күрмеулі құттықтау сәби жүрегіне жетті ме екен деп күдіктенесіз.
Осылайша көңілге күмән үялап тұрғанда:
Қадамың құтты, болсын,
құлыным!
деп, жүзі балбұл жанған немересінің маңдайынан иіскеп
айтқан ақ жаркын әже сөзі бәрінен де мейірімді естілді.
Алыс жол, ұзақ сапардан келген, кезекті демалысынан оралған
жора-жолдас, қызметтес әріптестерімізбен қауышып, қуаныш
білдіріп, көнілін аулаймыз. Мұндайда кейбіріміз
Келуіңізбен!
деп
құттықтауды дағдыға айналдырдық. Әрине, қызметтес жора-
жолдастардың көңілін көтеріп, жақсы әсер қалдыру өте орынды.
Қерек десеңіз, мәдениетті адам үшін аса қажет дәстүр. Алайда
Келуіңізбен!
деп үйлесімі жоқ емеурін білдіру осы ниетімізбен
қабысып жата ма? Ал ата буын, тілге ысылған адамның сөз
қолданысына ден қойсақ, мұндай жасанды сөзден гөрі
Ат-көлік аман
ба, аман-есен келдің бе?, Аман барып, сау қайттыңыз ба? т.
т. тәрізді
тігісі жатық, дәстүрлі сөз орамдарын тұтынатынын байқаймыз.
Құттықтау сөздер экспрессия, эмоцияға бай болса, сөздің де әсерлі
болатыны белгілі. Кейде сөздердің қолдану аясын саралай білмесек,
ондай әсерді әлсіретіп аламыз. Мәселен, өзіңіз қадірлейтін қарияны
Пенсияға шығуыңызбен!
деп құттықтамас едіңіз. Себебі мұндай сөз
орамының
(пенсияға шығу
сөзінің) көбіне ресми стильде, іс-қағаздары
тілінде қолданылатынын сөзінесіз. Сөзіңіз бейтарап шықпас үшін
Құрметті демалысыңыз құтты болсын!
тәрізді еркін сөз орамдарының
бірін талғайсыз.
Пенсия
сөзін
құрметті демалыс
деп атап, сөзіңізге
жағымды рең үстейсіз. Бұл – өте орынды талап. Өйткені құттықтау
сөзіне аса қажет эмоция, экспрессиясыз сөз тосын құлаққа
салқындау естілуі мүмкін.
Алайда эмоция-экспрессиялық әсерге бай екен деп сөздерді
талғаусыз кез келген жерде қолдана беруге тағы болмайтыны белгілі.
Екі бүктеліп еңкейіп отырмаса да, кей ерлі-зайыпты жас жұбайлар
бірін-бірі
Достарыңызбен бөлісу: