Древнетюркский словарь. Ленинград, 1969, 504-бет.
Жүйе бойынша реттік сан есімдерге қосымша
-ыншы, -інші (-ншы,
-нші)
түрінде жалғанады:
бірінші, екінші, үшінші, төртінші...
Олай
болса,
жиырмасыншы (июнь)
емес,
жиырманшы (шонь)
болуға тиіс
қой? Ескіше уақыт есептеуде сан есімдер тәуелділік тұлғада
қолданылған:
қараша
жұлдыз
ының бесі, қазан
жұлдыз
ының он алтысы
т. б. Кейде айдың ескіше аттары орысша атаулармен ауыстырылып,
сентябрь жұлдызының жетісі, ноябрь жұлдызының жиырмасы
делініп
те айтылған. Кейіннен күнді реттік сан есіммен (
сегізінші июнь,
бірінші июль, жиырма алтыншы октябрь
т. б.) айту нормаға айналды.
Жиырманшы деп жүйе бойынша айтпай,
жиырмасыншы
деп
қолданудан да тілдік жүйеден тілдік дағдының басым түсіп
жатқандығын байқаймыз.
Дағды үнемі тілдік жүйеден басым түсе бермейді. Тілдің даму
барысында кейде екі түрлі (не одан да көп) жүйе қатарласа
қолданыла келіп, оның ішінде тілдің даму тенденциясына сәйкес
келген біреуі жалпы халықтық сипат алып, тілдік норма ретінде
танылады да, өзгесі тіл майданынан ығыстырыла бастайды. Тіл
қолданысынан ығысқан жүйенің кейбір көріністері нормаға айналған
жүйемен қатар дағды бойынша қолданылып та отыруы ықтимал.
Бірақ оларды белгілі бір мақсатсыз жұмсау – әдеби тіл нормасын
бұзу.
Қазақ тілінде сөздерге тәуелдік жалғауының жалғануын еске
түсірсек, дауыстылардан соң бұл қосымша
-сы, -сі (бала-сы, күлкі-сі,
дала-сы
т. б.), ал дауыссыздардан кейін
-ы, -і (үйі, қыс-ы, жаз-ы, тау-ы
т. б.) түрінде келуі – бұлжымас жүйе. Осындай жалпыға ортақ
жүйені ескермей,
біреуі, екеуі, үшеуі, төртеуі, көбі, уақыты, бәрі
дегендерді
біреу-і-сі-біреусі, екеу-і-сі-екеусі,
үшеу-і-сі
-^-үшеусі, төртеу-
і-сі-төртеусі, көбі-сі, уақыт-ы-сы-уақтысы, бәрі-сі
деп қолданушылық
бар.
Бұл жерде мұндай жөнсіз қабаттастырудан сырттай осыған ұқсас
құбылыстың парқын айыра білу абзал.
Отағасы, қолбасы, елубасы
тәрізді бірер сөздерде тәуелдік жалғауы айтыла келіп, сол сөздің
құрамына сіңіп кеткен. Ондай сөздердегі тәуелділік жалғауы
(отаға –
сы)
меншіктілік мағынаны білдірмейтіндіктен және бір тәуелділік
көрсеткіші үстемелене жалғанады:
отағасысы, қолбасысы, елубасысы
т. б.
Бұл айтылғандар объективті нормаға тән касиет. Объективті норма
тіл жүйесімен бұлжымас бірлікте болады. Тілдік нормаға жаттыққан
сөйлеуші бұл жерде еш дағдармайды. Сөздің әдеби тіл мүддесіне
лайық вариантын тап басып тани біледі. Теориялық зерттеулерде
айтылып жүргендей объективті норманың катаң түрі де болады.
Тілде белгілі бір тәсілді берудің әр түрлі варианттары болуы
ықтимал. Мысалы, қазақ тілінде бұйрық райдың екінші жағы үш
түрлі тәсіл арқылы беріледі:
сен бар, сен барғын, сен барың.
Қазіргі
әдеби тілдің қатаң нормасы бойынша бұйрық райдың екінші жағы
етістік түбірге сәйкес
сен бар
түрінде айтылатындығы мәлім. Ал
сен
барғын, сен барың
Қазақ тілі диалектілері мен ауыз әдебиеті
мұраларының тілінде кездесетіндігі белгілі. Мұндай варианттарды
талғап, таңдап қолдану сөйлеушінің ырқында болмайды. Тіл
тәжірибесінде сыннан өтіп, жұртшылық таныған түрін ғана сөйлеуші
коммуникациялық мақсатта қолдана алады. Бұл – әдеби тілдің қатаң
нормасының бір ғана мысалы. Қатаң нормалардың түрі фонетика,
лексика саласында да кездеседі.
Әдеби тіл нормасының бұдан өзгешелеу түрі де бар. Кейде тілдегі
сан алуан варианттарды талғап-таңдауда аса қатаң талап
койылмайды. Ондай варианттардың қай түрін қолдану сөйлеушінің
(жазушының да) өз ырқында (мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |