі көңілді суреттермен ǝшекейленді.


Дисней 1920 жылы кинореклама
студиясына суретші болып жұмысқа
тұ рад ы , он д а ол өзін ің ал ғашқы
ж арн ам ал ы қ ф ил ьм д ерін ж асай
бастайд ы — со л к езд е о л сурет
с а л ғ а н а н и м а ц и я ǝ л е м і н д е ө з
эксперименттерін жалғастырғысы
келді. Уақыт өте келе Дисней Канзас-
Ситиде өзінің бірінші "Laugh-O-Gram"
анимация студиясын ашты, онда оның
с е р і к т е с і ж ǝ н е ж е т е к ш і
мультипликаторы Аб Айверкс болды.
Алайда көп ұзамай фирма банкротқа
ұшырады.
Карьерасы:


1 9 2 2 - 1 9 3 7 ж ы л д а р ы о л т е к
шығармашыл қызметкер ретінде өнер
к ө р с е т т і , а л с о ғ ы с т а н к е й і н
киноөндіріспен айналысты. 1923
жылы Дисней Лос-Анджелеске көшті,
онда ағасы Роеммен бірге Голливудта
«The Walt Disney Company » атты
шағын анимациялық студия ашады.
Д и с н е й 1 9 2 4 ж ы л д ы ң б і р і н ш і
наурызында «Теңіздегі Алиса күні»
атты өзінің бірінші трюковый фильмін
ұсынды. Дǝл сол кездері Дисней
фильмдерінің стилі қалыптасты.


1927 жылы "Қоян Освальд" фильмі үлкен танымалдыққа ие болды, ал
оның кейіпкерлері Дисней фильмдерінің галереясының атақты
кейіпкерлерінің қатарын толтырды. Аб Айверкс салған Микки Маус
тінтуірі алдымен Мортимер деп аталды, бірақ көп ұзамай ол бүкіл ǝлемге
жақсы танымал «Микки Маус» атын алды. Микки Маус бірінші ре
т "Безумный аэроплан" (1928) фильмінде пайда болды, кейін сол жылы
Диснейдің бірінші дыбыстық фильмі — "Пароходик Виллидің" (тарихтағы
алғашқы синхронды дыбысы бар суреттелген фильм) кейіпкері болды.
Алғашында Миккиді Дисней өзі дыбыстаған болатын. Бұл кейіпкер
Диснейдің табысқа жол ашуына көп септігін тигізді. Сонымен қатар,
Микки Маус «Walt Disney» компаниясының логотипі болып табылады.


Дисней 14 жасында газеттерді сатып
жұмыс істеп жүрген кезінде Ақшақар
т у р а л ы қ ы с қ а м е т р а ж д ы м ы л қ а у
мультфильм көрген болатын жǝне ол сол
мультфильмді жадында сақтап қалған
болатын. 1934 жылдың күзінде Дисней
ағайынды Гримм ертегісінің желісімен
сценарийдің алғашқы нобайын жасады.
Бұ л сцен арийд ің со ң ғы н ұ сқасы н д а
Диснеймен бірге бірнеше адам жұмыс
істеді, соның ішінде Отто Ингландер, Эрл
Хард жǝне Тэда Сирс бар. 1937 жылдың 21
желтоқсанында Америка экрандарында
алғашқы рет ағайынды Гримм ертегісі
бойынша Диснейдің «Ақшақар жǝне жеті
е р г е ж е й л і » а т т ы т о л ы қ м е т р а ж д ы
анимациялық фильм көрсетілді. Бұл толық
метражды мультфильм Диснейге үлкен
жетістік ǝкелді. Яғни, ол ең алдымен үлкен
танымалдылыққа жǝне 8 млн доллар табыс
көзіне ие болды.


Уолт
Дисней
отбасымен
1925 жылдың шілдесінде өз студиясының хатшысы Лилиан
Боундсқа (1899-1997) үйленді. 1933 жылы олардың қызы
Дайан Мэри дүниеге келді. Екінші баланы тууға мүмкіндігі жоқ
ерлі - зайыптылар 1937 жылы балалар үйінен кішкентай қызды
асырап алып, оған Шэрон Мэй Дисней (1936-1993) атын берді. 
Дайананың айтуынша, Уолт Дисней үлгілі отбасы басшысы
болды, жұмыстан бос уақытын отбасына арнады, қыздарымен
жиі серуендеді.


