Нәстілек Сәменбетов Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім (тарихи-шежірелік жинақ) Алматы – 2017 ж «Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім»



бет49/49
Дата26.01.2018
өлшемі13,67 Mb.
#34037
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Алғыс

Демеуші жайлы
Кітапты оқып шықсаңыз, Нәстілек ағамыздың бұл еңбекті негізінен 2013 жылы жинақтап болып, баспаға әзірлегенін бірден аңғаруға болады. Демек, бастыру үшін қажетті қаржысы болмағанын сезесің. Рухани байлығы мол мұндай адамдар көбіне қолы қысқа болып келеді. Бірақ, халыққа, ұлтқа дүние байлығы төгіліп, шашылып жатқан кейбір байлардан жүздеген есе артық пайда келтіреді.

Иә, бәрі де Алладан. Сондықтан да мұндай игілікті істерге қол ұшын беретін Атымтай Жомарт азаматтар санаулы болса да бар. Ондай азаматтар халық алғысына бөленеді, игілікке кенелген үстіне кенеле береді. Әсіресе, елі мен жерінің асыл қазынасына қамқорлық көрсеткен қаржылы азаматтарға мың да бір рахым, алғыс.

Нәстілек ағаның осы бір туған жері жөніндегі жазған тарихи-шежірелік еңбегіне ақ жүрегімен қарап, керемет бай болмаса да бір өзі демеушілік жасаған жас кәсіпкер Ардақ Сайлауғалиұлы Суықбаев (суретте) інімізге тек автор ғана емес, осы кітапты оқыған қалың оқырман рахмет айтатын болады.

1975 жылы бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туып, осы ауылдағы орта мектепті бітірген Ардақ армия қатарынан оралысымен ерінбей бірден Семей қаласындағы «Аймад» құрылыс «ЖШС»-нда құрылысшы болып еңбек жолын бастаған. 2002-2007 жылдар құрылыс саласында бригадир, шебер, 2007-2011 жылдары Алматы политехникалық колледжінің «ғимараттар мен үй салу және пайдалану» бөлімін бітірген.

2012 жылдан бастап «НАЗ-НС-2013» «ЖШС»-ның бас директоры. Тынымсыз еңбегі мен ізденімпаздығының арқасында белгілі кәсіпкерлер қатарына қосылып, 60-70 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған Малкелдіден шыққан азамат. Ол зайыбы Ләйлә екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп жатыр.

Ауылының тарихын танытуға ат салысып отырған Ардақ інімізге ісіңді Алла қолдасын, әрқашан жолың болсын демекпіз!



Бақытөмір Шалғынбай,

кітап редакторы.

Сөз соңы

«Алғабас ауылым, Малкелді мекенім» атты осы кітапты жазып, қазіргі шағын ауыл, кешегі іргелі шаруашылық болып есептелетін Шұбартау өңірінің бір пұшпағы Малкелді ауылы туралы деректерді қорытындылай келе менің түйгенім: Қазақстанның әр өңірінің өзіндік тарихы өте бай, өте күрделі және қызықты да қайғылы болып келеді. Осы кітапқа есте қалғандар мен естеліктерді пайдаланып жаздым. «Есте қалғандар» деп отырғаным менің 72 жыл ғұмырымның 36 жылы осы ауылда, қасиетті Бабаң елінде өткендіктен бәрі менің есімде. Ал, «естеліктер» деп отырғаным қарт ұстаздар: Нұртөлеу Ұзақбаев пен Мұқан Мағауин ағаларымыздың өз қолдарымен осы ауыл өмірі туралы жазғандары, хаттары мен естеліктері. Әртель Шаяхметовтың, Малкелдінің адамдарының кешегі ауыл туралы өлеңмен жазған толғауында да осы Малкелдінің адамдарының бір кездегі өмірі суреттеліп, сол алғашқы ұжымдық шаруашылық уақытындағы адамдардың аттары айтылып-жазылған шежіре іспеттес ауылдың 150 адамының аты аталады. Кезіндегі шаруашылық басшыларының баяндамалары мен сөздері де ауыл тарихын бейнелейтіндіктен толық келтірдім. Кітапты жазуға түрткі болып, қолдау көрсеткен бүгінгі Малкелді ауылының әкімі Дәулетқали Аяпбергенұлына алғысым шексіз.



Нәсіпбек (Нәстілек) Сәменбетұлы,

2013 жыл.

Мазмұны
І бөлім

Сөзі ұран, ісі өнеге бабалардың

  1. Сөзі ұран, ісі өнеге бабалардың.......................................................12

  2. Жобалай би...............................................................................15

  3. Шақантай батыр........................................................................22

  4. Байқотан би...............................................................................30

  5. Томан би....................................................................................41

  6. Ноғабай балуан.........................................................................56

  7. Бегеш шешен.............................................................................61

  8. Ер Самалдық..............................................................................75

  9. Керей Уәйіс ақын.......................................................................90

  10. Халық ақыны – Кәкім...............................................................115

  11. Халық ақыны – Төлеу Көбдіков..............................................140


ІІ бөлім

Қысқаша ел тарихынан және ауыл тарихы

  1. Қысқаша ел тарихынан және ауыл тарихы..............................152

  2. Ауыл тарихы............................................................................160

  3. Қымбатты жолдастар...............................................................164

  4. Ауылда колхоз ірілендірілген және совхоз құрылған кездерде қызмет істеген ауылшаруашылығы мамандары.......................184

  5. Ауыл мектебі............................................................................194

  6. Ауылдағы жер аттары мен қыстақтардың орны......................203

  7. Советтік заманда үкімет наградаларымен марапатталғандар....................................................................207

  8. Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері үкімет наградаларын алғандар...........................................................211

  9. Ардақты аналар.......................................................................213

  10. Ауыл ауруханасы....................................................................220

  11. Ауылдағы Ауған соғысының ардагерлері..............................224

  12. Ауылдағы кен орны.................................................................228

  13. Бүгінгі ауыл.............................................................................234

  14. Ұлы Отан соғысының ардагерлері..........................................262


ІІІ бөлім

  1. Ауыл ақындары.......................................................................290

  2. Ұстаздар әулеті.......................................................................322

  3. Ауылдан шыққан қажылар......................................................325

  4. Ауыл ардақтылары мен атақты адамдары..............................330

  5. Мақалалар...............................................................................359


ІV бөлім

Одағай әңгімелер мен Одағай сөздер....................................................370



Суреттер ................................................................................................429



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет