Кіріспе
Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы(Сағызбайқызы) шілдеайының 27жұлдызында 1887 жылы Торғайда дүниеге келіп, 1934 өмірден озды. Ол - ағартушы-педагог, этнограф, журналист -аудармашы. Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебін, 1902 жылы Қостанайдағы қыздар гимназиясын бітірген. 1913 жылы орыс географтар қоғамының мүше болған тұңғыш әрі жалғыз қазақ әйелі еді.
Нәзипа Құлжанова – мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы ғалым, көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында (1920-1930ж.ж)Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер (балабақша, мектепке дейінгі мекемелерді ашу үшін орасан мол қаржы керек еді (арнаулы үй, жиһаз, оқу құрал-жабдығы, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, т.б. сатып алу қажет). Екіншіден, балаларға арналған жиһаз, ойыншықтар шығаратын өндіріс орындары жоқ болатын. Сондықтан, оларды шет елдерден қымбатқа сатып алуға тура келді. Үшіншіден, мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ететін маман кадрлар тапшы-тын. Оларды даярлайтын арнаулы оқу орындары болмады. Төртіншіден, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне қажетті оқу-әдістемелік құралдар жетпейтін. Міне, осы проблемаларды шешу ісімен алғашқы Кеңес үкіметінің басшыларымен бірлесе отырып А.Оразбаева, Н.Құлжанова, Ш.Шонанова, С.Есова сияқты көрнекті
Қорытынды
Педагог Италия, Швейцария, Шотландия елдеріндегі балалар бақшасының тәжірибелерін үлгі етіп ұсынады.
Құлжанова 1927 жылы Қызылордада қаласында «Ана мен бала тәрбиесі» әдістемелік кітабын баспадан шығарды. Автор бұл еңбегінде педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестер береді. Белгілі этнограф А.А. Затаевич Нәзипадан «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жазып алған. Публицист ретінде «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарына елдегі оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық мәселелеріне байланысты мақалалар жазып тұрды. А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, т.б. ақындар Құлжановаға арнап өлең жазған. Нәзипа аударма саласында да елеулі жұмыстар атқарып, қазақ оқырмандарын В. Короленконың «Күн тұтылғанда» (1923), А. Куприннің «Лапылдап жанған крейслер» (1927), Б. Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928) сияқты шығармаларымен таныстырды. Арқалық қаласында бір көшеге ерлі-зайыпты Құлжановтар аты берілген. Арқалықта Құлжанова атындағы колледж жұмыс істейді. Семейлік жас ғалым Г.Кәріпжанова баспадан «Нәзипа Құлжанова - ағартушы, қайраткер» деген жинақ шығарды
Достарыңызбен бөлісу: |