Жүргізілген контент-талдауға сәйкес бағдарламалық мақаланың мемлекеттік тіліндегі нұсқасында барлығы - 3871 cөз бар, оның 31>10 (он реттік қайталамадан артық), 2078<10 (он реттік қайталамадан кем), жиілік қайталанатыны 2109 сөз. Ал, орыс тіліндегі нұсқасы барлығы – 3685 сөзден құралған. Оның 39-сі 10 реттен артық қайталанады (39>10), 1726-і 10 реттен төмен қайталамаға ие (1726<10). Барлық қайталама сөздер саны 1765.
КІЛТ СӨЗДЕР
жоғары жиілікке ие сөздер тізбесі (тілдік нұсқа бойынша)
САЛЫСТЫРМАЛЫ САНДЫҚ ТАЛДАУ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША: саяси терминдердің қолданылуы (енгізілуі)
№
Ұрпақтар кезеңі, сипаты
Тәрбиенің негізі, әсер етуші идеялық ықпал
1
ХХ ғасыр басы – «ұлттық түлеудің жандануы». Алаш арыстары, «зияткерлік әлеуетті күш» еңбегімен сипатталады. Шынайы дәстүрлі қазақы тәрбие, «Алаш-қазақ» еркіндік идеясы.
2
1930/40 жж. – Большевиктер саясатының алғашқы саяси жемісі.
Индустрияландыру – көшпелі дәстүр жүйесін бұзуға әкелді, отырықшыландыру негізінде өндіріс күшіне адам еңбегін пайдалануға тырысты. Жаппай ашаршылыққа ұшырату сипатымен ерекшеленеді. Ұжымдастыру саясаты – «тапаралық күрес» - руаралық қақтығысты күшейтті. «Ұлт фабрикасын құру» – әліппені өзгерту, сауатсыздандыру жол ашты. «Социализм» идеологиясы, «Коммунизм» дүниетанымы.
3
1960 жж. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі кезең. «Жылымық кезеңі» КСРО билігі тарапындағы жетекшілерінің өзара саяси қайшылығы Қазақ даласында әдебиет және өнер саласында жаңа «ұлттық рухты түлетуге» мүмкіндік қалыптастырды. Ал, тарих саласын бақылаумен шектелді. Қазақ рухын қайта түлету латентті күрес жолымен сипатталады. Әдебиет және өнер саласындағы ұлттық идеялық тұтастық жалғасты.
4
1990 жж. – қайта құрулар, Желтоқсан оқиғасы, КСРО-ның құлауы кезеңі, бос идеологиялық кеңістікпен сипатталады. Саяси сана әлсіреуі, Президенттің тұлғасы, «тәуелсіздік» идеясы.
5
2015 жж.– Тәуелсіздік кезең алғашқы ұрпағы. Пісіп жетілуі – 2025/30 жыл шамасы
«Мәңгілік ел» идеясы.
Ұрпақтар сабастастығының идеялық-тәрбиелік көрінісі