Біріншілік Біріншілік Психиканың патологиялық өнімдері сандырақтық түрде дамиды. Екіншілік Ой түйіндеу өзгерген фонда дамиды, мысалы, ауруға қауіп төндіруші есту вербальды галлюцинациялары және оған сәйкес соңына түсу сандырақтық идеялары бар.
Жүйеленген
науқас болып жатқан оқиғаны түсінеді, алайда қиындықпен немесе ұзақ уақыт аралығында.
Жүйеленбеген
Науқас санасында айтылған және болып жатқан оқиғалардың сарапталмауы.
Шығу тегі бойынша
Резидуальды сандырақ
Психоз жағдайынан кейін біршама уақыт бойы жалғыз симптом ретінде қалатын бейнелік сандырақ, науқастың жүріс-тұрысына әсер етпейді.
Индуцирленген сандырақ
Сау адамдардағы қате пікірлердің пайда болуы сандырақпен зардап шегетін адамдармен байланысты болады: примитивті, ситуацияны сыни көзқараспен, дұрыс түйіндей алмайтын адамдарда дамиды.
Жабысқақтықтар (обсессиялар) Еріктен тыс пайда болатын, науқас ойын жаулап алатын және науқас үшін бөтен, дертті жағдай ретінде қабылданатын ойлар мен күйзелістер, науқас оларды өз ерік күшімен жеңе алмайды. Оларды екі топқа бөлеміз: 1-бейтарап, яғни науқас үшін индифферентті, айқын эмоциялық реакциялармен жүрмейді. 2-бейнелік науқас үшін ауыр және айқын аффективті жауаппен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |