Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытын анықтау. Қауіп тобындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы.
Жауап:Балалардың денсаулық топтары.
I денсаулық тобы. Дені сау балалар,яғни физикалық және психикалық дамуы
қалыпты,анатомиялық дефектсіз, функциональды және морфофункциональды
ауытқусыз.
II денсаулық тобы. Созылмалы ауруы жоқ ,алайда функциональды және
морфофункциональды бұзылыстары бар балалар жатады.Сонымен қатар бұл
топқа реконвалесценттер,әсіресе орташа және ауыр дәрежедегі жұқпалы
аурулары бар ,эндокринологиялық патологиясы жоқ,жалпы физикалық дамуы
артта қалған,салмағы аз және артық салмағы бар, тыныс жолдарының жедел
ауруларымен ауырған,жарақаттан және операциядан кейінгі қалдықтары бар
бірақ функциясы қалыпты балалар жатады.
III денсаулық тобы. Клиникалық ремиссия сатысындағы созылмалы ауруы бар
,функциональды мүмкіншіліктері сақталған немесе компенсация сатысында
,бірақ негізгі ауруының асқынуы жоқ балалар.Жарақат және операциядан
кейін функциясы компенсация сатысында болған физикалық кемшілігі бар
балалар кіреді.Компенмация дәрежесі баланың оқуына және жұмыс
жасауына кедергі келтірмеуі керек.
IV денсаулық тобы. Активты кезеңдегі және жиі асқыну боп тұратын
тұрақсыз клиникалық ремиссиясы бар,сақталған немесе
компенсирленген функциональды мүмкіншілігі бар созылмалы ауруы
бар балалар;функциональды мүмкіншілігі шектелген ремиссия
сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар тобы кіреді.Жарақат және
операциядан кейінгі баланың оқуы мен жұмыс істеу қабілетін
шектейтін ,қажетті функциясы толық емес компенсирленген
физикалық кемшіліктері бар балалар жатады.
Vденсаулық тобы. Клиникалық ремиссия сирек болатын,асқынуы өте
жиі,үнемі рецидив беретін,функциональды мүмкіншілігі
декомпенсация сатысында ,негізгі ауруының асқынуымен
көрінетін,жарақат және операция нәтижесінде болатын оқу мен
жұмыс істеуіне қатты кедергі келтіретін созылмалы ауруы бар балалар
тобы.
Ерте жастағы балалардың қауіп топтары:
1 топ ОЖЖ патологиясы даму қауіпі бар балалар
2 топ құрсақішілік инфекция даму қауіпі бар балалар
3 топ трофикалық бұзылыстар және эндокринопатиялар даму қауіпі бар балалар
4 топ мүшелер мен жүйелердің туа біткен даму ақауы бар балалар
5 топ әлеметтік қауіп
ОЖЖ патологиясы даму қауіпі бар балалар.
Анасының жасы 30-дан асқан болса
Анасының жаман әдеттері
Экстрагенитальды патология
(гипертониялық ауру, қант диабеті т.б)
Жүктілік және босану патологиясы
(гестоз, жүктіліктің үзілу қауіпі,
көпсулылық, жылдам және жедел
босанулар және т.б)
Инфекциялар (қызамық, герпес,
токсоплазмоз, ЦМВ)
Қауіптің мүмкін болатын клиникасы
ОЖЖ перинатальды зақымдалуының белгілері
Вирусты-бактериальды инфекциялардың ауыр
ағымы (токсикоз, фебрильді тырысулар)
Бейімделу кезеңінің ауыр өтуі (созылыңқы
сарғаю, дене салмағының қосылмауы)
Құрсақішілік инфекцияның клиникалық белгілері
Құрсақішілік инфекция даму қауіпі бар балалар. Қауіп факторлары
Экстрагенитальды патология (пиелонефрит,
пневмония, АІЖ патологиясы т.б)
Қабынулық гинекологиялық аурулар;
Босану патологиясы (ұзақ уақыт сусыз кезең,
плацента патологиясы);
Жүктілік кезінде ауырған бактериальды
инфекциялар аурулары
Қауіптің мүмкін болатын клиникасы
Құрсақішілік инфекцияның
клиникалық белгілері(туа пайда болған
токсоплазмоз, қызамық, ЦМВ, сифилис,
герпетикалық инфекция)
Іріңді-қабынулық аурулар жергілікті
және генерализденген формалары
Кіндік қалдығының кеш түсуі 6 күннен
кейін, кіндік жарасының
эпителизациясының кешеуілдеуі
3 топ трофикалық бұзылыстар және эндокринопатиялар даму қауіпі бар балалар
• Туғандағы дене салмағының жоғары болуы,
гипотрофия
• Анасының кәсіби зияндылықтары
• Анасында қант диабеті, гипотиреоз,
гипертония, семіздік.
• Анасында экстрагенитальды патологиялар
болса
• Жүктілік патологиясы
Соя
Қауіптің мүмкін болатын клиникасы
Анемияның, рахиттің, гипотрофияның ерте
дамуы
Вирусты-бактериальды инфекциялармен
аурушаңдықтың жоғарылауы
Бейімделу кезеңінің ауыр өтуі
Жүрек айну, іштқату
Эндокринді бұзылыстар гипотиреоз,
диабетикалық эмбриофетопатия
4 топ мүшелер мен жүйелердің туа біткен даму ақауы бар балалар
Жүктілік патологиясы
Ата-анасының жасы 30-40
Жаман әдеттер
Дәрілік заттарды жүктілітің алғашқы
жартысында қабылдау
Жүктіліктің алғашқы триместріндағы ЖРВИ
Басынан өткерген құрсақішілк инфекция
Кәсіби зияндылық
Мүмкін болатын қауіп
клиникасы:
-бейімделу кезеңінің ауыр
өтуі,созылыңқы сарғаю, дене
салмағын қоспау
-Тұқым қуалайтын патологияның
клиникалық көріністері,
муковисцидоз
-Алкогольді эмбриофетопатия
Әлеуметтік қауіп тобындағы балалар
Нашар әлеуметтік және тұрмыстық жағдай.
Толық емесижәне көпбалалы отбасылар
Студенттік отбасылар
Психологиялық климаты нашар отбасылар
Ерте жастағы балалардың қауіп топтары
ОЖЖ патологиясының даму қауіпі бар балалар
Анемия және анемия реконвалесценттері
Конституция аномалиясы бар балалар1,2
дәрежелі рахитпен ауыратын балалар
Дене салмағы жоғары балаларіріңді-қабынулық
аурулар, құрсақішілік инфекциялар
Жиі және ұзақ ауыратын балалар
Мүмкін болатын қауіп белгілері
Ерте жасанды тамақтандыру
Гипотрофия, рахит, анемияның ерте дамуы
ЖРВИ ауыру жиі және ауыр ағымы
Нәрестелік кезеңдегі іріңді-қабынулық аурулар
Алкогольді энцефалопатия
Қауіп тобындағы балаларды бақылау принциптері
• Қауіп факторларының негізгілерін бөлу. Бақылау
міндеттерін анықтау
• Дәрігер педиатр және басқа маман дәрігерлерінің
профилактикалық қараулары
• Лабораторлы-диагностикалық, инструментальды
зертттеу.
• Профилактикалық қарауларды өткізу
ерекшеліктері, профилактикалық және емдіксауықтыру шаралыры
• Бақылау тиімділігіні критерилері.бақылау
жоспары 112-у формасы.
:
Достарыңызбен бөлісу: |