Заттар массасының сақталу заңы. Нұсқаулық : Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берініз Химияның қалыптасуына, дамуына зор үлес қосқан заң-заттар массасының сақталу заңы. Оны ұлы орыс ғалымы М.В. Ломоносов 1748 жылы ашып, кейінірек әйгілі француз ғалымы А. Лавуазье де қайталаған.
Заттар массасының сақталу заңы реагенттер массасының олардың әрекеттесуінен шығатын өнімдер массасына тең екендігін айғақтайды. Сонымен кез келген химиялық реакциялардың жүруі заттар массасының сақталу заңына бағынады. Масса сақталу заңын мектеп оқушылар деңгейінде, өндіріс пен өнеркәсіптерде химиялық реакцияға қатынасқан реагенттер мен олардан алынған өнімдер молекулаларының баланысын анықтау үшін қолданады. Химиялық реакцияға кіріскен атомдар мен молекулалар санын санау қиынға түскендіктен, заттың мөлшерін мольмен есептейді.
Атом-молекулалық ілім тұрғысынан алғанда, заттар массасының сақталу заңы химиялық реакцияға қатынасқан атомдардың жоқтан пайда болмайтынын, яғни әрекеттескен бөлшектердің саны өзгермей сақталатынын білдіреді.
Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым А) Ж.Пурст
В) М.В.Ломоносов С) И.Рихтер
Д) Дж.Дальтон
Е) Д.И.Менделеев
Молекуладағы атомдардың орналасу реті ... қарай анықталады.
атомдардың санына
валенттілігіне
атомдардың түріне
салыстырмалы атомдық массасына
тотығу дәрежесіне
Зат мөлшерін есептейтін шама
г/моль
моль
г
кг/моль
л
Химиялық реакцияға кіріскен заттардың массасы түзілген заттардың массасына тең.
Құрам тұрақтылық заңы
Газдар заңы
Периодтық заң
Зат массасының сақталу заңы
Авогадро заңы
Заттар массасының сақталу заңы бойынша, реагенттер мен өнімдердің массасы әрдайым бірдей болады.Сынап оксиді ыдырағанда 4 г оттек пен 50,2 г сынап шықты.Реакцияғакіріскен күрделі заттың массасын есептеңіз.