1948 жылы Уолт Дисней өзінің атақты
түрлі — түсті білім беру фильмдерін
түсіре бастады. Негізінен табиғат туралы
— атап айтқанда, «Тірі шөл" (1953) жǝне
«Жойылып бара жатқан прерия" (1954)
ф и л ь м д е р і ж а р ы қ к ө р д і . Б ұ л
фильмдердің режиссері Джеймс Элгар
болды. 
Сол кезде жас көрерменге арналған
Роберт Льюис Стивенсонның "Қазына
арал ы" (1950) (режиссері Байрон
Х аск и н ) ж ǝн е " Р о б и н Гу д " (1 9 5 2)
(режиссері Кен Аннакин) фильмдерін,
сондай — тірі актерлер мен анимация
біріктірілген "Мэри Поппинс" (1964)
мюзиклін түсіре бастады. Бұл фильм бе
с "Оскармен" марапатталды. Барлық
осы фильмдерде Дисней продюсер
ретінде ат салысты, түсірілім барысын
бақы л ап , ф ил ьм д ерд ің к өрк ем д ік
жағына үлкен үлесін тигізді.
Продюсерлік жолы:


Диснейленд
– Анахайм қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ)
«Уолт Дисней» компания бөлімшесі - 
Walt Disney Parks and
Resorts
тың басқаруындағы ойын-сауық паркы. 1955 жылдың 17
шілдесінде ашылған Уолт Диснейдің ересектер мен балаларға да
қызық болатын мультфильмдер мен ертегілер ǝлемі бар паркы
туралы ойларының іске асырылған бірінші тақырыптық паркы болып
табылады.


Диснейленд туралы ой Уолт Дисней
қыздарымен 1930-1940 жылдары ǝртүрлі
ойын-сауық парктерін кезіп жүргенде
п а й д а б о л д ы . Б а с т а п қ ы д а о л
аттракциондарды Бербанктегі студиясын
ың қасында өзі шығарған мультфильм
кейіпкерлерінің ǝсіре жанкүйерлерінің
к ө ң і л - к ү й л е р і н к ө т е р у ү ш і н
орналастыруды ойлады, бірақ кейін
ойластырылған орынның тым кішкентай
екенін аңғарды. Кеңесшіні жалдап Уолт
Дисней 1953 жылы Анахай қаласының
қасындағы 160 акр (65 га) жерді сатып
алды. Келесі жылдан бастап құрылыс
жұмыстарын бастап, 1955 жылдың 17
шілдесінде парк келішулерге ресми түрде
ашық болып жарияланды.


1966 жылы 15 желтоқсанда Дисней Лос-Анджелесте өкпе
обырынан қайтыс болды. Осыдан кейін оның атын иеленген
компания өз фильмдерінде темекі көрсетуден бас тарту туралы
стратегиялық шешім қабылдады. Ол қайтыс болғаннан кейін
киностудия барлық жастағы балаларға арналған анимациялық
жǝне ойын фильмдерін түсіруді жалғастырды. 1968 жылы Дисней
қайтыс болғаннан кейін оны АҚШтың жоғары наградасы —
Конгрестің Алтын медалімен марапаттады.


Қызықты мǝліметтер:

Уолт Диснейдің фильмографиясында 93 толық жǝне қысқа метражды
фильмдер мен мультфильмдер бар.

Уолт Дисней “Оскар” сыйлығының жиырма алты марапатын, “Золотой
Глобус” сыйлығының бес марапатын жǝне тағы да басқа отыз үш түрлі
марапатқа ие болған.

Уолт Дисней тышқандардан қорыққан. 

Өкпе обырының салдарынан клиникада сөйлеуге мүмкіндігі болмай
ауыр халде жатқан Дисней Уолттың қағаз бетіне соңғы жазған сөзі “Курт
Рассел” болды. Алайда бұл сөздің мағынасын күні бүгінге дейін ешкім
білмейді, тіпті актер Курт Рассельдің өзі де бейхабар.

Диснейлэндте жыл сайын 6000 ұялы телефон, 12000 сандық камера
жǝне 18000 қалпақ жоғалады.


Все наши мечты могут
стать реальностью, если у
нас хватит смелости
следовать им до конца
© Дисней Уолтер
Все наши мечты могут
стать реальностью, если у
нас хватит смелости
следовать им до конца
© Дисней Уолтер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет