Нұр-сұлтан қаласы әкімідігінің



бет2/24
Дата21.04.2023
өлшемі353,43 Kb.
#175076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
4 сынып МОДО 3

Оқу сауаттылығы.


I нұсқа 1 мәтін
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Қамқорлық


Бір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, шүкіршілік етіп, жолын ары қарай жалғастырады. Жолдың бойында шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады. Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен.
Оны көрген әлгі кісі: «Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті- ау!»- деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді.



  1. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз. А) Қасірет

В) Әл
С) Жағдай Д) Қуат

  1. Мәтіндегі жолаушыға тән қасиетті көрсетіңіз. А) Өзімшілдік

В) Мейірімділік С) Сараңдық
Д) Тәкаппарлық

  1. Мәтіннің идеясын анықтаңыз. А) Еңбекқорлыққа үйрету

В) Қамқорлыққа баулу С) Төзімділікке шақыру
Д) Үнемшілдікті насихаттау

  1. Жолаушы итке суды неге құйып берді? А) бас киіміне

В) алақанына С) аяқ киіміне Д) ыдысқа

2-мәтін


Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Үлкен әулет


Өсіп- өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату- тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты.
Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату- тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?»- деп сұрапты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар- жоғы бір- ақ сөз жазылыпты. Үсті- үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «сабыр» екен.



  1. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз.

А) Патша қариядан бейбітшілікте өмір сүрудің сырын сұрайды. В) Жүз кісінің бәрі де сабырлы екен.
С) Патша әулет туралы естігенде қатты қызығады. Д) Жүз кісі бейбітшілікте өмір сүреді.

  1. Асты сызылған сөзге қатысы жоқ жауапты белгілеңіз. А) Үш буыннан тұратын сөз.

В) Қатаң дауыссыздан басталған сөз. С) Дыбыс пен әріп саны бірдей.
Д) Алты дыбыстан тұратын сөз.

  1. «Сабыр» сөзіне мағынасы қарама- қарсы сөзді табыңыз. А) байсалды

В) сабырсыз С) ержүрек Д) мейірімді

  1. Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал А) Сабыр түбі- сары алтын.

В) Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады. С) Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет.
Д) Біреу жәбір етсе, сен сабыр ет.

  1. Патша қариядан ненің сырын білгісі келді?

А) Бір үйде неліктен жүз адам тұрып жатқандығын білгісі келді. В) Сабыр сөзінің сырын білгісі келді.
С) Жүз адамға азық- түлікті қалай жеткізетіндігін білгісі келді. Д) Бейбітшілікте өмір сүрудің сырын білгісі келді.

  1. Сөйлемнен ілік септігінде тұрған сөздерді табыңыз

Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты.
А) патшасы, ақсақалына
В) қызығушылықпен, естігенде С) елдің, әулеттің
Д) жолығуды, ұйғарыпты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет