Нишанбаева сабира зетбековна


Кесте 6 – Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің



Pdf көрінісі
бет31/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

Кесте 6 – Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің 
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тұғырлары 
 
№ Тұғырлар 
Сипаттамасы 



1 Аксиологиялық 
тұғыр
Отбасының микро, мезо және макрофакторлармен 
өзара әрекеттестігінің аксиологиялық әлеуетін ашып 
көрсетеді.
2 Әлеуметтік-
гуманистік тұғыр 
Отбасының әлеуметтік мәнін және оның басқа 
әлеуметтік институттармен өзара әрекеттестігін 
қарастырады.
3 Жүйелілік-
құрылымдық 
тұғыр
Отбасылық қатынастар типін ашып көрсетеді. 
4 Іс-әрекеттік 
тұғыр
Отбасының қоғаммен өзара белсенді әрекеттесуі, 
онда адам субъекті рөлін атқарып, объектіге 


мақсатты бағытталған ықпал жасайды және өзінің 
қажеттіліктерін қанағаттандырады.
5 Мәдениеттаным 
дық тұғыр 
Студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
құрылымдауда мәдениетпен объективтік байланысы 
негізінде студенттің мінез-құлқындағы құндылықтар 
жүйесін зерттейді. 
 
Кестеде көрсетілген тұғырлар педагогикалық жоғары оқу орындары 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастыруда 
маңызды рөл атқарады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысының бірі құндылық 
тұғыры, оның мәні отбасын құндылық ретінде қарастырумен сипатталады.
Құндылықтың белгілі бір тарихи-мәдени жағынан шоғырланған және 
жалпыадамзат пен жеке этнос мәдениетінің мәнін көрсететін адамның өзінің 
мінез-құлық нормалары мен мақсаты туралы жалпы түсінігі екенін ескеретін 
болсақ, әлеуметтік қоғамдық қатынастар институты формасындағы 
заттандырылған элемент ретінде отбасында қалыптасады. Демек, 
құндылықтардың пайда болуы, біріншіден, адам мен қоғамның 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын заттар, құбылыстар мен олардың 
сапаларымен байланысты болса, екінші жағынан, құндылық адам мен 
қоғамның заттарды, құбылыстарлы бағалауымен байланысты пайымдаулары 
ретінде қатысады [150].
Жалпы алғанда, «құндылық» ұғымы объективтік және субъективтік 
тұрғыдан қарастырылады. Объективтік тұрғыдан, объективтік-идеалистік 
теорияларға сүйене отырып, құндылық кеңістік пен уақыттан тыс мән 
(Лосский, 1994); материалистік теория бойынша қоғамдық қатынастың 
көріну белгісі және қоғамдық сананың нормативтік-бағалану жағы 
(Анисимов, 1988; Архангельский, 1978; Здравомыслов, 1986; Каган, 1997; 
Тугаринов, 1988) ретінде анықталады. Субъективтік-идеалистік теория 
тұрғысынан, құндылық сананың құбылысы ретінде адамның бағалайтын 
нысанаға субъективті қатынасы деп түсіндіріледі; натуралистік теория 
тұрғысынан құндылық адамның табиғи қажеттіліктерін немесе табиғи 
заңдылықтарын көрсету ретінде қарастырылады (Маслоу, 1987; Олпорт, 
1998). 
Экзистенциалдық-гуманистік 
парадигма 
аясында 
құндылық 
адамзаттың тарихта қалыптасқан жағдаяттарын талқылаудың мәні (Ницше, 
1994; Франкл, Э.Фром, 1992). Бұл ғалымдар социологиялық ғылымында 
құндылықты жасаудың қажеттілігін негіздеп, қоғамды құнды – нормативтік 
жүйе ретінде түсіндіруге үлес қосты.
Т.Парсонстың құрылымдық-функционалдық тұжырымдамасына сәйкес 
құндылықтар кез келген әлеуметтік жүйе және оның құрамдас бөліктерінде 
өзінің бірлігі мен тұтастығын сақтау, өзін-өзі реттеу, ортақ келісімге келуді 
жүзеге асыру үшін қалыптастырылған ең жоғарғы ұстанымдар [151]. 
Отбасын талдауда құрылымдық-функционалдық теория тұрғысанн 
ұсынған талаптар маңызды. Олар отбасы қызметтерінің әмбебаптығын 
қолдайды, бірақ әртүрлі мәдениеттегі өзіндік ерекшелігін теріске 


шығармайды. Бұл теория отбасы мәртебесі мен рөлінің біріншілік идеясын 
басшылыққа алады.
С.Е.Нұрмұратов құндылықтар типтерінің жіктемесін бөліп көрсетуде 
мынадай 
тұжырымдамаларға 
сүйенеді: 
натуралистік 
психологизм, 
аксиологиялық трансцендентализм, персоналистік онтологизм, мәдени-
тарихи релятивизм, әлеуметтанушылық [21, б.89-94]. 
Н.Л.Москвичеваның психологиялық зерттеуінде студент тұлғасының 
құндылық бағдар жүйесінің оның тұлғалық ерекшеліктері мен әлеуметтену 
факторларының байланысында отбасына құндылық бағдары зерттелінеді 
[152]. 
Отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кешенділік сипатқа ие. Отбасын 
әлеуметтік зерттеудің күрделілігі «респондент-топ» ретіндегі өзіндік 
айырмашылықтарымен түсіндіріледі. Ол әлеуметтік қатынастар мен 
әлеуметтік өзара әрекеттесу жүйесінде екіжақты функцияны: бір жағынан, 
отбасы – кіші (тіпті микро) топ ретінде; екінші жағынан, қоғам, сондай-ақ 
мемлекеттің өмір сүру формасын өндіретін маңызды дәстүрлі әлеуметтік 
институт ретінде ерекше міндеттерді (адамдардың мобилділігі мен өзара 
әрекеттестігінің әлеуметтік жүйесі - тұлға, топ, қауымдастық) атқарады.
Отбасының құрылымы оның негізгі элементтерінің (өмір салты, 
дәстүрі, өзге отбасымен және қоғаммен өзара қарым-қатынасы) тұтастығын 
қамтамасыз етеді. Сондықтан алдымен отбасының сандық құрамы 
(құрылымы), соған қарай типологиясын анықтайтын мәселелерді зерттеу 
қажет.
Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып табылады. 
Некелік серік саны бойынша отбасы моногамиялық (бір ер адам мен бір әйел 
арасындағы неке) және полигамиялық (бір индивид пен бірнеше индивидтің 
арасындағы неке) деп ажыратылады.
Моногамиялық отбасының басқа да сипаттамасында отбасыішілік 
қатынастарда және олардың құқығын реттеуде әртүрлі культтік вариация 
сақталады. Полигамиялық отбасының екі нұсқасы бар: полиандрия (көп 
некелік) және полигиния (көп әйел алушылық). Зерттеушілердің 
пікірлерінше, отбасының полигамиялық формасы бұрыннан болған және 
оның өзіндік тарихи-мәдени, этникалық, діни ерекшеліктері бар. Ал 
моногамиялық отбасы салыстырмалы тұрғыдан кейінірек пайда болды [153].
Бүгінгі таңда отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстардың (ажырасу 
санының артуы, көптеген отбасының дүниеге бір нәрсете әкелу бағытын 
ұстануы, жалғызбастылық) орын алуы көпшілікті алаңдатып отыр. 
Сондықтан индустриалды дамыған мемлекеттерде ажырасулар мен екінші 
рет некеге тұрушылар санының көбеюіне байланысты көбінесе, 
моногамиялық отбасы, яғни ер адам (әйел) бір серіктеспен некеге тұратыны 
жөнінде сөз қоғалады.
Ұрпақтар саны бойынша отбасының төмендегідей түрлері бөліп 
көрсетіледі:
а) күрделі (кеңейтілген) отбасы, онда бірнеше, кем дегенде үш ұрпақ: 
ата-баба, ата-ана және балалар бірге өмір сүреді. Қазақстанның көптеген 


аймақтарында бұл тип сақталған, ол ауылдық өмір сүру салтының мәнімен 
анықталады. Бірақ соңғы жылдары экономикалық қажеттіліктерге 
байланысты күрделі отбасылар саны азаюда;
б) қарапайым (нуклеарды) отбасы, оның мүшелері екі ұрпақтан (ата-
анасы мен балалары) тұрады. Отбасының бұл типі қазіргі уақытта басымырақ 
болып келеді. Бірақ, кейбір авторлар «Қайта өрлеу» дәуіріндегі кеңейтілген 
отбасының өзіндік әлеуметтік-психологиялық модификациясы туралы 
қарастырады, онда тұлғаралық қатынасты (мысалы, бірлескен бос уақытты, 
отбасылық мерекелерді ұйымдастыруда, телефонмен хабарласуда) қолдайды, 
бірақ әртүрлі ұрпақтардың жеке өмір сүруі сақталады.
Нуклеарды отбасының екі түрі болады: екі ата-анасының да болуы 
(толық отбасы) және ата-анасының біреуінің болмауы (толық емес отбасы). 
Толық емес отбасының ажырасу немесе жесір қалуына және некесіз 
туылғандықтан, ананың өзінің тәрбиелеуіне байланысты да жіктейді [25, 
б.74-79].
Сонымен бірге бинуклеарды деп аталатын отбасы типіне келетін 
болсақ, ажырасқан соң екі ерлі-зайыпты да жаңа отбасын құрады, 
нәтижесінде баланың төрт ата-анасы (екіден туған және тумаған) болады, 
олардың арасындағы қарым-қатынастың жалғасуына байланысты бала 
кезекпен екеуімен де бірге тұрады. Кейде екі отбасы да бос уақытты бірге 
өткізуі мүмкін. Баланың жақын туыстарымен үй ішімен, соның ішінде, аға-
іні, әпке-сіңілі арасындағы қатынастың кеңеюі бала тұлғасының 
әлеуметтенуіне қолайлы немесе кері ықпал етуі мүмкін.
Отбасының педагогикалық типологиясы үй ішінің дәулеті, әлеуметтік 
жағдайы секілді белгілеріне бағытталған тәрбиелік қызметтеріне негізделеді.
Некелік-отбасылық қатынастардың (билік формасына қарай) қоғамдық 
нормаларға сәйкестілігі тұрғысынан отбасының типтері бөліп көрсетіледі: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет