Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні
Өткен жылы ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдық мерейтойын атап өту барысында істелінген істер келер ұрпаққа үлігі-өнеге боларлық жай. «Ахметтану» саласының игі бастамасы, алып бәйтеректі алашқа қайта таныту мақсатындағы сара жолдың алғашқы соқпақтары іспетті. Жыл ішінде республикамыздың барлық білім ордаларында өткен ғылыми-практикалық конференциялар, баспасөз беттеріндегі толассыз жарияланған мақала, монографиялар, Алматыда ашылған мұражайы, орнатылған ескерткіш-бюсті, «Рауан» баспасынан жарық көрген «Әліп биі» қала, ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмыстарының (кездесулер, кештер, жарыстар) арнайы ұйьмдастырылуы бүкіл қазақтың зиялы қауымының, болашақтың тірегі жас бүлдіршіндердің ұлттық санасының қалыптасуы мен жаңаруына зор ықпалын, игі өсерін тигізді десек артық айтқандық емес. Мұндай жасампаз жұмыстар бүгінгі жастарға адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде, жан-жақты дамыта отырып оқыту ісін де жаңа деңгейге көтеруге зор үлес қосуда. Ұлтық мүдде ұраншысы, оқу-ағарту ісінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік тағылымын әр қырынан таныту, оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын іздестіру, ұрпақ тәрбиесінде ұлт жұмысын ұлғайту мақсатындағы ұлы істерін үлгі әрі тағлым ету болашақта да ары қарай жалғасын таба беретін мәңгілік мұрат. Ахмет Байтұрсынов артына айта берсе таусылмас мол мұра қалдырған. Сол мол мұраның бір саласы көркем аудармадағы үлесі қалайда халқын ояту, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге» шақыру мақсатында, ол ұлы Абай салған соқпақты — аударма ісін жалғастырады. Абай Құнанбаевтың орны тілі арқылы батыс философ ғалымдары Дарвин, Милл, Спиноза тағы басқа еңбектерімен жақын таныс болғанын, көне грек кемеңгерлері Сократ, Аристотель, Платон еңбектерін үлгі еткендігін білеміз. Орыс әдебиеті үлгілерін Абай жете меңгеріп, Крылов, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Салтыков-Щедринді терең танып, олардың шығармаларын қазақ ті-ліне аударып, аударма існе жол салып, өз халқының «жақсы», «жаман» мінезін ашуда, сансын оятуда басты құрал еткен, яғни XX ғасырдың бес кезінде орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісіндегі Абай, Ыбырайдан басталған жолды Ақылбай, Мағауия Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, М. Сералин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, АБай-турсыновтар жалғастырып, игі дәстурге айналдырды. А. Байтұрсынов алғаш рет 1909 жылы өзінің «Қырық мысал» атты аударма еңбегін жинақ етіп бастырып шығарды. И.А. Крылов өзінің мысал өлеңдеріне біздің эрамызға дейінгі VІ ғасырдағы грек мысалшысы Эзоп, I ғасырда өмір сүрген Рим мысалшысы Федр, ХҮІІ ғасырда өмір сүрген француз мысалшысы Лафонтен мысалдарының сюжетін пайдаланса, Ахмет А.С. Пушкиннен бір топ мысалдар, оған қоса И. М. Хемницердің «Ат пен есек» шығармасын, орыстың белгілі лирик ақыны Семен Яковлевич Надсонның бір өлеңін қазақ-шаға аударған. Бұл И.А.Крылов шығармаларының қазақ тіліндегі тұңғыш жеке жинақ кітабы болып табылады.
Ахмет Байтұрсынов осы «Қырық мысал» жинағына жазған «Замандастарыма» деген өлеңінде:
Орыстың тәржіме еттім мы салдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып, қоңырайма құрбыларым.
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күн қайда үздік шығар топты жарып.
Ат тұрмас аяғымда желі болса,
Дүсірлеп ішлса біреу қиқу салып.
Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,
Естілсе қулағына дүбір барып.
Әйтпесе арық шауып оңдыра ма.
Жүргенде қамыт басып, қажып-талып, —
деп халқына аударма деп қомсынбауын, көршілес елдердің ақын-жазушылары шығармасындағы жақсылықтарды ізденіс жолында пайдалануды үлгі етіп алуды мақсат-ниет тұта айтқан. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы болған жанр-мысал жанрын аудару ісінде А. Байтұрсынов айтылатын ойдың салмақтылығына, қазақ оқушыларының жанына жақын да түсінікті, сезімін оятарлық дәрежеде болуына баса назар аударған. И.А.Крыловтан Абай-14, Спандияр Көбеее-37, Бекет Өтетілеуов-12 мысал аударған. Бір мысалдың бірнеше аударылғаны да бар. Мәселен: «Аққу, шортан һәмшаян», «Ат пен есек», «Қасқыр мен қозы», «Маймыл мен көзілдірік» мьюал-дарын Ахмет Байтұрсынов та, Спандияр Көбеев те аударған. «Ала қойпар», «Есек пен бұлбұл», «Бақа мен өгіз» т.б. мысалдарының Абай нұсқасы да, Ахмет нұсқасы да бар. Абай аудармалары Крыловтың түп-нұсқасымен көбіне-көп дәлме-дәл келеді, С. Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған. Ал Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жондық «Шымшық пен көгершін» мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын шығарма «Өгіз бен бақа» орысшада-17, қазақшада-36, «Қасқыр мен тырна» орысшада-35, қазақ-шада-56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа ұлттық төл туынды жаса-ғанын көрсетеді.
Ахмет Байтұрсыновтың сүйікті жанры-мысал болғандығын ғұлама ғалымның әрбір шығармасынан-ақ байқауға болады. Эзоп, Крылов сияқты Ахмет Байтұрсыновта маса, бүйі, есек, маймыл бейнелері арқылы кертартпа кемшіліктер мен жағымсыз қылықтарды сынау үшін «алмас қанжардай» өткір құрал еткен. Ахмет Байтұрсыновтың аударма мысалдарының өзіндік
ерекшелігі ол әрбір мысал соңында ақынның «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жасаған, өзіндік қорытынды ойлары кез-келген жас оқырманды-өзінше қорытынды жаса, қандай ғибрат алдым, - деп ойлан деген әрекетке итермелеп тұрғандай. «Қырық мысалдың» бірінші де осы кітапқа енген аудармаларын 1901-1904 жылдары тәжімелегенін ескертіпті ел бірінші оқу, білім, адалдық, шешендік мен ой бірлігі, жақсыдан ғибрат алу, жамандықтан жирену Байтұрсынв мысалдарының — басты дидактикалық тақырып. Яғни, біз үшін ғұлама ғалымның ең бағалы мұраларының прогрессивті идеялары, шаршамай-талмай халқының кертартпа, кесепатты қылықтарын ашық сынап, оқырманның көзін ашуға тырысқандығы.
Мысалы
Білмейсің жөнің менен терісңді,
Ел болып іс етпейсің келісімді
Жөн айтқан жұртшылыққа
Шығарсың қолыңа ал керісіңді
десе тағы бірде
-Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар
Қайтейін өзге десе көншігіңді
Сықылды сынық бұтақ
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді? - деп ұлтының бір-бірін көре алмаушылық, қызғаншақтық сияқты жағымсыз қасиеттерін ашына мысқылдап, ол қаситтердің қауіпті екенін, болар елдің баласы олай етпейтіндігін, халқыма кесапаты тиетіндігін айта келіп, «лақ құрлы бақырмай, өлер болсаң», келімсектер алдында төмендей берсең, олардың оп-оңай жем қылып, тоз-тоз ететіндігін, сондықтан опық жемей тұрғанда одан құтылар жол ізде деп терең ой тастайды. Немесе Крыловтан аударған «Аққу, шортан, һөм шаян» атты мысалының соңында:
_ Жігіттер мұнан ғират алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсаң жолдас
Біріңнің айтқаныңа бірің
Істеген ынтымақсыз ісің онбас - деп халқын бірлікке шақырып, олай болмаған күнде осы мысал кейіпкерлерінің кейпін киетінін, халық сөзімен айтсақ — «бөлінгенді бөрі жеп) «көлденең көк аттыға жем» болатынын жетесіне жеткізе айтып, халқына «бірлікпенен өрнектеңдер тірлікті» деп өсиет айтады.
Осы секілді «Ат пен есек» мысалының соңында да
Бұл сөзден нендей ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр –бір бәйтерек!
Қайырын біреуге еткен болып терек
Көрерсің рақатын көлеңкелеп!
Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде.
Біреуге қысылғанда
Жәрдем бермек!
Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын,— деп аяқтайды. Демек, мұнда не нәрсе болса да ақылға салып ойланып істе, өткен соң өкінгеннен ешнәрсе өзгермейді деген бір ой тастаса, екіншіден, біреу саған қиналып көмек сұрағанда жәрдемдес, ондай күй өз басына түскенде тым кеш боп, аһ ұрарсың, —деп сабырлылыққа жанашырлыққа, жанындағы жанның жайын ұғуға шақырады. Бүгінгі қым-қуат, қиғаш заманда жастарымызға Ахмет Байтұрсыновтың осындай астарлы да терең, мәнді өсиеттері кесектеп кіріп, мысқылдап ерең шығатын жағымсыз қылықтардан қатыгездік пен безбүйректіктен аулақ болуға тәрбиелеуде әбден қажет. Ахаң өз бойындағы шешендік қасиетті жаман қылықты түзеуге, жақсылықты медеуге жұмсаған, жастарды азамат етіп қалыптастыру жолындағы тәрбиені құрал етуге тырысқан. Көптеген мысалдарды адам мінез-құлық нормасын қалыптастыруға арнаған. Осы орайда Ахаң мысалдарын студент жастарды оқыту-тәрбиелеу жолында өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу әдісінің мықты құралы ретінде пайдаланудың маңызы зор, ықпалы өсерлі болмақ. Себебі, адам мінезінің сан алуан жақсы-жаман жақтарын, мысал кейіпкерлері сияқты адамдарды қоршаған ортасынан тани білуге, олардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерделей білуге, сөйтіп, өзіндік ой тұжырымдауға үйретуге болады. Мәселен, «Егіннің бастары» мысалының соңында:
Елде көп бидайдай адам,—деді,
Тәкәппар, оны халық жаман,—деді.
Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді балам, —деді.
Немесе «Еменнің түбіндегі шошқа» деген мысалыңда
Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,
Жақсы да арасында жаман да бар,
Ғылымды пайдаланып отырса да,
Сезбейтін сол пайдасын надандар бар,— деп «өзі жемісін жеп тойып, семірген соң, еменнің түбін қазып төңкеріп тастаған шошқа» сияқты өзі пайдасын көріп тұрған дүниенің қайдан келетінін түсінбейтін немесе қара басының қамы мен тек бір күнін ғана ойлайтын санасы таяз надандардың да болатынына қынжылып, сондайдан аулақ бол деп ақыл-кеңес айтады және ұқсас адамдардаң бір тобы туралы, яғни ғылымның жетістігін пайдалана алмағандықтарын өзінің білімсіздігінен, ебедейсіз, икемсіздігінен көрмей, кінәні басқадан іздейтіндерді «Маймыл мен көзілдірік» атты мысалында суреттей келе:
-Адамға бұл кеңесте ғибрат бар,
Маймылша іс ететін көп надандар.
Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,
Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?—дейді
Сонымен бірге Ахмет Байтұрсынов адамның адамдық қасиетін көрсететін оның сылдыр сөзі емес, нақтылы істе тындырымдылығы, демек, парасаттылығы мен саналылығы ал, әлі келмейтін нәрсемен әлек болудың қажеті жоқ деген ойларын «Сары шымшық» мысалында нақты өрнектеген.
-Кейбіреу қолдан келмес істі ойлайды,
Мақсаты оныменен тұс болмайды.
«Ұялған тек тұрмайды» - деген рас,
Қал, бөлем, тоқтай тұр мен жұртты алдайды, — десе «Маймыл» мысалында алғыс, абырой алу үшін пайдасыз құр мехнат етудің қажеті жоқтығын, күншілдіктің соңы-күйік екенін, орынсыз істің аяғы өкініш екенін, халық ілтипатына бөленудің оңай еместігін, ол үшін көпке шарапаты тиер игі іс жасау керектігін, ондайда көзге түсем деп шапқылап, «арам тер» болмаса да халықтың өзі ақ ілтипатын білдіретінін төмендегіше қорытынды.
Мақсатқа ойыңа алған жете алмайсың,
Мал шашып құр далаға төккенменен
Пайдалы істен алар абыройың,
Кетпейді кейін қарай телкенменен.
Қорыта келгенде айтарымыз, Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының негізгі идеясы жастарды бүгінгі күнде құрғақ сөз, «таусылмайтын» ақыл-кеңес айта беріп тәрбиелегеннен гөрі, жеке бастың үлгі өнегесіне, ғибратқа негіздеудің қажеттігін баса айтқан. Бүгінде Ахаңның мысалдарын оқу-тәрбие ісінде орынды пайдаланып отыру — әрбір тәрбиеші ұстаздың басты мақсаты, әрі парызы болшақ. Тіпті, арсындай шығармалардан нақты мақалдар келтіре сөйлеп, студент жастар бойында бүгіңде сирек құбылыс болып бара жатқан астарлы, теңей, салыстыра сөйлеуге деген қызығушылықты, құштарлықты оятуға соған машықтандыруға, Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтсақ «лұғат тазалығына» баулуға болады. Қызығушылықтың арқасында жастардың шығармашылық ойлары ұшталмақ. Сегіз қырлы, бір сырлы Ахмет Байтұрсыновтың творчествосына қайта-қайта үңіле қараған сайын, оның шығармашылығының өміршеңдігі мен тәлімдік мәнін терең сезіне түсеміз. Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы» бүгінгі нарық заманында өмір сүріп отырған жастарды имандылыққа, ізгілікке, адамгершіліктің ақ жолына тәрбиелеуде таптырмас аса бағалы құрал екені даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |