Нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама


Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс



бет2/2
Дата04.03.2023
өлшемі17,36 Kb.
#171073
1   2
Байланысты:
Айым балалар психология4
Сисенова Нұржайна, дидактика 2, pdf 20230127 021114 0000
Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс.
Өмірінің алғашқы жылындағы балалардың бойын айына бір рет, 1 жастан 3 жасқа дейінгілерін 3 айда бір рет балалардың туған күндерінде өлшеу керек.
Бас пен кеуде шеңбері. Бұл өлшеулер организимнің үйлесімді дамуы туралы түсінік береді. Бас шеңберін өлшеу кезінде сантиметрлік лентамен басты төбе сүйектен қас үстінің иніні арқылы тығыз орап алады, кеуде клеткасын өлшеу кезінде лентаны алдынан емшек тұсынан, артынан жауырын сүйектің төменгі жағынан өткізеді. Жаңа туған баланың бас шеңбері кеуде шеңберінен шамамен 2 см үлкен. 3-4 айлық дені сау балалардың бас шеңберімен кеуде шеңбері бірдей болады.
Бұлшық ет жүйесі. Жаңа туған баланың бұлшық еті біршама әлсіз жетілген, оның салмағы ұлғайған сайын бұлшық ет талшықтары да толысып жетіле түседі.
Емшек жасында бүлдіргіш бұлшық ет тонусы, жазылдырғыш бұлщық еттер тонусынан басым болады . бұлшық еттің төменгі тонусы рахит кезінде кездеседі.
Бұлшық еттің дұрыс дамуы үшін бала қозғалымын жетілдіретін бұлшық еттірдің үлкен маңызы бар. Белсенді қимыл тыныстың тереңдеуіне, қан айналымынын жақсаруына және т. б. Мүмкіндік жасайды.
Бас. Емшектегі баланың басы салыстырмалы тұрғыда едәуір үлкен ол дөңгелек формада болады. Бас сүйектің бет жақ бөлігі кішкене келеді.
Төбе мен маңдай сүйегінің түйіскен жерінде ромба түріндегі сүйексіз аралық болады, ол улкен еңбек деп аталад; төбе сүйегінің желкемен қосылған жерінде үшбұрыш түріндегі кішкене еңбекті сипайп білуге болады. Бұл жерлерге біртіндеп сүйек біте бастайды. Кіші еңбек жабылып қалады немесе былайша айтқанда , 3 айға қарай бітеледі, үлкен еңбек 12-15 айға қарай бітілеп қалады. Егер кальцийдің құрамы көп болса, баланың еңбегі ерте жабылып ақыл-ойының дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан, тамақтың құрамын озгертіп отыру керек.
Кеуде клеткасы. Өмірінің алғашқы жылындағы балаларда кеуде клеткасы конус тәрізді немесе цилиндр формалары болады. Қабырға көлденең орналысып кеуденің демалатын тұсында көтеріліп тұрғандай болады өйткені ол омыртқадан тік бұрыш түрінде кетеді.Қабырғалардың осындай кеуде клеткасының қозғалмалығын (экусурсиясын) шектейді, бұл дем алған кезде ұлғаюына кедергі келтіреді.
Жамбас сүйгі. Жаңа туған баланың жамбасы кішкентайлығымен ерешеленіп, формасы жағынан балалар мен қыздарда бірдей болады. Омыртқа мен кеуде клеткасының дұрыс жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасаудың жамбас сүйегін қалаптастыру үшін де маңызды болады.
0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бола әлі де болса әлеуметтік пнеде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:
1) Ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу,қанайналым);
2) Тамақтану (сору, жұту);
3) Қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);
4) Бағдарланушы (басын кушті тітіркендіргіш бұру);
5) Қозғалыстық (қамту, жүзу, адамдау, еңбектеу).
Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Сезім мүшелері.Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім мүшелері арқылы қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке жүйесіне беріледі.шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас миы қыртысының толысуынан басқа, есту,көру, иіс сезу,дәм сезу, мен түйсіну балалада жеткілікті түрде даму қажет екені түсінікті.
Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзің түсініп, тілдік қарым-қатынас жасауының мәні. Нәрестенің сөйлеу қабілетінің дамуы. Нәрестелік кезеңде сойлеу қабілетінің дамуы да басталады.
Алғашқы жартьы жылдықта сөзді есту қалыптасады, ал баланың өзі қуанышты сәттерде дыбыстар шығарады, оны «уілдеу» деп атайды. Екінші жарты жылдықта көбінесе баланың әрекетімен байланысты қайталанушы дыбыстар пайда болады. Әдетте мағыналы ыммен былдырлай бастайды, бірінші жылының соңында бала үлкендер айтатын 10-20 сөзді түсінеді және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін айта бастайды.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарам-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен карқынды қимылдар жасай бастайды, да ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекеттерге шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.
Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғашқы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемелары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір создерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауды бастайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет