Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет12/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

 
 
 
3-Дәріс. Блум таксономиясы 
 
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.
 
Блум таксономиясы туралы түсінік. 
2.
 
«Түсіну» ұғымының төрт тобы.
Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын 
қолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын 
белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін 
бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді 
меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде 
қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен 
байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→ бағалау 
деп жіктеледі. 


15 
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум 
таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 
1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен 
бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. 
«Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан. 
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті 
әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын 
ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделін ұсынды. 
Бенджамин Блум– америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум 
таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 
1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен 
бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. 
«Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами 
мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын 
жүйелеу. 
Таксономия
- белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша 
объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады. 
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру студенттердің дайын 
ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, 
талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау 
ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой 
қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап 
күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге 
сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың 
белсенді әдістердің мәні- студенттерді кәсіби іс-әрекетті меңгеруге 
бағытталады. 
Білу. 
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте 
қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске 
түсiредi: тест тапсырмалары, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды 
қайталау, оларды қолдану тәртібін айту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет