Тамаққа қатысты
тыйымдар мен ырымдар
Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Қол жуғанда қолдың әрбір саусағын жеке-жеке жуады.
Дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады. Тамақ әуелі үлкен кісінің алдынан бастап қойылады.
Ыстық тамақты, шайды үрлеп суытпайды. Тамақтың құты кетеді.
Тамақты және шайды өте ыстық немесе салқын күйінде ішуге болмайды. Тамақты аз-аздан алып, асықпай шайнап жейді.
Тамақты шынтақтап жатып, түрегеп тұрып немесе тым еңкейіп отырып жеуге болмайды. Тамақты отырып жеген дұрыс.
Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану кезінде әрбір адам өзін-өзі ұстай білуі, мүмкіндігінше аз сөйлеуі керек.
Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. «Жаманнан жарты аяқ ас қалады» деген сөз бекер айтылмаған.
Тамақ ішіп болған соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңынан ас қайырылып, бата беріледі. Үй иесіне жақсы тілек айтылады.
Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» деген жөн.
(Қазақы тыйымдар мен ырымдар / Құрастырушы авторы Құралұлы А. – Алматы:
Өнер, 1998. – 64 бет. 5-6,25-26,30-33 - беттер)
Достарыңызбен бөлісу: |