Нұргүл Оқашева
Сауалнама
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі сіз үшін қандай маңызға ие? “Жас қыранның” кезекті сауалына М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бір топ студенттері жауап бермек.
buy cialis lillycialis free sample no prescriptiononline cialis revieworder cialisbuy cialis without a perscriptioncheap cialis no prescriptioncialis codonline pharmacy meds cialisorder generic cialis onlinebuy cialis onli necialis online without prescriptionbuy cialis on line ukgeneric cialis soft gellily icos cialis onlinecanadian pharmacy cialis deals
argaiv1559
Абылай Каримов, технология мамандығының I курс студенті:
– Наурыз мерекесінен бұрын мен үшін наурыз айының маңызы зор. Бұл айда табиғат қана өзгермейді, адамдар да, тіршілік иелері де жаңарады, жасарады. Айдың алғашқы аптасында бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен ардақты аналардың мерекесі тойланды. Араға 1-2 апта салмай, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін қарсы аламыз. Аталмыш мейрамды жыл сайын нағашы әжемнің дайындаған ақ дастарқанында күтемін. Наурызкөжеден ауыз тиіп, Петропавлдағы орталық алаңда халқымыздың ұлттық ән-күйлерін паш етіп, көрермендерге тарту еткен өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалаймын.
Динара Шәжімбаева, болашақ эколог:
– Наурыз мерекесі түркі халықтары үшін үлкен маңызға ие. Еліміз егемендігін алғаннан бастап ұлттық мерекеміздің жоғары дәрежеде аталып өтілуі бір жолға қойылып келеді. Жыл сайын ауқымы артып, тіпті өзге этнос өкілдерінің де Наурызда төбе көрсетіп, әр өңірде ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысуларынан-ақ байқалады.
Наурызда жеті түрлі тағамнан көже пісіріледі. Бәрінен де мені қызықтыратыны – бір-біріне өкпе-реніші бар жандардың дәл сол күні кек, ыза атаулыны ұмытып, кешірім жасауы. Көптен бері көріспеген ағайындардың төс түйістіріп амандасуы, арқа-жарқа болуы.
Ілияс Байжанов, “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығының IV курс студенті:
– Қыстан шыққан ел өрістегі малдың аузы көкке ілініп, арқабасының кеңігенінің құрметіне Ұлыстың ұлы күнін ат шаптырып, аударыспақ ойнап, балуан күрестіріп, ұлан-асыр той жасап қарсы алғандығын тарихтан жақсы білеміз. Төл мерекеміздің мәре-сәре тойлануына солақай саясаттың бір ұшы тиіп, біраз көз жазып қалғандығымызды да жоққа шығара алмаймыз. Бүгінде, Құдайға шүкір, тұғырлы тәуелсіздіктің арайлы таңында ұмыт болған құндылықтарымызды қайта жаңғыртудамыз. Сол үшін өте қуанамын.
Наурыз мерекесінде ұлттық оюларымызбен безендірілген қазақша бөрік пен шапан киіп, алаңға шығамын. Кейбір достарымның таңданыспен қарайтынын білсем де, бұл менің өз халқымды сүйіп, оның дәстүрін құрметтегенімнің бір белгісі деп білемін.
Наурызкөжені анам пісіріп, ағарғаннан өзге де тағамдар жасап, ерекше дайындалады.
Салтанат Ахметова, “Шет тілі” мамандығының студенті:
– Наурыз ұғымының өзі “Жаңа күн” деген мағынаны береді екен. Түркі халықтарының жаңа жылы күн мен түннің теңелген сәтінен басталады. Жер бетінің түрленуі соны аңғартып тұр емес пе?!
Наурызкөжені өзім дайындаймын. Ауылдағы анам сүр етін беріп жібереді. Оған өрік, мейіз қосып, өзгеше дәммен әзірлегенді ұнатамын.
Сауалнаманы жүргізген
// Солтүстік Қазақстан. - 2015. - 12 наурыз
Достарыңызбен бөлісу: |