ауадан аздап жеңіл газ. Қатты күйінде молекулалық кристалл торын түзеді,
сондықтан балқу және қайнау температуралары төмен.
Табиғатта найзағайлы жаңбырда пайда болатын атмосфералық разряд
әсерінен азот оттекпен әрекеттеседі. Азот сутекпен кәдімгі жағдайда
қосылмайды,ерекше жағдайларда азот сутекпен әрекеттесіп, аммиак түзеді:
Азоттың өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі маңызы өте зор,
өйткені ол нәруыздар құрамына кіреді. Азоттың қосылыстары бояу
өндірісінде, синтетикалық талшықтар алуда, минералды тыңайтқыштар және
қопарылғыш заттар алу өндірістерінде пайдаланылады.
1.Бір литр суда 700 л аммиак (қ.ж) ерітті. Алынған ерітіндінің проценттік
концентрациясы неге тең?
A) 54,7%
B) 44,7%
C) 24,7%
D) 34,7%
E) 64,7%
2.
Найзағай кезінде 33,6 л (қ.ж) азоттан түзілетін азот монооксидінің зат
мөлшері (моль)
A) 3 моль
B) 0,3моль
C) 0,03 моль
D) 30 моль
E) 0,4моль
3.
Аммиак катализатор қатысында оттекте жанғандағы реакция теңдеуінде
тотықтырғышқа қойылатын коэффициент
A) 3
B) 4
C) 5
D) 2
E) 6
4.
126 г азот қышқылын алу үшін қажетті азот диоксидінің көлемі (қ.ж; л) мен
оттегінің зат мөлшері (моль)
A) 22,4 л; 0,7 моль
B) 44,8 л; 0,5 моль
C) 11,2 л; 0,6 моль
D) 25,1л; 0,3 моль
E) 33,6 л; 0,4моль
Достарыңызбен бөлісу: