Нормативтік сілтемелер



бет6/33
Дата06.02.2022
өлшемі440,98 Kb.
#81124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
мал ш. 15

Практикалық маңызы. Бройлерді өнеркәсіптік өндіру, балапандарды еденде немесе клеткада жыл бойынша қарқынды жүйемен өсіруге бағытталған технологияны ендіруге негізделген. Бройлерді қалың төсеніште өсірген кезде отырғызу тығыздығын арттыра түсу тенденциясы қолдануда. Бұл бройлердің 49 күндік мерзімде сойылуына байланысты болып отыр. Отырғызу тығыздығын арттыру қораның алаңын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Клеткада өсірілген балапандардың тәуліктік салмақ қосуы еденде өсірілген балапандарға қарағанда 9-13 пайызға артық, ал өсіру мерзімі 10-14 күнге қысқарады, азық мөлшері 20 пайызға кем жұмсалады. Ал өзіндік құны - 13-18 пайызға қысқарып, сонымен қатар бір шаршы метр алаңға 1,5-2 есе құсты артық орналастыруға болады.
Өндірістік шаруашылықтарда аналық түрлерді жыл сайын жаңартып отыру керек. Себебі әр түрге жататын аналық тауықтарды будандастыру арқылы жаңа балапандарын, одан әрі жақсы қасиеттермен қамту болып табылады.
Міне, осы айтылған көптеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жітілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін арттыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет