(-лық, -лік, -ла, -ле)
сөздерге жалғануында саралана түскен осы модель жалғану
өрісі шектеулі аффикстерге де аналогия заңы бойынша ықпалын
тигізе бастаған.
Ассимиляцияның бұл түрі қосымшалардың жалғану
жүйесіндегі негізгі бағытты байқатады. Осы бағытқа табан
тіресек, л/д дыбыс алмасуына байланысты екі түрлі жүйенің
әдеби тіл нормасына лайықтысын былайша көрсетуге болады:
ақшалай (ақшадай емес), бірлі-жарым (бірді-жарым
емес),
жылылай (жылыдай
емес),
тірілей (тірідей
емес),
ұшты-күйлі
(ұшты-күйді
емес),
кәрлен, (кәрден
емес),
немқұрайлы (немқұрайды
емес) т. б.
Осылайша тілдің өзгеру, даму бағытына сай тенденцияны арқау
ете отырып норманың кейбір босаң түрінен катаң нормаға көшуді
жеделдетуге де болады.
Босаң нормадан катаң нормаға ауысу
-шы, -ші
қосымшасы
жалғанған белгілі бір сөздер тобына да қатысы бар. Қазақ тілінде
сөз жасауда потенциялық мүмкіндігі айрықша қосымшалардың бірі
шы, -ші.
Бұл қосымша арқылы жасалған сөздерді есімізге түсіріп
көрейік. Қай-қайсымыз болмасын қиналмай-ақ ондаған сөзді
тізбегімен айтып бере аламыз:
егінші, малшы, суретші, әнші, биші,
қойшы, сиыршы, бұзаушы, қозышы
т. б. Ал
боташы, құлыншы
деп
айтыла ма? Айтылмайтын себебі – тілдік дағдыда жоқ. Тілдік
дәстүрде болмайтыны – шаруашылық өмірде жоқ. Ал
бұзаушы,
қозышы
деудің жөні бір басқа. Енелеріне жамырап кетпеу үшін
мұндай төлдер бөлек жайылады да, оларды бағып-қағушыны
бұзаушы, қозышы
деп арнайы атайды. Сөзді бұлайша белгілі жайдан
бастап отырған себебіміз бар. Бас-аяғы бес-алты сөзге жалғанатын
-кеш (арбакеш, түйекеш, кірекеш
т. б.),
-айт, -ейт (құмайт, шөлейт
т.
б.) тәрізді сөз тудыру мүмкіндігі шектеулі қосымшалармен
салыстырғанда, потенциялық мүмкіндігі мол қосымшаларды
қолдануда нормадан ауытқу әлдеқайда жиі кездеседі. Жалғану өрісі
кең қосымшаларға келгенде, «осылай айтыла ма, тілдік дәстүрде
бар ма?» деп қадағалап, пысықтап отыруға тура келеді.
Жоғарыдағы тізбекті қайта жалғастырып көрейік:
тарихшы, тілші,
емші, аспапшы, құрылысшы, тәрбиеші, аспазшы, диқаншы, наубайшы,
бағбаншы, тәуіпші
т. б. Осы тізбектің өзі қазіргі сөз қолданыс
нормасына лайық және нормаға лайық емес деп екіге бөлінеді.
Өйткені
аспаз, диқан, наубай
т. б. тәрізділер түбір күйде тұрып-ақ
мамандық иесін білдіреді. Рас,
диқаншы, аспазшы, наубайшы
тәрізді
сөздер кейбір ақын-жазушыларымыздың шығармаларында
кездеседі.
Диқаншы, бағбаншы
сөздерінің ертеректе қолданылуы, бір
жағынан, заңды әрі кешірімді. Олай дейтініміз әдеби тілдің
кешегісі мен бүгінгісі, ондағы тіл амал-тәсілдерінің қолданылу
күйі қазіргімен дәлме-дәл емес. Басқасын айтпағанда, оны
-шы, -ші
қосымшасының өзінен-ақ байқауға болады. Бұл қосымшаның
бұрынғыға қарағанда сөз тудырудағы белсенділігі әлдеқайда арта
түсті. Ертеректе кездесетін
егінші, малшы, әнші, қайықшы, жаушы
т.б. типтес сөздердің қатары
қызылшашы, қоғамтанушы, зерттеуші,
шахматшы, бессайысшы
т. б. сияқты қолданыстармен молыға түсті.
Стахановшы, жақаевшы
түрінде жалқы есімге жалғанып белгілі бір
адамдардың мақсат-мүдде, қызмет-кәсібін жалғастырушы,
ізбасарлары деген ұғымды аңғартуы да бұл қосымшаның жаңа бір
қыры екендігін танытады.
Ғасырға толар-толмас уақыттың ішінде
Достарыңызбен бөлісу: |