Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет71/72
Дата08.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#190087
түріҚұрамы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)

Науқастың жүрек бұлшық етінің жедел зақымдануы (некроз - өліеттену немесе инфаркт) дамыған. Миокард инфаркты кезінде қанның құрамында қандай ферменттер мен белоктар артады?

Миокард инфарктісі кезінде қанның құрамында α2-глобулин белогының және индикаторлық ферменттерге жататын- КФК ,яғни креатинфосфокиназаның мөлшері артады.Сонымен қатар,миокард инфарктін анықтап,диагноз қою үшін индикаторлық белоктар да маңызды рөл атқарады.Индикаторлық белоктарға:



  • Тропонин С- миокард инфарктісі болған 100 % науқастардың қанында болады.Бұл белок кардиоарнайылық маркер және инфаркт болғаннан кейін 2,5 сағат ішінде пайда болады.Алғашқы ұстама пайда болғаннан бастап 12 күнге дейін белоктың мөлшері артады.

  • Миоглобин- миокард инфарктісі басталғаннан 4 сағаттан кейін пайда болады,22 сағат өткен соң концентрациясы қалпына келеді.Миоглобиннің мөлшері көп болуы аурудың жағдайының қиындығын көрсетеді.


  1. Науқастың терісі және склерасы сарғайған, зәрінің түсі қоңыр, нәжісі түссіз. Диогнозды анықтау үшін қандай биохимиялық анализ жасау керек?

Бұл бауырдың патологиясын білдіретін алғашкы симптомдар. Диагнозды растау үшін біріншіден , канға биохимиялық талдау жасалады. Сол кезде канның кұрамында жалпы , тікелей және тікелей емес билирубин мөлшері артатынын, АЛТ мен АСТ ферменттері саны көп болатынын , сондай-ақ эритроциттердің, лейкоциттер мен тромбоциттердің шөгу жылдамдығы төмендеуін аныктауға болады. Осыдан бауырлық немесе паренхиматозды сарғыштану екендігін анықтауға болады.


Зерттеу үшін жалпы зәр анализі алынады, осы кезде оның кұрамындағы уробилиногеннің артуын жане тікелей билирубин артуын анықтауға болады.

  1. Аурудың қанында глюкоза мөлшері 11 ммоль/л , тәулігіне тығыздығы жоғары 5 литр зәр бөлінеді .Зәрде кетон денелері және глюкоза бар.Бұл кездегі гипергликемия мен полиурия пайда болуының механизмін түсіндіріңіз. Сіздің диагнозыңыз.

Болжам диагноз-қант диабеті. Себебі, полиурия мен гипергликемия байқалып тұр. Полиурия- тәулігіне бөлінген зәрдің көлемінің жоғарылауы,қалыпты жағдайда 2л-ге тең. Бұл жағдайда,патологиялық полиурия дамып тұр. Полиурия диурездің қалыптан тыс жоғарылауынан пайда болады.


Ал,гиперликемия-қанда глюкозаның мөлшері көп болуы,көбінесе қант диабеті кезінде қанда глюкоза мөлшері жоғарылайды. Глюкозаның қандағы қалыпты мөлшері- 3,4-6,0 ммоль/л. Бұл жағдайда патологиялық гипергликемия байқалып тұр және бұл көмірсулар алмасуының бұзылуына алып келеді. Гипергликемия глюкозаның қалыптан тыс жоғарылауынан пайда болады.Ал, қанда мұндай глюкозаның мөлшері бүйрек межесінен(8,8 ммоль/л) асып, бүйрекке тәуелсіз глюкозурия пайда болады.



  1. Клиникалық жағдайға анализ жасаңыз. 23 жастағы ер адамға гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі ісікті алып тастауға операция жасаған кезде гипофиздің артқы бөлігін зақымдады. Операциядан кейін гипофиздің артқы бөлігінің қызметі қалыпты жағдайға келді, бірақ полиурия байқалды. Науқаста полиурия пайда болғанын қалай түсіндіресіз?

Вазопрессин немесе антидиуретикалық гормоны (AДГ) гипофиздің артқы бөлігінде жиналады (нейрогипофизде) және сол жерден қанға бөлінеді. Оның негізгі функцияларының бірі - ағзадағы сұйықтықты ұстап тұру. Вазопрессин реабсорбцияны жоғарылата, яғни зәрдің концентрациясын арттырып, бірақ оның көлемін азайту арқылы ағзадағы судың көлемін реттейді. Ал гипофиздің артқы бөлігін зақымданғанынан, вазопрессиннің секрециясы тежеледі, ал ол өз кезегінде судың реабсорциясының бұзылуына әкеледі де, зәрдегі су мен жалпы зәрдің мөлшері артады, яғни полиурия байқалады.


39.Тұқым қуалайтын гем синтезі ферментінің жетіспеушілігі кезінде аурудың күнге сезімталдығы жоғарлайды және зәрінің түсі қызыл түсті болды. Гем синтезінің қандай аралық өнімінің жиналуы мұндай симптомды туғызады? Гем синтезінің генетикалық жетіспеушілігімен байқалатын бұл ауру қалай аталады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет