ферма сауыншысы болып еңбек етіп
жүрмін» т. б. тәрізді
қолданыстарды күн сайын естуге болады.
Бұл – сөздің стильдік тональдығын (көтеріңкі, бәсең, бейтарап
т.б.) ескермей жұмсаудың бір көрінісі. Сөз реңін аңғарып, орынды
қолдана білсек, мұндай орайда бейтарап сөз сыңарларын қолданар
едік. Тіпті иіні келіп жен сұрасқан әңгіменің езінде
фермада
оператор болып еңбек етем, мектепте ұстазбын, ауыл еңбеккерімін
демей,
оператор болып жұмыс істеймін, мектепте мұғаліммін,
колхозшымын т. б.
дер еді. Өзге стильге қарағанда, әсіресе радио,
телевизия хабарларының тілі сөйлеу тіліне (әдеби тілдің ауызша
түріне) бір табан жақын тұратындығын ескерсек, мұндай сөз
қолданысқа сын көзбен қарамауға болмайды.
Бұл арада «жұмыс істеу», «мұғалім», «колхозшы» т. б. бейтарап
сөздердің қызметіне нұқсан келеді, тілден шеттеп қалады-ау деген
қауіп жоқ. Алайда қауіп басқада, біріншіден, бұл типтес сөздердің
(ұстаз, еңбек,
т. б.) реңіне қарай дәл қолданбау дағдыға айнала берсе,
ажары солғындайды. Сөйтіп, судың да сұрауы бар дегендей, сөз
мүмкіндігі шектеледі. Екіншіден, әсерлі реңінен арылған мұндай
қолданыстардың оқырманға, тыңдаушыға ыкпалы айтарлықтай
болмайды.
Сонымен, бұл айтылғандар сөз мағынасына мән берумен бірге,
олардың реңіне де көңіл бөліп отырудың керектігін көрсетеді. Ұлы
көсем В. И. Ленин баспасөз беттерінде сөзді орынды жұмсауға үнемі
жұрт назарын аударып,
диктатура, көтеріліс
тәрізді мәні үлкен
сөздерді абайлап қолдану керектігін мұқият ескертіп отырған
17
.
Келелі ой, кең мазмұнды сөз орамдарының астарында халықтың
өмірден түйген терең мағыналы толғамы жатады. Кейде осындай
мазмұнды сөз орамдарын тым «арзан» қолданып жүрген жоқпыз ба
деп, көңілге күдік ұялайды. Әсіресе газет-журнал, радио, телевизия
хабарлары тіліне назар аударсақ, «көшеге асфальт төселсе» де, жаңа
салынған «шеберхана», құс фермасын көрсек те «елу жылда – ел
жаңа»... деп қолдана береді екенбіз.
Шаңырақ көтерді
де осы тәрізді.
Бордақылау комплексі шаңырак, көтерді, жаңа цех шаңырақ көтерді
деп
әр жерге бір жұмсағандықтан, бір кездегі нәрлі, әсерлі сөз орамы
«атқа жеңіл құдашаға» айналып барады. Ондай сөз терең
мазмұндылығынан, нәрлілігінен, сонылығынан айрылып, штамп
тәрізді жағымсыз құбылысқа айналып та кетуі ықтимал.
Сөз дәлдігі – әдеби тіл стильдерінің (көркем әдебиет,
публицистика, ғылыми стиль, ресми стиль) бәріне бірдей қажетті
сапа. Дегенмен сөз дәлдігі туралы әңгіме болғанда, бұлардың ішінде
17
Достарыңызбен бөлісу: