Нәстілек Сәменбетов Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім (тарихи-шежірелік жинақ) Алматы – 2017 ж «Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім»



бет17/49
Дата26.01.2018
өлшемі13,67 Mb.
#34037
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49

17.Тілеукен Қасымбаева: Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында шілде айында 1937 жылы туған.

Әкесі Собыханов Қасымбай Ұлы Отан соғысында қаза тапқан.

Шешесі Собыханова Қайшатай Рәш қызы Шұбартауда еңбек еткен, зейнеткер, 1977 жылы Алматыда ұлы Қасымбаев Жанұзақ пен қызы Қасымбаева Тілеукеннің қолында қайтыс болған.

Тілеужан (Тілеукен) орта мектепті Баршатаста оқып бітірген. Еңбек жолын Абай атындағы пединиститутының биология факультетін бітірген, осы оқу орнында, Республикалық физика –математика мектебінде ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаз.

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, белгілі әдіскер, бар сапалы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ұстаз.

Жолдасы Аханбаев Кәрім химия ғылымдарының докторы, профессор екеуі 3 бала, немерелер тәрбиелеген ата-әже.

Тілеукен ұстаздық пен қатар шығармашылықпен айналысып, 10-11 сыныптарға арналған алғашқы төл оқулық «Тіршіліктану», «Жаратылыстану» математика бағытындағы 10 сыныпқа арналған «Жалпы биология» оқулығы мен әдістемелік жарық көрген, республика көлеміне тараған.

Жарты ғасырға жуық атқарған қажырлы еңбегінің нәтижесінде «Қазақ ССР» халық ағарту ісінің озық қызметкері «Аға мұғалімі», «Әдіскер мұғалімі» деген құрметті атақтардың иесі, «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Қасымбаева Тілеужан (Тілеукен) 2008 жылы Алматыда қайтыс болған. Ұрпақтары Алматы қаласында тұрады.

18.Уәсіл Сатаев: 1926 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында туған. Орта мектепті Баршатаста бітірген. Еңбек жолын туған ауылында Қарабұлақтағы «Қызыл отауда» бастаған. 1950-1959 ж.ж. аралығында Семейдің мал дәрігерлік-зоотехникалық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Ғалым – зоотехник.

1959 жылы Шұбартау ауданы «Алғабас» қолхозының төрағасы, ал 1961 жылдан 1965 жылға дейін осы шаруашылық негізінде құрылған «Алғабас» колхозының төрағасы, ал 1961 жылдан 1965 жылға дейін осы шаруашылық негізінде құрылған «Алғабас» егін совхозының алғашқы директоры: 1970 жылдардың басында Ақсуат ауданы Комсомол совхозының директоры қызметтерін атқарған басшы, білгір маман.

Уәсіл Тоқажанұлы Сатаев – еңбегі жоғары бағаланып, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Оған «Қазақ ССР –нің Ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері» құрметті атағы берілген.

Семей қаласында қайтыс болған. Ұрпақтары Семейде тұрады.



19.Бекен Әмірбеков: Әмірбеков Бекмұхамет (Бекен) – (1920-1996 ж.ж.) Аягөз ауданы, Таңсық ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Талғар қаласындағы ауыл шаруашылық техникумын агроном мамандығы бойынша бітірген соң, әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысының (1941-1945 ж.ж.) басында Карелия, одан кейін 2–Беларусь майдандарында минометшілер взводының командирі болады. 1945 жылы ауыр жараланып, елге оралады. Соғыстан кейін Аягөз, Үржар, Шар, Көкпекті аудандарының шаруашылықтарында агроном болып қызмет атқарған. Аягөз ауданының «Мыңбұлақ», Шұбартау ауданының «Алғабас» совхоздарының директоры болды. Алғабас совхозындағы қазіргі Малкелді ауылындағы типтік жобадағы мектеп, аурухана, интернат үйлері осы кісі шаруашылық басшысы болып тұрған кездері салынған. 1973 жылы Аягөз қаласындағы №348 жол құрылысы басқармасының, 1980 жылдан ауданаралық «Селхозхимия» базасын басқарды. 2 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

20.Махметқали Мұхамедияров: 1933 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында дүниеге келген. Бастауыш мектепті Қосағашта оқып, орта мектепті сол кездегі Шұбартау ауданының орталығы Баршатаста бітірген соң Семей қаласындағы зоотехникалық малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, жоғары білімді мал дәрігерлік мамандығын алған. Өмір бойы өзі туған ауданындағы «Горный», «Алғабас» және «Сарықамыс» совхоздарында бас мал дәрігері Баршатастағы мал дәрігерлік стансада дәрігер болып еңбек еткен.

1972-1977 ж.ж. аралығында «Алғабас» совхозының директоры қызметін атқарып, сол кездегі аты Одаққа жайылған «Қой өсіруші комсомол жастар» бригадаларын құруда, оны өркендетуге үлкен үлес қосқан басшы.

Еңбегі жоғары бағаланып «Құрмет белгісі» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.

2007 жылы Бидайық ауылында қайтыс болған. Ұрпақтары бар.



21. Төкен Ақтаев: 1904 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған.

Өмір бойы Семей облысы, Шұбартау ауданының «Алғабас» ұжымшары мен кеңшарында жылқышы болып еңбек еткен, еңбек ардагері.

Еңбегі бағаланып, социалистік мал шаруашылығын өркендету саласында сіңірген еңбегі үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1957 жылы 28 июньдегі Указы бойынша Ақтай Төкенге «Қазақ ССР Социалистік мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері», құрметті атағы берілген.

1961 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Громатасымен марапатталған.

1954 жылы Бүкіл Одақтың ауыл шаруашылық көрмесінің қатысушысы болып, осы көрменің медалімен марапатталған.

Төкен ақсақал бәйбішесі Ажар екеуі бес бала тарбиелеп өсірген. Балалары Төлеуғазы (Нуркамал балабақшада істеген) , Еркетай ауыл шаруашылығының жоғары білімді мамандары, ал Төлеуғазы мен Сапарғазы (Рахман) әке таяғын ұстаған жылқы бағып, мал өсірген Малгелдінің тумалары.

Төкен ақсақал 1971 жылы Малгелдіде қайтыс болған.

22.Әблахат Оразаев: 1928 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Тарбағатай өңірінде Малтүгел ауылында дүниеге келген. 1931-1932 ж.ж. ашаршылықта 3-4 жасында әке-шешесімен Қытайға өтіп кеткен. Қазақстанға 1962 жылы оралып, бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы Ш.Уәлиханов атындағы совхозда Қосағаш ауылының Қарабұлақ бөлімшесінде есепші, сауда дүкенінде сатушы болып 1991 жылға дейін еңбек еткен. Еңбегі бағаланып, мақтау қағаздармен бірнеше рет марапатталған. Жұбайы Қайнижамал екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірген ардақты ата-ана, үлгілі жанұя.

1991 жылдан Малкелді ауылында тұрып, 2011 жылы дүниеден өтті.

Әбләхат ақсақал ШҚО Аягөз ауданының «Құрметті азаматы».

23. Дүкенбай Дармурзин: 1928 жылы 23 ақпанда Семей облысы, Шұбартау ауданында Қусақ өзенінің бойындагы Қойтас деген жерде туған. Бастауыш мектепті сол кездегі аудан орталығы Баршатастағы ШКМ-да бастап, Ұржар ауданы Тасбұлақта бітірген. 10 жылдықты Баршатаста 1946 жылы бітіріп, Семей қаласындағы Крупская атындағы мұғалімдер даярлайтын екі жылдық оқу орнын Аягөзде оқу бөлімінде 6 ай, 1948 жылы Шұбартауда оқу болімінде істеген. 1948-1952 ж.ж. Алматыдағы Абай атындағы педагогика иниститутының тіл әдебиет факультетін озат дипломымен тәмәмдаған.

1952-1955 ж.ж. Баршатаста 10 жылдық мектепте, 1955-1958 ж.ж. Қосағаш 8 жылдық мектебінде мұғалім, 1958-1961 ж.ж. Баршатаста С.М Киров орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1961-1964 ж.ж. Көкталда 8 жылдық мектебінде директор, 1964-1970 ж.ж. Ш.Уалиханов 10 жылдық мектебінде директор, 1970-1990 ж.ж. Алғабас орта мектебінде директор қызметін атқарған.

Қазақ ССР «Оқу ісінің үздігі», «Құрмет белгісі» орденінің иегері – Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» Астана қаласында тұрып 2015 жылы қайтыс болған.

24. Күлзада Алшынбек қызы Сматаева: 1936 жылы Семей облысы Шұбартау ауданы, Байқошқар ауылында туған. Орта мектепті аудан орталығы Баршатаста, 1946-1956 жылдар аралығында оқып бітірген.

Еңбек жолын Семей облысы, Шұбартау ауданы Малгелді ауылында шопан болып бастаған. Ерлі-зайыпты Базартай мен Кулзада осы шаруашылықта 1960-1990жылдарда қой шаруашылығын өркендетуге, қой өсіруші комсомол-жастар бригадасында ұстаз жетекші болып, жастармен жұмыс істеуде үлгі-өнеге көрсеткен адамдар. Еңбектері бағаланып, Күлзада Сматаева «Қазак ССР-нің еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы қызметкері» 1980 ж атағы берілген: «Еңбекте үздік шыққаны үшін» - медалімен 1971 жылы марапатталған.

1985 жылы Семей облысы, ХХІ-партия конференциясының делегаты болған, осы жылы облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланған.

Күлзада еңбек ардагері, Малдегіде 2015жылы қайтыс болған.

25.Ұзақбаев Нұртөлеу: 1920 жылы желтоқсан айында Семей губерниясы, Қарқаралы Уезі, Дағады болысында туған. Әкеден алты жасында жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. 13 жасынан еңбекке араласып, 1942 жылдан бастап Шұбартау ауданының Орджоникдзе, Киров, Алғабас, Шат бастауыш мектептерінде мұғалім, меңгеруші болып істеген.

1948 жылы Семей педагогикалық техникумын бітірген соң Бидайық бастауыш мектеп меңгерушісі болып қызымет істеген. 1965 жылдан Малгелдіде орта мектепте 1980 жылға дейін мұғалім болған.

Бірнеше рет мақтау қағаздарымен, Совет үкіметінің мерекелік медальдарымен марапатталған. ҚР Білім беру ісінің үздігі.

Нұртөлеу ақсақал әйелі Рысалды екеуі 11 бала тәрбиелеп өсірген, осы балаларынан 37 немере сүйген ардақты ата-аналар.

Нұртөлеу мұғалім 2000 жылы Малкелдіде қайтыс болған.

26. Зәмзәмия Бейсенбаева: Семей облысы Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында 1950 жылы туған жоғары білімді ұстаз-ғалым.

Орта мектепті бітірген соң Алматы мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын тәмәмдап, осы оқу орнында ұзақ жылдар ұстаздық еткен.

Ғылым кандидаты (филология), доценті, ғылым докторы, профессор (педагогика). Алматы қаласында тұрады. ҚР Білім беру ісінің үздігі. 60-тан астам ғылыми мақала мен оқу-әдістемелік құралдарының («қазақ тілін оқыту әдістемесі», «сөз мәдинетінің негіздері» т.б) авторы.

Кейінгі жылдары Балхаш қаласында тұрады.

27. Алтын Есімжанова: Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында 1943 жылы туған. Орта мектепті өз ауылында оқып, Семей қаласындағы мектеп-интернатта бітірген.

1961 жылы Алматы Мемлекеттік Ұлттық университетінде оқуға түсіп, химия факультетін бітірген. Ұзақ жылдар осы университетте ұстаз – ғалым болып қызмет істеген Есімжанова Алтын – химия ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы қаласында тұрады.



28. Қасымғали Тобықбаев: Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында 1935 жылы туған. Әкесі Тобықбай – 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан. Анасы Мәнсура - колхозшы, бала –шағалы, ел құрметтеген ана. Қасымғали (ел ішінде Қаскен аталған). 1954 жылы Баршатастағы орта мектепті күміс медальмен бітірген. Алматы ауыл шаруашылық иниститутының агрономия факультетіне оқуға түсіп, жоғары білім алған. 1958 жылдан бастап «Алғабас» совхозында агроном, ферма меңгерушісі, «Горный» совхозында бас экономист, «Шұбартау» совхозында ферма меңгерушісі осы совхозда 1971-1974 ж.ж. партия ұйымының хатшысы 1974 жылдан «Шұбартау», 1980 жылдан Сарқамыс совхоздарының директоры қызметтерін атқарған. Соңынан «Алғабас» совхозында агроном болып, 1990 жылдан зейнеткер, «Құрмет белгісі», «Еңбек қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. ҚР «Алтын» кітабына есімі жазылған. Малкелді ауылында тұрады.

29. Келіс Хасенов: Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатаста 13 сәуір 1939 жылы дүниеге келген. 1946-1956 жылдары Баршатастағы С.М.Киров атындағы орта мектепті оқып бітірген. 1961 жылы Семей зоо-ветеринарлық иниститутына түсіп, 1966 жылы бітіріп, жоғары білімді мал дәргері мамандығын алған.

1966-1967 жылдар аралығында Шұбартау аудандық ауыл шаруашылық басқармасының мал дәргерлік бөлімінде дәрігер, 1967-1976 жылдары «Шұбартау» қой совхозында бас мал дәрігері, 1976-1982 ж.ж. осы ауданның «Алғабас» совхозында бас мал дәрігері қызметтерін атқарған.

Қызмет істеген жылдары осы кездегі Целиноградтағы ауыл шаруашылық басқару кадрларын даярлайтын алты айлық курсын тәмәмдаған (1979-1980 ж.ж.), 1982 жылы Семей облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланған.

Келіс әйелі Баян екеуі 8 бала тәрбиелеп өсірген, олардан 22 немере, 1шөберелі болған. Балалары өз алдына бір-бір шаңырак болып отыр. Келіс палуан, әнші-сері жігіт болған. 1982 жылы 16 желтоқсанда Малкелдіде қайтыс болған.

30. Қанат Исағалиев: 1941 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туып өскен. 1949-1959 ж.ж. аралығында өз ауылындагы және Баршатастағы орта мектепті бітіргеннен кейін Семей педагогикалық иниститутына оқуға түсіп, филология факультетінде оқыған. 1966 жылдан зейнеткерлікке шыққан, 1996 жылдар аралығында «Шұбартау» және «Алғабас» совхоздарының орта мектептерінде мұғалім болып істеген.

Қанат әуесқой композитор, ән жазумен айналысқан, ол әндері Республикалық газет-журналдарда жарияланып, радио мен теледидарда орындалуда.

Қанаттың әндері Республикалық «Өнер» баспасынан 1993 жылы шыққан жинақта «Жастық шақ әндері» және Семей қаласынан шыққан жинақтарда бірнеше әндері басылып жарық көрген. Ол әндері «Есіңе мені алғайсың», «Қайран жеңгем» сөзі М.Мақатаевтікі, «Ата мекен», «Майдандастарым», сөзі М.Божановтікі «Қазақстан» сөзі С.Сейтовтікі, «Қайран бабалар», «Қайда достым, сол бір тәтті күндерің», сөзі Ғ.Шаяхметовтікі т.б. Қанат Республика медальдарімен, мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталган. Қ.Исағалиев 25 ақпан 2008 жылы ШҚО Аягөз ауданы, Малкелді ауылында қайтыс болды.

31.Шәйкенов Қанатбек: Шәйкенов Қанатбек Мақұлбекұлы (шын аты Қайратбек) 18 маусымда 1960 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туған. Орта мектепті ауылда бітіріп, Семей қаласындағы Крупская атындағы Педагогикалық институтының Көркем сурет факультетінде оқып, жоғары білім алған. 1982-1992 ж.ж. «Алғабас» орта мектебінде мұғалім болып сабақ берген.

1993 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Қанатбек – суретші, мүсінші. Малкелді ауылындағы «Алтын адам» ескерткішінің, Қарағанды қаласындағы мұражайға қойылған «Есік Алтын адамының» көшірмесін жасаған шебер, елге сыйлы, құрметті азамат. Жанұялы. Жұбайы Айтақова Гүлжан, балалары: Ербол, Айбол, Алтындармен бірге Қарағанды қаласында тұрады. Шәйкенов Қ.М «Шұбартау көтерілісі» оқиғасы болған Шұбартаудағы «Хан жайлауы» деген жерге белгі тас ескерткіш орнатқан.



32.Мұхамедиев Қоңыр Әбділдаұлы: 1959 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туған. Орта мектепті ауылда «Алғабас» бастауыш сыныптарында оқып, Семей қаласындағы №16 мектепті бітірген. Семейдегі Крупская атындағы педагогикалық иниститутының көркемсурет факультетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын Семей қаласында бастап, одан кейін Шұбартау ауданы, Сарқамыс совхозы бастауыш комсомол ұйымының хатшысы қызметін істеген.

1994-1996 ж.ж. аралығында Баршатас орта мектебінің мүдірі болған.

1996 жылдан бастап шағын орта бизнеспен айналысқан.

2005 жылдан Астана қаласы суретшілер одағының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» ескерткіш кешенінің авторы.

Жанұялы, екі ұлы, бір қызы бар. Жолдасы Гүлмира математика пәнінің жоғарғы білімді мұғалімі. Астана қаласында тұрады.

33.Оразаев Марат: 1967 жылы ақпан айының 3 жұлдызында бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында, Қарабұлақ бөлімшесінде дүниеге келген.

Қосағаш ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепті 1984 жылы аяқтап, сол жылы Алматы халық шаруашылығы иниститутына түскен.

1985-1987 ж.ж Приморье өлкесінде Совет Армиясы қатарында борышын өтеп, 1987 жылы оқуын жалғастырып, 1991 жылы инженер экономист біліктілігін алып тәмәмдаған.

Еңбек жолын Қазақ Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтынында 2 санатты экономист болып бастаған. 1993-1999 жылы ҚР Қаржы министірлігінің орталық аппаратына қаржы департаментінің директорының орынбасары, 2002-2008 ж.ж. директоры қызметін атқарған.

2008 жылы маусым айында ҚР Ауыл шаруашылығы минстрлігінің Вице Министірі болып үш жыл істеген.

2011 жылы тамыз 2012 жылғы қыркүйек кезінде Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының орынбасары болып қызмет атқарған.

Қазіргі кезде іс басқармасының кеңесшісі.

Марат Әблахатұлы Оразаев Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы Мемлекеттік наградасымен, Астана қаласына 10 жыл, Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл юбилейлік медальдарымен марапатталған.

Отбасылы, жұбайы Буралкиева Гүлбақыт білім саласында қызмет жасайды, үш баласы бар. Мараттың әкесі Әблахат ақсақал Аягөз ауданының «Құрметті» азаматы. Анасы Кайнижамал 10 балалы. «Батыр ана», «Алтын алқа» иегері. Малкелді ауылында тұрады.

34.Доғамбеков Даулеткерей Әйтімұлы: 1962 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Семейдің зооветинститутын 1984 жылы бітірген. Заң академиясын 2001 жылы тәмәмдаған. Еңбек жолын «Семколхозстрой» мекемесінде слесарь болып бастаған, 1985-1986 жылдары мамандығы бойынша зоотехник болып, Жаңа Семей ауданы шаруашылықтарында қызмет атқарған. 1991-1995 жылдары «Адал» корпорациясында вице президенті, облыстық «правопорядок» қорында бас директордың орынбасары, Шар ауданы әкімінің орынбасары, 1995-2001 жылдары Абай ауылының әкімі, Павлодар облыстық ауыл шаруашылық департаментінің бастығы, 2001 жылдан Астана қаласындағы «Бителеком» компаниясының бас директоры қызметін атқарады.

Абай ауданының Құрметті азаматы.



35. Жексенбаев Төлеужан Сағымбек ұлы (Сағымбала) – Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында 6 тамыз 1963 жылы туған, Шұбартауда орта мектепті бітірген.

1980-1985 ж.ж. Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітіріп, инженер-механик мамандығын алаған.

2010 жылы Қазақ заң – гуманитарлық инновациялық университетін бітіріп, екінші мамандық алған.

1985-1986 ж.ж. Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Сарықамыс» совхозында машина ауласының меңгерушісі 1986-1991 ж.ж. осы шаруашылықта бас инженер, 1991-1993 ж.ж. «Баршатас», ал 1993-1994 ж.ж. «Таңшолпан» жекеменшік шағын өндіріс орындарының, Семей облысы, Шұбартау ауданында директор қызметін атқарған.

1994-1996 ж.ж. Өскеменде, Көкшетауда және Семейде мемлекеттік коммуналдық мекемелердің маркетологы, директоры қызметтерін атқарған. 2008-2011 ж.ж. Бесқарағай ауданының әкімі, 2011-2012 ж.ж. ШҚО Ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары қызметінде істеген.

36. Сатаев Базартай: Базартай Уәсіл ұлы Сатай – 1948 жылы 28 наурызда бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында туған. Мектеп табалдырығын Баршатас аудан орталығында 1955 жылы аттады. 1959-1963 ж.ж. «Алғабас» совхозындағы орта мектепте 5-7 сыныптардан өтіп, 8-11 сыныптарды Семей қаласындағы №1 мектеп интернатта тәмәмдады. 1966-1967 ж.ж. Қосағаш ауылында шопанның көмекшісі болып істеген. 1967 жылы Семей зооветинститутына түсіп, 1972 жылы малдәрігерлік жоғары білімін алған.

1972-1974 жж Семей облысы, Ақсуат ауданы Комсомол совхозында бөлімше және аға мал дәрігері, 1975-1978 жж Шұбартау ауданының Калинин атындағы совхозында емдеу пунктінің және совхоздың аға мал дәрігері.

1978-1980 ж.ж. Ақсуат ауданы, Ақсуат совхозының бас мал дәрігері.

1980-1998 ж.ж. Семей облысы Мақаншы ауданының бас мал дәрігері.

1999-2001 жылдан Үржар аудандық бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор қызметін атқарып, 2012 жылдан зейнеткерлікке шықты.

Базартай 2001 жылы «Мал дәрігерлігі – мамандығым, мақтанышым менің» - атты кітап шығарып, мал дәрігерлігі саласындағы 40 жыл үздіксіз еткен еңбегінің нәтижелі қортындысы жөнінде құнды еңбек жазаған. Бұл кітап 2011 жылы орыс тіліне аударылып, «Ветеринария призвание, страдание и страсть моя» - деген атпен басылған.

Кітапқа қазақ және орыс тілдеріндегі бір бір данасы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа жіберіліп, ол кісінің рахметін алып, Астанадағы президент мұражайына қойылған.

37. Әбдіреев Қанағат Совет ұлы: 27 – желтоқсан 1961 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында дүниеге келген. Осы ауылда 1969-1979 жылдар аралығында «Алғабас» орта мектебінде оқып бітірген.

Семейдің зооветеринарлық институтын өндірістен қол үзбей жүріп бітіріп, «зооинженер» мамандығын алған.

1981-1983 жылдары Германияның Ютерборг қаласында әскери борышын өтеген. 1983-1985 жылдары Шұбартау аудандық Мәдениет бөлімінде моторист, 1985-1986 ж.ж. аудандық тұтыну бөлімінде техника қауіпсіздігі жөнінде инженер, 1986-1991 ж.ж. аудандық атқару комитетеінде еңбекке орналастыру бөлімінң меңгерушісі, 1991-1996 ж.ж. Шұбартау аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы, мемлекеттік инспекторы, 1996-2006 ж.ж. Аягөз аудандық жұмыспен қамту орталығы еңбек биржасының бас маманы, мемлекеттік инспекторы, бөлім бастығы, директоры қызметтерін атқарған.

2006 жылдан бері «Нұр Отан» ХДП Аягөз аудандық филиалының бөлім бастығы және бас есепшісі қызметін атқарады, жанұясымен Аягөз қаласында тұрады.



38.Әзімбаев Нұрғали: Әзімбаев Нұрғали Тілекқали ұлы – 1965 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Қосағаш» ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында бітірген. 1988 жылы Алматыда Абай атындағы педагогикалық институтын тәмәмдаған-педагог.

1988-1991 жылдары Шұбартау ауданы, «Алғабас» совхозында комсомол комитетінің хатшысы, 1991 жылдан «Малкелді» ауылдық кеңесінің төрағасы, 1995 жылдан 2002 жылға дейін «Малкелді» ауылдық округіның әкімі, 2002 Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметіне жоғарылатылды. 2008-2010 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімі. Осы жылдан бастап аудандық оқу бөлімі басқармасының бастығы қызметінде істейді. Жаұялы, Аягөз қаласында тұрады.



39.Шырайымбеков Ермек: 1934 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді аулында туған. Баршатастағы орта мектепті бітірген соң, 1952 жылы Қосағаш ауыл кеңесіне қарасты Қарабұлақ қызылотауында кітапханашы болып жұмыс істеген.

1953-1958 ж.ж. Семей зооветинститутын бітірген.

1958-1959 ж.ж. Шұбартау ауданы, Мәдениет колхозында зоотехник;

1959-1960 ж.ж. «Алғабас» колхозында басқарма төрағасының орынбасраы;

1960-1961 ж.ж. «Сталин» колхозында басқарма төрағасының орынбасары;

1961-1962 ж.ж. Шұбартау аудандық Мемлекеттік инспекциясының инспекторы;

1962-1964 ж.ж. Шұбартау ауданы, «Көктал» қой совхозының бас зоотехнигі;

1964 жылы бір жылдық кадрлар мектебін бітірген;

1965-1969 ж.ж. «Шұбартау» совхозының директоры қызметтерін атқарған;

1969 жылдан «Көктал», «Сарқамыс» және «Алғабас» совхоздарында 1994 жылға дейін зоотехник, экономист қызметтерін атқарған.

1996 жылы Семей қаласында қайтыс болған. Қызмет атқарған кезінде білгір маман ретінде өзін көрсете білген. Ермек әуесқой әнші, әрі суретші болған талант иесі.

40. Аманбаева Роза: 15 наурыз 1945 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, ауылдық кеңесіне қарасты Байқошқар ауылында туған.

1953-1964 ж.ж. аудан орталығы Баршатастағы С.М.Киров орта мектебінде оқып, бітірген.

1964-1968 ж.ж. Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының физика-математика факультетінің физика бөлімшесін бітірген.

Еңбек жолын 1968 жылы «Алғабас» қазіргі Т.Есімжанов атындағы орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған.

1972 жылдан КПСС мүшесі. 1974 жылдан мектеп бастауыш партия ұйымының хатшысы қоғамдық қызметін істеген.

1984 жылы «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері», 1988 жылы «Аға мұғалім» құрметті атақтары берілген. Үлгілі ұстаз. Жанұялы. Алматы қаласында тұрады.



41.Касылова Гульмира Жақыпқызы: 1970 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туған. Орта мектепті туған ауылында 1976-1986 ж.ж. аралығында оқып, алтын медальға бітірген. Сол жылы Алматыдағы Мемлекеттік Қазақ Университетінің Заң факультетіне оқуға түсіп (1986-1990 ж.ж.) заңгер мамандығын алған.

Еңбек жолын Алматы қаласында өз мамандығы бойынша бастап, кейін Семей облысындағы алтын өндіретін «Мейізек» кен орнында басшы қызметтерін атқарған.

2010 жылдан бері шет ел Иран мемлекетінде алтын өндіретін кен орнында директор болып істейді. Белгілі кәсіпкер.

Гүлмира – 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында қаза болып, белгісіз кеткен үлкен әкелері Қасыл мен Мақанбайдың жақын шетелде жерленген жерін тауып, басына барып, туған жеріне топырақ салып қайтқан ұрпағы.

Алматы қаласында тұрады.

42. Оразханова Дәметжан: (Ауыл адамдары Мәкен деп атап кеткен) 1949 жылы наурызда Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында дүниеге келген.

Осы ауылда 1956-1964 ж.ж. аралығында 8 жылдық мектепті бітірген.

1964-1968 ж.ж. Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық училищені оқып бітіріп, бастауыш сыныбында оқытушы мамандығын алған.

Еңбек жолын 1968 жылы Шұбартау ауданының Көктал совхозының 8 жылдық мектебінде бір жыл істеп бастаған.

1969-1970 ж.ж. оқу жылынан Малкелдідегі орта мектепке мұғалім болып отыз жылдай еңбек етіп, 2000 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Еңбегі жоғары бағаланып, 1974 жылы, 1976 жылы «Социалистік жарыстың жеңімпазы» 1979 жылы «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері», 1990 жылы «Аға мұғалім» атағы берілген.

Оразханова Д – Еңбек ардагері, үлгілі ұстаз. Жанұялы. Жолдасы Амантай Мұқашев ауыл шаруашылық маманы. Астана қаласында тұрады.

43. Қашымәшімов Кенже: 1931 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туған. Бастауыш мектепті сол кездегі аудан орталығы Баршатастағы Ш.К.М –да (школа-крестьянской молодежи) оқып, кейін орта мектепті бітірген.

Семей қаласындағы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген, жоғары білімді мал дәрігері. Ұзақ жылдар Шұбартауда «Алғабас», «Қосағаш», ауылындағы Уәлиханов атындағы шаруашылықтарда бас мал дәрігері болып қызмет атқарған, еліне сыйлы, құрметті азамат болған. Мал шаруашылығын өркендетуге зор үлес қосқан маман.

2012 жылы Қосағаш ауылында қайтыс болған, Қарауыл төбеде жерленген.

44.Ахаев Әлтай (Әділжан): Шын аты- Әділжан – 1939 жылы 22 қаңтарда Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туған. Бастауыш мектепті туған ауылында оқып (1946-1951 ж.ж.), ал орта мектепті сол кездегі аудан орталығы Баршатаста оқып (1956 ж.) бітірген. Семей мал дәрігерлік институтында оқып (1956-1961 ж.ж.) жоғары білімді мал дәрігері мамандығын алған. Еңбек жолын туған ауылы «Алғабас» совхозында мал дәрігері, бас мал дәрігері болып бастаған.

1970-1973 ж.ж. «Горный» совхозы партия ұйымының хатшысы.

1973-1975 ж.ж. Шоқан Уәлиханов атындағы совхоздың директоры;

1975-1982 ж.ж. аудандық мал дәрігерлік стансада дәрігер, бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған.

Әйелі Нұрбибі екеуі 6 баланы дүниеге әкеліп, өсірген ата-ана.

Әділжан 1982 жылы 16 ақпанда небары 43 жасында кенеттен қайтыс болған. Күмбез зираты – Малкелдіде. Әділжан - ұзын бойлы, аққұба өңді, өз құрбылары арасында беделді. Білімді сөзге шешен, ақынжанды азамат еді.



45. Төлеуов Жаппарберген: (Жакен) 1943 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туған. Бастауыш мектепті туған ауылында оқып, орта мектепті Семей қаласындағы мектеп- интернатта бітірген. Мектеп бітірген соң, ауыл шаруашылық техникумын бітіріп арнаулы орта білім алып, техник – механик мамандығын меңгеріп, еңбек жолын Шұбартау ауданының «Шұбартау», «Алғабас» совхозында бас инженер, аудан орталығы Баршатаста әртүрлі мекеме басшысы қызметтерін атқарған.

Жәкеннің жұбайы Шара Канапияқызы жоғары білімді ұстаз, төрт ұл тәрбиелеп өсірген ана. Балалары Берік мемлекеттік қызметте.

Бейбіт, Бақытжан, Еркін – кәсіпкерлер. Жәкен 2009 жылы Семейде қайтыс болған.

46.Қажығалиев Қабдеш: 1924 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында (Шұбартау ауданы) туған. Жастайынан еңбекке араласқан. 1942 жылы арнайы дайындықта болып, соғыс жүргізудің айла тәсілдерін үйренеді. Соңынан 268-гвардиялық атқыштар двизиясының құрамына Вильнюс, Каунас, Шауляй, Вигода қалаларын немістерден азат етуге қатысқан. 1944 жылы қосалқы полкта дайындықтан өтеді, тағы да екі рет жарақатталып, 1945 жылдың аяғында елге оралады.

І–ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Аягөз ауданының «Шолпан», «Калинин», Шұбартау ауданының «Сарықамыс», «Көктал» совхоздарында бас есепші болып еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан. Шұбартауда Мәдениет ауылында мамыр айында 2013 жылы қайтыс болды.



47. Мыңбай Рәшев: 1930 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, оныншы ауылында Құр өзені бойында туған. Мектепті аудан орталығы Баршатаста оқыған. Алматыдағы Қазақтың педагогикалық институтын бітірген. «Лениншіл жас» газетінде, «Ара» журналында, «Новый фильм» журналында әдеби қызметтер атқарған. Баспа саласында қызметтер істеген.

Мыңбай Рәшев – көрнекті ақын, сатирик және аудармашы. Көптеген кітаптары жарық көрген.

Ерекше еңбегі Шұбартау ауданындағы жас мал өсіруге арналған «Бастау» поэмасы. Бұл поэма Мәскеу қаласында кітап болып, орыс тілінде басылып шыққан.

М. Рәшевтің «Туған жер» деген өлеңіне жазылған әні Гран-при бас жүлдені иемденген. Көптеген материялдары. БЛКЖО, Каз.ЛКЖО грамоталарымен, ҚР 10 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. Қазақ ССР-і Еңбек сіңірген қайраткері. Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілген 2012ж. Алматы қаласында тұрады.



48. Нұрсипатов Нұржан: Нұрсипатов Нұржан Нұрлыбекұлы – 1957 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатаста дүниеге келген. Аягөз қаласында №244 орта мектепті бітіріп, 1979 жылы Семей қаласында зоотехникалық мал дәрігерлік институтын, 1983 жылы Минск қаласында Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің арнайы оқу орнын бітірген. Еңбек жолын туған ауданының «Шұбартау» совхозында зоотехних болып бастаған. 1982 жылдан Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті саласында еңбек етіп келеді. Мемлекеттік 6 медальмен марапатталған. ШҚО бойынша мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының бастығының орынбасары, Павлодар облысында 2013 жылдан бастығы болып қызмет атқарады. Павлодар қаласында тұрады. 2015 жылы 7 мамырынан генерал-майор шенінде.

49. Раев Қайрат Мағауия ұлы: 1962 жылы Семей облысы, Аягөз ауданы «Алғабас» совхозында туған. Осы ауылда орта мектепті бітірген. 1984 жылы Алматы Әл-Фараби атындағы университеттің журналистика факультетін бітіріп, 1987 жылы Шұбартау ауданының «Горный» совхозында еңбек еткен. 1990 жылдары Алматы қаласында М.Әуезов мұражайында ғылыми қызметкер. Осы күндері Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық орталықтың қызметкері. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, филология ғылымдарының кандидаты.
Алматы қаласында тұрады. Қайратқа әкесі Мағауияның арнау өлеңі:

Балама
Долы дауыл, қарлы боран алмайтыным,

Мен бармаған биіктерге самғайтұғын.

Сен менің қанатымсың болашаққа,

Арманымды апарып жалғайтұғын.


Өмір жүгін арқалап тартар алға,

Сен менің қайратымсың шаршағанда.

Меніменнен отың егіз ұқсаң балам,

Бақыт үшін күрескейсің барша адамға.


Қайрат әке үмітін ақтаған, еліне сыйлы, жас ғалым, Малкелдінің азаматы.

50. Жеделов Құрманғазы Оразұлы: 1961 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Алғабас» совхозы, Малкелді ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң 1980 жылы Семей қаласындағы СПТУ-25 учлищесін бітіріп, механизатор мамандығын алған. 1980-1982 ж.ж. әскер қатарында борышын өтеген соң, туған ауылында механизатор болып еңбек жолын бастаған. 1983 жылы Алматыдағы «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі деген мамандық алған. 1989 жылы Қаз-ПИ-ге ассистент болып қабылданды. 1990 жылы іздеуші болып, 1995 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. 1995-2003 ж.ж. институтта көркем – сурет фаукльтетінде, 2003-2005 ж.ж. Абай атындағы Пед университетте декан, 2005 жылы доцент атағын алды. Қазір көркем сурет факультетінің «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі және өнер тарихы» кафедрасының меңгерушісі, проректор.

Кейінде педагогика ғылымының докторы, Қазақстан Пед.ғылымдар академиясының мүшесі, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі. ҚР мәденит қайраткері.



51. Уәлиқажы ұлы Жұмабаев 1918-1980 ж.ж:

Соғыс пен еңбек ардагері. 1938 жылы Алматы қаласындағы есеп және несие техникумын үздік бітірген.

Байдың, қажының баласы ретінде қуғындалуға түскендіктен Арал теңізі аймағында және Қостанай облыстарында қызмет істеген.

1942-1944 ж.ж. Ұлы Отан соғысына қатысып, неміс фашист басқыншыларынан Румынияны азат ету кезінде жараланып, елге қайтқан.

1963-1965 ж.ж. Алғабас кеңшарында жұмысшы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы болған.

«Қызыл жұлдыз» ордені мен көптеген медальдардың иегері. Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Ұрпақтары ШҚО, Аягөз ауданында тұрады.

52. Жұмабаев Марат: 1962 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатаста туған. Орта мектепті тәмәмдаған соң 1991 жылы Москва қаласындағы Бүкілодақтың теле-радио хабарлары институтының «қалалық радио хабарлары редакциясының редакторлары» факультетін бітірген.

Семей облысы, Шұбартау аудандық «Шұбартау шұғыласы» газетінің тілшісі, сол кездегі аудандық радио хабарлары редакциясының жауапты редакторы, Аягөз аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінің тілшісі, ШҚО «Дидар», Республикалық «Ертіс өңірі» газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі. Аягөз қаласында тұрады.

Мақалалар
«Жазықты адам неге жазасын алмайды»?
«Әй, Дүние – ай» десеңізші. Күні кеше ғана әлемдегі тұңғыш социалистік мемлекет – көп ұлтты 15 республикадан тұратын айбынды Ұлы Державаның бірақ күнде жылғасы жығылып, тас талқаны шықты. Бүкіл елді жабылып қайта құрамыз, гүлденген демократиялық держава жасаймыз – деп тайталасқан республикалар құр елестің соңында кеткенін кеш аңғарып, ақыр аяғында тәуелсіздік жариялауға мәжбүр болды да, өз қотырларын өздері қасуға кірісті. Бірақ, елдің экономикасы қайта құрудың езбе саясаты мен есерсоқ көсемдері салдарынан аласапыран күйзеліске түсіп, халық жоқшылықпен тапшылықтың тауқыметін тартуда. Алда әлі қандай заман бары беймәлім. Халық болашаққа сенуден қалды, әркім бір күндік күйік тірлігін күйттеуде.

Бүкіл Совет халқының 70 жыл бойы тірнектеп жинаған байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр.

Бір сөзбен айтқанда, табан ақы, маңдай термен сол игілікті өндіргендер сорлап, қара қазан басында қолына шөмішін ұстап, ал осыны аңдып отырғандар байып жатыр.

Мұны көре отырып не әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Не заң жоқ, не жарғы жоқ. «Адамның ала жібін аттама» - дейтін коммунистік мораль да, діни мораль да адыра қалды.

Совет үкіметі орнағалы болып көрмеген ұлтаралық Жанжал деген шығып, тоқтаусыз қан төгіліп жатқаны анау. Осының бәрі қылмыс емес пе!? Әрине, қылмыс және қылмыс болғанда қандай! Горбачев, Ельцин сияқтылардың ешқандай ойластырылмаған, түпкі мақсаты бұлыңғыр, дүмбілез саясат жүргізіп, халықтар тағдырын ойыншық қылуының нәтижесі емес пе бұл!

Осыны көрем де ойға қалам. Мен де өзімнің елу жыл өмірімде талай нәрсені басымнан өткерген екем. Шопанның баласы едім, интернаттың қара нанын жеп, оқу оқыдық. Тракторшы болдым. Кейіннен институт бітіріп, қызметтің бір шетінде жүрдік, 1977 жылы «Алғабас» совхозында директор болып тағайындалдым.

Сол жылы ауа-райы жайсыз болып, мал шығыны орын алып, біраз басшы азаматтар ісіт болып кетті.

Адам өз басына түспей білмейді ғой. Кейін олардың кебін өзім де құшармын деген ой басқа кіріпте шыққан жоқ. Жанталасып жұмысқа кірістік.

«Алғабас» - ауданындағы ең ірі шаруашылық, төрт түлік мал өсіріп, егін салады. Солай бола тұрса да әлеуметтік жағдай нашар. Мәдениет үйі, сауда дүкендері, тағысын тағылар жоқ. Оларды салдыру үшін арнайы рұқсат керек. Ақыры рұқсатты күтіп отырмай, тұрғын үйге бөлінген қаржының есебінен салуға бекіндім. Кірісіп те кеттік.

Құрылыс материалдарының бәрі тапшы. Осы кезде баспа – бас айырбас деп ашық айтпағанымен, бір нәрсе бермей ине сабақ жіп ала алмайсың. Ақыры тәуекел жасаған соң, «халықтың игілігі үшін ғой» деп соның бәріне келістік. Оның үстіне «Ас ұстағанның азабы көп» - дейді. Ауылға өнер адамдары келді. Бибігүл Төлегенова, Роза Бағыланова, сияқты өнер жұлдыздары анда –санда бір айналып соққанда жерге қарап отыра алмайсың. Шамаң келгенше күтіп, сый-сияпат жасап жіберу елдің елдігін танытады – деп білдік. Соның бәрі кейін өзіме кесел болып жабысарын кеш білдім.

1983 жылы жер-жерде арнайы тексеру жұмыстары жүріп жатты. Ол біздің шаруашылыққа да келді. «17 мың сома ақшаны белгіленген жерден басқа мүдделерге жұмсады, мемлекет қаржысын көп мөлшерде талан таражға салды» деп тауып, партия қатарынан шығарып, ісімді сотқа берді.

1985 жылы он жылға кесілдім. Мойныма қойып отырған 17 мың сом. Қазір қарап отырсаң күлкі жай. Оған жөні түзу бір магнитафонда ала алмайсың қазір. Және одан жұтап қалған совхозда жоқ. Ал, қәзір бүкіл елді, бүкіл совет халқын жұтатып отырған, қан төгіп жатқан, бүкіл бір державаның экономикасын күйреткен адамдар неге заң алдында жауап бермейді? Бұл 17 мың сом емес қой! Өздерінің жеке бастарының мансабы үшін билік тұтқасы үшін таласқан Горбачев пен Ельцин бүкіл державаны қақпақыл етіп, бүгінде шет елдік капиталдың табанына тастап, масқара етіп отыр емес пе?

Ал, мен он жылға кеткенде артымда қарт анам, мектепте оқитын төрт балам қалып еді. Жан-жарыма бесінші рет операция жасалайын деп жатқан. Соның біріне де қарауға мұрша бермеді және бұл қазір бүкіл жұртты өтірік шошытып жүрген Сталин заманы емес, кәдімгі Гарбачевтың заманы – ақ болатын. «Бәрін біліп отырады, әдейі істеді» - деп айтпайды қазір Сталинді. Егер Кремльде отырғандардың бәрі Семейде не істеліп жатқанын біліп отыратын болса, сол Гарбачевтың зар жылап кетіп бара жатқан мені арашалап алып қаламай не қарап отырған?

1987 жылы Ұлы қазан төңкерісінің 70 жылдығына орай сотталғандарға кешірім жарияланып барып мен түрмеден екі жыл алты ай дегенде әрең үйге оралдым. Қазір совхоз директорының орынбасары болып жұмыс істеп жүрмін.

Мен бұл жерде «кінәсіз едім» дегелі отырған жоқпын. Бәрі артта қалды. Заң бойынша ол кезде қаржыны өз орнына жұмсамау қылмыс деп саналады екен, мен заң бойынша жаза алдым. Мұны әділдік дейік. Ал, сонда бұл заң мен сияқты ССРО азаматы болған М.С.Горбачевқа неге жүрмейді? Сонда немене, халық көрінген дәнөкстің қолында кететін қолжаулық болғаныма?..

Ертең тағы бір дәнөкіс шығып, халықты тағы бір пәлеге ұрындырмасына кім кепілдік береді? Меніңше бұған заң кепілдік беруі тиіс. Ендеше, бір нәрсені бүлдірдің екен, құрттың екен, қолыңнан келмес мәнсап үшін ұмтылып, халыққа қасірет әкелдің екен, қан төктің екен, заң алдында жауап бер!

Әйтпесе, мемлекет басында отырған адам еш нәрсе үшін жауап бермейтін болса, онда Ресейдің бе, басқаның ба басына тағы бір күн бір Гитлердің келе қалып, бәрімізді қанға бөктіріп кетуі ғажап емес!
Н.Сәменбетов

«Алғаба» совхозы директорының

Орынбасары.

Шұбартау ауданы, Семей облысы

1992 жылы
Ескерту: Менің осы мақалам «Әділет» айдарымен облыстық «Семей таңы» газетінде №46, сәуірдің 14-і, 1992 жылы жарияланды.

Малгелді округінде маңызды істер атқарылды
Аягөз ауданының Шұбартау өңіріндегі Малкелді ауылы халық саны орташа ғана болғанымен жер көлемі жағынан ең үлкен ауыл округі болып есептелінеді. Оның себебі, соңғы жылы таратылған бұрынғы Жорға ауылы аздаған жанұяларымен барлық тиесілі жермен осы ауылға қосылып, бекітіліп берілді. Соңғы жылдарда ауыл әкімі жиі ауысып, бірі аудан көлемінде қызмет бабымен жоғарлатылса, бірі жеке басының жағдайымен қызмет орнын өзертіп жатады.

Сондай ауыл басшысының ауыс-күйісі тағы да осыдан алты ай бұрын жүріп жатты. Бұл өзгерістерге япыр-ай, жап-жақсы қызмет істеп жүрген ауыл әкімі Мұқашев Бауыржан бір жылдан асар-аспас уақытта бұрынғы Шұбартау аудан болып тұрғандағы орталығы Баршатасқа әкім болып тағайындалса, мұны қызметтің жоғарлағаны десе, ал таратылған ауыл Жорғаның бұрынғы әкімі Даулетқали жасы 60 тан асқан шағында Малкелдіге әкім болып келуін әркім әртүрлі пікірмен қабылдап жатты.

Ошақтың үш бұтағындай ауылдың үш тірегі бар десек, оның біріншісі – ауыл әкімшілігі, екіншісі – орта мектеп, үшіншісі – дәрігерлік амбулатория болып табылады. Бұған қосымша электр жүйесі, телефондық байланыс торабы және халыққа қызмет көрсететін мәдениет үйі тұрақы жұмыс істеуде.

Міне, осындай мекемелер жұмысын жүйелі түрде үйлестіріп тұратын – ауыл әкімі.

Әкім орындығына отырған күннен бастап қырық күндей аптап ыстық, қатты дауыл жел және осының салдарынан болған дала өрті әкімге көптеген қиыншылықтарды, кедергілерді жеңе отырып қыруар істер атқаруға тура келді.

Қызметіне белсене кіріскен Даулетіміз мекеме басшыларымен, ауылдағы кәсіпкер азаматтармен бірлесе отырып, солардың көмегімен, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің техникалық көмегін пайдалана отырып үлкен апат-өртті сөндіруде, қожалықтардың қорасын, малын аман алып қалуда үлкен іс атқарды. Қатаң мал азығы – шөп толық дайындалып, тасып алынды. Бұл жұмысқа кәсіпкерлер әкелі-балалы Мұрат пен Азамат Аблахатовтар үлкен үлес қосты.

Осы екі азамат үлкен жолдан ауылға кіреберіс жолды да қиыршық тас, құм төгіп көтеріп жөндеуге ат салысты.

Биылғы алапат дауыл Мәдениет үйінің, байланыс мекемесінің және әкімшілік үйінің шатырын қопарып, кейбір тұрғын үйлерге де көптеген зиян келтірді. Оларды қалпына келтіру де төтенше жағдайлар бөлімшесінің материалдық және қаржылай көмегін күтпей-ақ қолма-қол бір ай ішінде жұмыссыздыққа тіркелген азаматтар мен әкімшілік қызметкерлерінің көмегімен жөнделіп, сәнді де сәулетті ғимараттар сақталып қалды, бүгінде халыққа қалтқысыз қызмет етуде.

Мектеп – алтын орда. Ауыл мектебін қырық жылдан бері басқарып келе жатқан әкелі балалы ұстаздар Дүкенбай мен Балтабек Дармурзиндердің бұл ауылға, бала тәрбиесіне сіңірген еңбектері ерекше.

Соңғы 20 жылда мектепке қосымша құрылыс, электрмен жылыту жүйесі, күрделі ағымдағы жөндеу жұмыстарын және мектептің іші-сыртын безендіру, оқу жүйесін жақсартып жетілдіруде біздің Т.Есімжанов атындағы орта мектеп ең үздіктер қатарында.

Ауылдағы мәдени-саяси шаралардың бірде-біреуі әкімшілік пен мектеп ұжымының бірлесіп қатысуынсыз өткен емес.

Биылғы алғашқы қоңырау мен таяуда ғана аталып өткен қарттар күні болған ізгі шаралар, жайылған ақ дастархан мен концерттік қойылымдарға ауыл халқы дән риза. Мұғалімдер мен оқушылар және ауыл жастары концерт қойып, ауыл әкімі бірінші сыныпқа барған 15 бүлдіршінге оқу құрал жабдықтарымен толтырылған сөмке сыйлап жатса, қалай қуанып, сүйсінбейсің. Бұл да әкім тарапынан атқарылған игі істердің бірі.

Мектеп жанындағы мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер бала бақшасы да осы мектепте жақсы жұмыс істейді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген жоғары білімді жас дәрігер Мерей Тұрсынұлы да осы Шұбартау өңірінің тумасы-келе сала өз қызметіне белсене кірісіп кетті. Бұл да ауылдағы игілікті шаралардың бір көрінісі.

Аудан орталығынан келген жылжымалы медициналық орталық та бір апта ауыл халқына қызымет көрсетті. Осы қызыметкерлеге «келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» демекші ауыл азаматтары кәсіпкер Есентай Таукенов пен Қанағат Оразаевтар қойын сойып, қонақжайлылық көрсетті.

Ауыл тазалығы, тіпті өлген малдардың өлексесін залалсыздандыратын орын да қолға алынып, ауыл шетіне салынды. Бұл жұмысқа Еңбек Қызыл Ту орденді қарт механизатор Бахан Ыбыраев эксковаторын жүргізіп, тракторге өзі отырып, жасы 70-ке қараған шағында қара жерді қазып, үлкен үлесін қосты. Бұл ауыл қарттарының да қарап жатпайтындығының белгісі.

Әр ауылдың еркесі мен тентегі, ұрысы мен қарасы бар демекші ауылдағы саяси, ахуал тұрақты, адамдар тату тәтті өмір сүруде. Жастар арасындағы арақ ішу, ұсақ төбелес, ұрлық-қарлық сияқты келеңсіз көріністер де азайды.

Көптен қолға түспей, Байқошқар мен Малкелді ауылдарының жылқы малын ұрлап жүрген ұрылар көрші Абай ауданында қолға түсіп, әшкерленді. Бұл осы екі ауыл инспекторы Аян Шомановтың ішкі істер бөлімінің Баршатастағы қызметкерлерімен бірге атқарған еңбектерінің жемісті нәтижесі.

Кездесіп қалғанда әкім Даулет пен мектеп мүдірі Балташ інілеріме: «Сендер осы өңірдегі бірің «аға әкім», екіншің «аға мүдірсің» -деп соңдарыңнан ерген інісі қарындастарыңа қызметтегі жақсы іс-әрекеттеріңмен, үлгі - өнегелеріңмен көрінулерің керек» - деп қалжыңдап та, қамшылап та қоямын. Әрине, екеуі де қалжыңды түсінеді, қамшылағанды білетін азаматтар.

Көшелеріне асфальтқа бергісіз қиыршық тас төселген, түп-түзу, мұнтаздай тап-таза, түнде электр шамдары самалдай жарқыраған еңселі ғимараттары: Мектеп, Мәдениет үйі, Әкімшілік кеңсесі, Мешіт, Магазиндері және Медициналық амбулатория үйлері алыстан көрінетін, жасыл желекке оранған шағын ауылды көргенде қуанасың, басшысына сүйсінесің.

«Ауылын көріп, азаматын таны» - деп дана халқымыз айтпақшы, аз уақыт ішінде көп игілікті іс тындырған ауыл әкімі Даулет інімізге ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар атынан ризашылық білдіре отырып, «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын», - деп ел игілігі үшін жемісті еңбек етуіне тілектестік білдіремін.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында төрінде Елтаңба ілінген, төбесінде «Көк байрағы» желбіреген, көгінде Әнұраны шырқалған Қазақстанның асқар таулары аласармасын, дархан даласының қазынасы ортаймасын деп тілеймін.

Ел іргесі аман болсын, Бейбітшілік заман болсын, ағайын!

Нәстілек Сәменбетов,

Малгелді ауылы
«Аякөз жаңалықтары»

101, 7.ХІІ.2011ж.


Жүзге толған абыз ана
Зұлқия Оспанқұл қызы биыл жүз жасқа толып отыр. 1911 жылы қаңтар айында Дағанды болысында №11 ауылда қазіргі Шұбартау өңірінде Қатпар деген жерде әкесі Оспанқұл мен анасы Бибіштің отбасында дүниеге келген. Әкесі діни медресе бітірген, молда адам болған. Анасы Көшен – Бөпебай қажының қызы. Бұл жанұяда Нұрзейнеп, Зұлқия, Қасен, Нұрғайым, Мейіз, Ғанижамал, Қабдырахым-Қабдымүкір (егіз) және кенжесі Нұрқасым жиыны 10 бала, 7 қыз, 3ұлдан қазірде көзі тірісі Зұлқия ана мен бауыры 83 жастағы Нұрқасым ақсақал.

Зұлқия апа тұрмысқа 1927 жылы Ошақбай қажының ауылына Кәріпбай ұлы Шәмиге шыққан, Кәріпбай ұлдары Шәйкен, Шәми және Дәкен үшеуі де еліне еңбегі сіңген елеулі азаматтар болған.

Шәйкен – колхоз өндірісінің ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысынан жараланып елге оралған соң «Алғабас» колхозының төрағасы болған адам. Шәми колхозшы, еңбек армиясына қатысқан, ал Дәкен – заң қызметкері, сот төрағасы болған.

Совет үкіметі әкесі Оспанқұл ақсақалды 1929-1930 жылдары орта шаруасың - құлақсың деп қудалаған кезде Үржар жаққа қашып, кейін аман қалған.

Атасы Ошақбай қажы бір жыл түрмеде отырып совет заманында елге оралып қайтыс болған.

1930 жылы Шәми мен Зұлқия екеуі Мойынсерікке кіріп тоған қазып, қолмен егін салған, кейін Алғабас колхозына мүше болып еңбек еткен адамдар.

Колхозда аяғымен, күрекпен жер басып, кигендері керзі етік, бастарында малақай, белінде су ішетін кружка ілулі жүргенде ашаршылықта 1931-1932 ж.ж. тірі қалып, 1937 жылғы репрессияға ұшырамай, бел шешпей жүргенде Ұлы Отан соғысы басталып, Шәйкен қайын ағасы соғысқа кетеді. Шәми Сібірге еңбек армиясына кетеді. Бір колхозда әйелдер мен балалар мен бірге үш ақсақал Балқаш, Ақтайлақ және Кенжебайлар ғана қалды.

Зұлқия апа осы Балқаштың халық жауы болып қалай ұсталғанын жырдай қалып айтады. «Конституция» деген сөзге тілі келмей өлеңдетіп:



Іздедің кім деп?

Жібердің жүндеп,

Қыздарды – қатын,

Ұлдарды – отын қылдың...,

«Қантөксия» – дегені үшін ұсталған. Артында жесір әйелі мен бір қызы қалған. Ал, ауыл ұстасы Қашымәшім ақсақал қатты тасты алты қырлы қылып қашап, ішіне білік темір өткізіп бидай бастыратын шантас жасап, атқа жегіп еңбекті жеңілдеткенін де риза болып еске алады.

1933 жылы ашаршылықтан кейін Шұбартауға мал келгенде әлді деген жанұяға 10 қой, 1 сиыр, орташа жандарға 8 қой, 1 сиыр, ал әлсіз жандарға 5 қой, 1 сиырдан тиген. Осы мал өсіп-өніп, 1950 жылы «Алғабас» колхозына көрші «Тельман» атындағы және «Малкелді» үш колхоз ірілендірілгенде шопан болып еңбек етеді.

1961 жылы «Алғабас» колхоз негізінде «Алғабас» егін совхозы болып Шұбартауда алғаш рет қайта құрылып, жан-жақтан қатынасушылар-механизаторлар ағылып, техникамен жарақтандырылып, іргелі шаруашылыққа айналды.

Осы кезде де мал шаруашылығында Шәми ақсақалмен екеуі аянбай еңбек етіп, 1970 жылдардың басында зейнеткерлікке шығады. Сол 1970 жылы қыстақта отырғанда үйлері өртеніп, барлық мүліктері мен құжаттары жанып кетеді. Осының кесірінен зейнетақысының өзі ең төменгі деңгейде, «қазір барлығы 20 мың теңге ай сайын аламын» – деп, күйзеледі әже. Бұған да тәуба, 9 бала дүниеге келіп, қазір 5-і тірі, 65 немере-жиен және шөбере сүйіп отырмын. Асылхан, Нұрхауа және Сара деген балаларым жас кездерінде шетінесе, үлкенім Күлзия 75- те, Тілек -70-те, ал Мубарак (Уган) Алматыда, Төлеуғайша (Дән) тұрмыста, кенжем Егінбек қара шаңырақтың иесі, келінім Күлпән екеуінің қолында күтімдемін. Ермегім – теледидар, тамағым тоқ, ұйқым тыныш, - деп ағынан жарылды абыз әже. Ақылынан адаспаған, миы тұнық, сөзге шешен:

Көрмегенді көрдім,

Болмағанда болдым.

Жүз жасқа келдім, -деп өлеңдете,

Қызы едім Оспанқұлдың мен Зұлқия,

Қолымда ұстағаным гармонь – я.

Құдайдың бергеніне ризамын,

Өргіздім ұрпағымды жетпіс ұя, -

деген қазақтың қара өлеңімен сөзімді аяқтай келе, теледидардан кешегі өткен Астанадағы жиындарды (Самит) айтып, Елбасына ризашылықпен: «ел іргесі аман болсын, бейбітшілік заман болсын» деген батамен бізді риза қылды.

Біз де: -Сіз де аман болыңыз, Абыз әже, жасай беріңіз, - деген тілекпен көңілді қайттық.
Бауыржан Мұқашев -

Малкелді ауылдық округінің әкімі,

Нәстілек Сәменбетов -

Ақсақалдар алқасының төр ағасы,

Балтабек Дармурзин -

Т.Есімжанов атындағы орта мектептің мүдірі,

«Аякөз жаңалықтары»,

2011 жыл.

Одағай әңгімелер мен Одағай сөздер

ІV бөлім

Одағай әңгімелер

Жолдағы әңгіме

(1931 жылы Шәкәрім қажы атылғанда қызыл отрядтың ішінде болған милиционердің әңгімесі)

1982 жылдың наурыз айының басы. Ол кезде облыста партия, шаруашылық активінің жиналысына, немесе облыстық советтің кезекті сессиясына шаруашылық басшылары жиі шақырылатын.



«Алғабас» совхозында директор болып істейтінмін. Сол кездегі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Шаймағанбет Оразбекұлы Мақашевтің хабары бойынша аудан басшыларымен қоса шаруашылық басшылары облыс орталығына шақырылды. Машинамен аудан орталығы – Баршатасқа жиналып, Аягөз қаласы арқылы жүрмекші болдық. Мен Шәкеңнен Семейге Қайнар арқылы жүруге рұқсат алып, жалғыз өзім кетуге бет алдым. Аягөз – Баршатас – Қайнар тас жолы салынып біткен кезі, біздің совхоздан Семейге Аягөз арқылы 600 шақырымдай да, ал Қайнар арқылы 400 шақырым. Осы сапарға жеңіл УАЗ – 469 машинасының шоферы Өміртай екеуміз таңғы алакөбеңде жолға шықтық. Біздің жерде әлі қыс, қарлы боран болатын. Қайнар ол кезде совхоз орталығы, Абралы ауданы әлі қайта құрылмаған. Қайнар мен Саржалдың арасында тас жол толық бітпеген кез, бірақ Қайнардан өткеннен кейін көктемнің лебі білініп, жерде алашабыр ғана қар бар, машинаға жол жеңіл болды. Саржалда АЗС жолдың шетінде болатын. Бензин алуға тоқтай қалғанымызда сол жерде бір топ адамдардың жол тосып тұрғанын байқадық. Өміртай да бензинін құйып, май – суын тексеріп жатты. Мен машинадан түсіп, жол жиегінде бой жазып тұрғам. Саржал Абай ауданының «Тельман» атындағы совхозының орталығы. Бұл совхозда сол кезде меніменен институтта алты жыл бірге оқыған, жасы менен үлкен Ғалымбек Төлеуқасымов (ауыл адамдары Магинат атап кеткен) директор болатын. Енді жүруге ыңғайланғанда бізге қарай топталып тұрған адамдардың арасынан бір жас келіншек жүгіре басып келді де, өзін Семейге ала кетуді өтінді. Өңі жылы, адамға жұғымды, келе сала сәлемдесіп өзін таныстырды: - Мен Лидия ......қызы, осы «Тельман» атындағы совхоздың қой өсіруші комсомол – жастар бригадасының ұстаз жетекшісінің жолдасымын, облыстық Советтің (ол кезде «Кеңес» деген сөз көп айтыла бермейді) депутаты едім, Семейге сессияға шақырған екен, мен ауылдан келгенше совхоз басшылары қалаға кетіп қалыпты. Содан автобусқа отырып едім, ол да жаңа ғана осы жерде бұзылып, тоқтап қалды. Қалаға жете алмай, сессиядан қалып қоятын болдым. Байқауымша сіз де қалаға жиналысқа бара жатқан сияқтысыз, мені ала кетіңіз", - деді.

  • Отырыңыз, Әй, Магнит-ай, сені тосып ала кетсейші – деп, директордың атын атап, машинаның есігін ашып, ілтипат көрсетіп едім: -Директордың қалада шаруасы көп қой, соған асыққан болар, – деп, басшысын ақтай сөйлеп тіл қатты да: Қасымда екі үлкен кісілер де бар еді, ренжімесеңіз сол кісілерді де ала кетіңізші, – деп, артына бұрылып қарай берді. Өміртай екеуімізден басқа ешкім жоқ, үш адам сиятын орын бар, бос машинаны аяймын ба, ол кісілер де «отырсын» – дедім. Келіншектің шақыруымен екі ақсақал да машинаға қарай беттеді. Біреуі бойшаң, қаланың адамынша киінген, яғында етік, үстінде плащ, тік жүретін, ширақ, жасы жетпістен жаңа асқан адам да, екіншісі қарапайым, ауыл адамдарынша киінген, қолында таяқ, аласа ғана бойы бар, мыжырайған, жас мөлшері қасындағы кісімен шамалас адам екен. Сәлемдескеннен кейін ол кісілер машинаға отырды да, мен қалған адамдарға бұрылып, машинадағы бос орынға жиналысқа бара жатқан бір адам мен екі ақсақал сиятынын, өзгелерінің ренжімеулерін өтініш білдірдім. Саржалдан шыға бере қасымдағы кісілерге өзімді таныстырып, әңгімеге тарттым. Олар да ризашылықпен: «жолымыз болды, қалаға аман-есен жететін болдық» десіп, арт жақта қауқылдасып отырды. Мен Шұбартауда, оның ішінде біздің «Алғабас» совхозында әлі қыс екенін, жеріміздің Абай ауданымен жапсарлас, жайлауымыз «Шақпақты» «Көксеңгір» сияқты жер аттарын атағанда ақсақалдың қалада тұратыны: – Е, ол жерлер талай жүрген, жас кезімізде сайрандаған жерлер ғой, қазірде анда-санда атын естігенде елегізіп қаламыз, – деп сөзімізді қостап:

  • Мен қалада тұрамын, Саржалға қонаққа келіп едім, атым – Өміртай, фамилиям Смағұлов, осы Абай елінің адамымын, ал мына кісі құдандалы адам, жолда жаңа Семейдің «Знаменка» совхозына бара жатыр, Лидия бізге келін болады, қалада өскен бала еді, осы ауылға мал төлдетуге келіп жүріп, тұрмысқа шығып қалып қойды – деп, серіктерін таныстырды.

  • Сен жаңа жер аттарын атағанда жас кезім ойыма түсіп, елегізіп қалдым. Мен сендерге сол жерлерде болған ерте кездегі бір оқиғаны айтып берейін – деп, Өміртай қарт әңгімесін бастады. - 1931 жылдың жазы. Мен жас жігіт кезім. Шыңғыстау ауданында, қазіргі Абай ауданы ол кезде осылай аталатын, қатардағы милиционермін, алды – артымызды ойламайтын жас, албырт кез, оның үстіне комсомол мүшесімін. Бір күні бастығымыз шақырып алды да қалаға, Семейге барасың, бөлімге жаңа формалы киімдер және қару – жарақ әкелесің деді. Бір аптадай қалада болып, берген дүниелерін түгелдей алып, Қарауылға келдім. Бізге жаңадан киім мен қару – жарақ берілді. Бұл нағыз аштықтың басталған кезі еді. Елде байларды кәмпескелеу аяқталып, соңы орта шаруа мен кедейдің малы ортаға салынып, «белдеуде бұзау қалмасын, асыра сілтеу болмасынның» шегіне жетіп, елдің титықтаған шағы. Бұрынғы бес болыс Тобықты қазіргі Шыңғыстау елінің адамдарының алды аштан қырылып, арты Қытайға қашып жатқан, елдің берекесі кеткен, халықтың толқып тұрған «Әй дейтін – әже, қой дейтін қожа жоқ», аудан басшылары биліктен айырлған, не істейтіндерін білмейтін уақыт болатын. Мезгіл май айының кезі. «Ауданға ел басшысы Алматыдан Елтай Ерназаров келеді екен», деген хабар дүңк ете түсті. Естері шығып, не істейтіндерін білмей жүрген аудан басшылары әбігерге түсіп, 3 – 4 киіз үй жинастырып, ауыл шетіне тіккізіп, дайындала бастады. Ішкі Істер Бөлімінің қызметкерлері сол үйлерді күзететін болдық. Сөйтіп жүргенде Елтай да келді. Аудан басшыларында зәре жоқ, «қайсымызды орнымыздан алып, айдатып жібереді» деген күдік бастарында, зыр жүгірісіп, қонақтың қасында жүр. Біздер жаңа киім киген, қару-жарақ асынған, милиция қызметкерлері, көзіміз айнала жиналған халықта, құлағымыз «ел басшысы не айтар екен» деп түрулі, кезек ауысып үйлерді күзетіп тұрамыз.

  • Аудан халқы жиналып, үлкен жиын болды. Сөзді Алматыдан келген ел ағасы Елтай алды. Ақсақалдың әңгімесін бұзып, аз ғана шегініс жасайық. Елтайдың осы сапарында оның қасында сол кездегі Қазақстанның үкімет басындағы бірсыпыра адамдары, министрлер мен жауапты адамдар да болған. Олар:ҚазақАССР – нің заң министрі Айтмағамбетов, Республика прокуроры Көтібаров, Республикалық партиялық бақылаудың тергеушісі Шынболатов, Казживсоюздың бастығы Тәттібаев, Аягөз аудандық партия комитетінің секретары Ілбісінов, т.б. болған. Елтай алдымен көкек айының аяғында қазіргі Семей облысы Шұбартау ауданының сол кездегі орталығы Өгізтауда болып, 1 май мерекесіне арналған митингіне қатынасқан. Осы 1931 жылы наурыз айында Шұбартауда да көтеріліс болып, ауданды көтерілісшілер басып алып, талап, ал аудан басшыларымыз дегендер салт ат үстінде жүрген кезі болатын (Н. С)

Елтай Ерназаров: - бүкіл Республика бойынша жағдайды айта келіп, өзінің ел аралап шыққанын, жүрген жерлерінде жағдайдың қиын екенін айта, әсіресе Шұбартау мен Шыңғыстауда елді ашаршылық жайлағанын, халық толқып, не істерін білмей, алды Қытайға өтіп жатса, арты аштықтан қырылып жатқанын айта келіп, аудан басшылары биліктен айырылып қалған, не істейтіндерін білмейді, мен орталыққа Алматыға бұл жағдайды түгел жеткіземін, көмек жасаттырамын, шара қолданамыз, ал осы көмек келгенше мына халықты тоқтататын, үгіт – насихат айтатын, көндіріп елді басатын осы елден бір адам табылмағаны ма? - деп, халыққа сөз тастайды. «Бар! Бар ондай адам! Ол Шәкәрім қажы! Халық бір тоқтаса сол кісінің сөзіне ғана тоқтайды, сол айтқан үгіт – насихатқа ғана көнеді, соған иланады» – деген дауыстар әр жерден естіліп жатты. Аудан басшыларына бұрылған Елтай: -Ол кім, қандай, қазір қайда, неге шақырмайсыздар? – деді. Онсыз да берекелері кетіп, зәрелері ұшып тұрған аудан басшылары: - Ондай адам бары рас, Шәкәрім қажы, Құнанбай немересі, ақын, оқымысты адам, қажы, қазір бұл жерде жоқ, – деп ақталып жатты. - Онда неге шақыртып алдырмайсыздар, қажыларыңызды, сөйлесейік, – деді Елтай. Аудан басшылары қолма – қол қос атпен Шәкәрімге кісі шаптырды да, «оны алдырамыз» деп, «Шақпақта» тошаласында жатқан қажыға хабар жіберді. Жиын тарап, Елтай мен аудан басшылары қажының келуін күтті. Ертеңінде сәске түс мезгілінде астында үлкен қоңыр аты бар Шәкәрім келіп түсті. Үстінде жеңіл шапан, оның бір етегін беліндегі жалпақ кісесіне қайырып іліп алған, басында бір құлағын ішіне жымқырып киген елтірі тымақ, аяғында саптама етік, қолында сары ала тобылғы сапты қамшысы бар, есік алдында тұрған Елтай бастаған аудан басшыларына қарай жүрді. «Ассалаумағалейкум» – десіп салқын амандасқаннан кейін сөзді Елтай бастады. Кешегі жиындағы сөзін қайталап, елдің, аудан басшыларының ұйғарымын, өзінің Шәкәріммен сөйлесіп, Алматыдан көмек келгенше елдің ішінде үгіт-насихат жүргізіп, халықты тоқтатыңыз, ол сіздің ғана қолыңыздан келеді деп тұр мына аудан басшылары, оған қалай қарайсыз, – деп, қолыңдағы қамшысының өрімін сабына екі бүктеп ұстап, жер таянған, өзі жүрелеп бір тізесімен топ адамдардан үш – төрт қадам жерде отырған Шәкәрім қажыға зіл тастай тіл қатты. Осы тектес әңгіме үш рет қайталанып, Шәкәрімге үш рет сұрақ қойылды. Айтылған сөзге не ия, не жоқ деп, Шәкәрім ләм – мим деп аузын ашпады. Елтай бұрылып киіз үйге қарай беттеді, соңынан ерген ауданның атқа мінерлері де арттарына қарайлай үйге қарай беттеді. Олар теріс айналып, қозғала бастағанда Шәкәрім қажы да жерге тіреп отырған қамшыға сүйеніп тұрды да, шапанының етегін, тізесін қаға қозғалып, атына қарай беттеді. Атына мініп Шыңғысты бетке алып жүріп кетті. Дәл осы кезде үйге кірместен артына бұрылған Елтай қасындағыларға: - Бәрін бүлдіріп, елді үгіттеп жүрген осы «қажыларың» екен – деп, Шәкәрімнің артынан қарап тұрды. Мезгіл тамыз айы, 1931 жыл Шыңғыстауда көтеріліс болып, көтерілісшілер Рай КК – РКИ-ның бастығы Олжабайды өлтіріп, абыр – сабыр болған кезде, Бақанаста Рамазан деген комсомол мұғалімді әйелі екеуін өлтіріп кетіпті – деген суық хабар дүңк ете түсті. Елге тыныштық бермеген бандыларды ұстау керек деген нұсқаумен Шыңғыстауға екі отряд келді. Бір отрядты Қарқаралыдан ОГПУ бастығы Абзал Қарасартов, екінші отрядты Семейден С. Халитов деген ОГПУ адамы басқарып, әр отрядта 10-15 адам бар, аудан орталығы Қарауылға келіп жетті. Екі отряд басшысы бандыны ұстау жоспарын құрып, отрядты азық – түлікпен, көлікпен толықтырып, ауданның жер жағдайын жақсы білетін адамдармен қоса аудан милиционерінен де 3-4 адамды отрядтарына қосып алды. Соған мен де қосылдым. Шыңғыс тауының ішін сүзіп шығу мақсатымен екі отряд араларын онша қашық ұстамай «Шақпақтан» бастап, «Байқошқар – Тай» өзендерінің бойымен шығысты бетке алып «Қазбала», «Керегетас», «Жәнібекке» қарай беттеп келе жатты. Қазан айының басы болатын. Күздің ұсақ жаңбыры жауып, айнала бұлыңғыр, тұман болып, маңайды анық болжатпайды. Сөйтіп келе жатқанда, бір сайдан сөнбеген оттың қоламтасы кезіге кетті. Жаңбырдың суымен бықсып жатқан қоламтаны көрген отряд басшылары: - Мынау түнде бандылар осы жерге түнеп шыққан жер екен, жаққан оттары әлі сөне қоймапты, яғни бандылар осы маңайдан ұзаған жоқ, тез арада ұстау керек – десіп, екі отряд қатар тау ішін сүзіп шығысқа қарай жүреді, ал тамақ, басқа жабдығы бар көліктер ақырын отряд артынан жылжып отыратын болып келісілді де, аттарының ер-тұрманын жөндеп, қару-жарақтарын сайлап, екіге бөлініп аттанып, жүріп кеттік. Көп ұзамай сайды өрлеп келе жатқанымызда алдымыздан астында жал-құйрығы төгілген үлкен торы аты бар, тақымында мылтық, жалғыз салт атты сайдың келесі бетіндегі қой тастарды сатыр-күтір еткізіп, шаба жөнелді. Сол-ақ екен, «әне, әне кетті, ұстаңдар, атыңдар»! – деген отряд бастығының дауысы да естіліп, бәріміз сайдың бетіне қарайлап қойдық. Сөйткенше болған жоқ, салт атты бағытын шығысқа бере көлденеңдей берді. Мылтық гүрс ете қалды. Атқан отряд бастығы татар Халитов екенін көріп келеміз, салт атты адамның оң аяғынан оқ тиді, ол оң қолымен жілігінен үзіліп кеткен аяғын қайыра ұстап, сол қолы аттың тізгінімен мылтығын қоса көлденең ұстап, атының басын бұра отряд қуғыншыларына бұрылып айғай салып: «Атпаңдар, атпаңдар! Мен Шәкәрім қажымын, ешкімге зияным жоқ адаммын, мен керек адаммын сендерге»! – деп қарсы қарап айғай салды. Халитовтың мылтығы тағы да гүрс ете түсті. Ат үстіндегі кісі жерге құлап түсті, торы ат ойнақтап шыға берді. Сол жерде отрядтың барлық адамдары жиналып қалды, атты да қолма қол ұстап әкелді. Қан құшып өліп жатқан адамды жазда Елтай келгенде көргенім бар, оның үстіне қасымыздағы жол бастап жүрген ел адамдары бар, бәріміз Шәкәрім қажы екенін жазбай таныдық. Отрядтың екі бастығы А. Қарасартов пен С. Халитов екеуі де қолма қол сол жерде «бандының басшысы ұсталды, атып өлтірілді» - деп, протокол толтырып, қол қойып, қос атпен отрядтың бір жауынгерін Қарқаралыға, екіншісін Шыңғыстау арқылы Семейге аттандырды.

Ал қалған адамдарға Шәкәрімнің сүйегін алып жүру, жақын жердегі елді мекенге апару тапсырылды. А. Қарасартовтың кейінгі жазғанындай: «Мен Шәкәрім сүйегін сол жердегі елді мекенге апарып,ел адамдарына зиратқа жерлеуді ұйымдастырыңдар» - деген сияқты сөздер айтқанмын дегені ешбір шындыққа келмейді. Шындығы Шәкәрім сүйегінің бір бос құдыққа тасталып, бетін жеңіл- желпі топырақпен жаба салғаны анық. Ауыл адамдарының ішінен үлкендер бір жас жігітке «сені ешкім байқамайды, тал, бұтаның арасымен тығылып барып Шәкәрім сүйегі жерленген жерді көріп қал» - деп құдықтың кейін белгілі болуына 1961 жылы Ахат ақсақалға сол «бала жігіт» есейген жасында орынды көрсетуге себепші болғаны шындық. Ол – Қабыш Керімқұлов еді. Бұл әңгімені мен Шәкерім толық ақталмай тұрғанда естісем де қағазға 1993 жылдың наурызында түсірдім. Қазір осы әңгімені айтқан ақсақал бар ма, жоқ па – оны да білмеймін. Ал Шәкәрім қажы атылғанда оның астында торы жорға аттың болуы да жұмбақ. Ол ат бүкіл Шыңғыстауға белгілі болған ат, атып өлтірілген Олжабайдың аты, яғни аудан басшысының аты болған. Ал, осы торы жорға ат туралы Абай ауданынан М. Түңлікбаев «Қарасартов хаттары» деген мақаласында («Семей таңы» қаңтар, 26.1991ж) былай деп жазды. «1931 жылы Шыңғыстау мен Абыралы өңірінде болған дүрбелеңдер «аша тұяқ қалмасын» саясатына наразылықтан туған әрекеттер. Бұларға саяси бағасын беретін кез жетті. Олжабайдың тақымындағы торы жорға атты Шәкәрімге апарып беруші Берлеш, ол оны Шыңғыстау көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Қ. Солтабаевтан сұрап алған. Білетін қариялардың айтуы бойынша ол ат 1932 жылға қарай аштан өлген Шәкәрімнің Қабыш деген баласынікі болса керек. Осы торы жорға аттың ұзақ жылдар бойы Шәкәрімді ақтауға Қарасартов үшін қарсы айғақ болып келгені өкінішті – ақ» - деп нақты дәлел келтірді. «Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанған» мына заманда халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының соңғы қайғылы қазасын қағазға түсіруді өзіме парыз санадым. Әңгіме айтқан қарт Шәкәрім ақталғаннан кейін бұл естелік әңгімесін басқа жерде газет, журнал бетінде жариялап, радио, теледидардан айтты ма, оны да білмеймін. Мен осы әңгімені естігенде Шәкәрімнің толық ақталмағаны, баспа бетінде бірлі-жарым өлеңдері басылғаны ғана анық. Қазіргі заманда Шәкәрім туралы том-том кітаптар жазылып, мақала естеліктер шығып, кино түсірілген шақта, барлық шығармалары баспадан шыққан кезде бұл мақала үлкен жаңалық та бола қоймас. Бірақ та ақыретке оралмай, арулап жуылмай, жаназасы шығарылмай, өзі айтқандай:..... «Қаласың қай сайда?» - деп құр құдықта отыз жыл жатқаны анық, Халитов деген жендеттің атқаны анық.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет