Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет229/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   292

С. Шаймерденов


«Бір таба нан» ( әңгімесінен)


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7591&Itemid=23&limit=1&limitstart

Әке ұлағаты



Анамның дүниеден өтер күні де көз алдымда. Ғалым-синоптиктердің айтуына қарағанда, ол жыл күн белсенділігі артқан жыл екен. Жазда жаңбырлы қара дауыл үй шатырларын ұшырып, киіз үйлерді көкке көтеріп кетсе, қысы бір зымыстан болған. Екі үйдің арасына бала түгіл, ересек адамдардың өзі арқан байлап жүргендері есімде. Сол бір ала құйын ақ түтек зымыстан қыстың адам айтса сенгісіз ақ үлпек қар жауып басылған тып-тынық, жып-жылы, май тоңғысыз бір күні болатын. Әкем төсекте жатқан анамның басында отырған-ды. Кенет әлсіз дауыс шықты:
-Екі қарғамды шақыршы.
Терезе алдында тұрған мен бұрынырақ жеттім. Анамның салдырап қалған қу сүйек қолы менің басыма жақындай берді де түсіп кетті. «Шы... бы... ным...» -деп бір ашылып, екі жабылған шүберек ерні қимылсыз қалды. Тарамыс қол неге түсіп кетті? Кезерген ерін неге қимылсыз қалды? - Мен оны түсінбеген болсам керек.
Әйтеуір, әкем байғұстың әлде не деп күбірлеп, анамның қолын түзеп жанына салып, кірпігін жапқанын ғана білем... Біз сөйтіп жетім қалдық.
Есмағи екеуміздің қолымыздан көп нәрсе келе бермейтін секілді. От жағып, тамақ пісіру, кір-қоңды жуу бәрі де енді әке мойнында.
Әке жұмысы мұнымен тынбайды. Неге екенін білмеймін, жетпіс-сексен үйден құрылған осы «Лия» колхозында белсенділерді қоспағанда бас көтерер, күрек ұстар жалғыз әкем ғана. Сол себепті оған тапсырылар жұмыс та көп. Таң атпай тарсылдап терезе қағылады. Өктем дауыс естіледі.

  • Шәймерден, орталық малы кеше су ішпей қалыпты. Тез киініп ойыққа айда.

-Колхоз малына кеше шөп салынбапты.Ұлып тұр. Бір шана шөп апарып шаш.
- Ауданнан келген өкілді көрші ауылға апарып салып кел.
Әкем сөз қайтармайды. Терезе қағылды дегенше киіне бастайды. Қалай десең де бұл өтініш-жарлықтар қиян-қилы бұйрықтардың ішіндегі қиналмай, көңілді жүріп атқарылар түрі. Ал олардың жиі қайталанатын қиын, суық түрі де бар:
- Шәймерден, пәлен үйде пәленшекең өліп қалыпты. Алып шық.
Шәкең өзіне серік болар жанның жоғын жақсы біледі. Сол себепті: «Менен басқа кім барады?» - деп сұрап жатпайды. Інім Есмағи екеумізге: «мынаны ішіңдер, мынаны жендер», - деп қатқан-құтқан бірдемелерді көрсетеді де, қар баспаса қақпадан, қар басып қалса, қора жапсарынан шығып, өлгендерді жерлеп түннің бір уағында қайтады. Біз болсақ, суық үйде зарығып әкемізді күтумен боламыз. азынап кеткен суық үйде ұйықтап та жарытпадық қой деймін, әкем ерте тұрып от жақты.
Үй жылына бастағанда, біз тұрдық. Үлкен кісінің қос алақанындай ғана кішкене терезенің көзіне тұрған қырауды қос елі десең де болады. Көсеуді әуелі отқа саламыз. Қып-қызыл болған кезде оны апарып әйнекке басамыз. Күнгірт тартқан үй іші ашылайын деді. Қырауы еріп, шынысы тазарған терезеге қараймын. Үй төбесімен жүріп кеткен ақ күртікті бір кішкене саңылау бар. Сол саңылаудан ең әуелі ақ пиманың басы көрінді. Сол пима олай-бұлай тебініп жаңағы саңылауды кеңейтті де, солбаң етіп біреу терезе алдындағы қуысқа түсті. Әйнекке тақылдап таяқ соғылды.
- Шәймерден, далаға шық. Жанболат өліп қалыпты.
Жанболатты мен жақсы білем. Жауырыны күдірейген құныс шал болатын. Суық түспей семьясы ішке кетіп, өзі бір үйде жападан-жалғыз қалған-ды. Қалай, неге бардым? Жадымда жоқ, әйтеуір, мен әкеме еріп Жанболатты жерлесуге бардым. Жынды боран бұл үйдің де төбесінен жүріп кетіпті. Қақпаға тіпті жолап болмайды. Әкемнің үй терезесін қиратуына тура келді. Қара моладай сұрқай тартқан балшық үйдің төргі бөлмесінің төрінде аударылған ұзын қораптай болып бірдеме жатыр. Сол жақтан шыққан сасық иіс қолқаңды атады.
Байқасам аударылған қорап дегенім Жанболаттың өзі екен. Осы күні көзім жетеді: қаптай болып ісіп, іркілдеп кеткеніне қарағанда, өлгеніне ай өтпесе де апталар өткен. Жүрексінер әкем жоқ, өлікті киімшең қалпында арқанмен шандып байлап, терезеден тартып шығарды да, қол шанаға салып сүйреп апарып жерледі.
Лия көліне қоныс тепкен осы ел қазірде де сол баяғы жетпіс-сексен үй құралпы. Өзгеріс мәні санда емес, басқада. Ат орынын тай басар дегендей, замана зырлап өткен сайын әке орынын ұл, ұл орынын немере басып жатқаны айқын. Сан өзгерісі ана мола жақта. Қоныс тепкен елмен бірге қоныс тепкен ауыл зираты қанатын кеңге салып, далиып жатыр бұл күнде. Ағаштан қиып, цементтен құйып немесе қызыл кірпіштен қалап, әйтеуір жұпыны болса да әр қилы ретпен басын қалқайтқан сол зиратта кішігірім ауыл қотанындай алаң бар. Сол «алаңнан» қырағы көз жер болып кеткен төмпелерді көре алады. Басында түк белгі жоқ осы төмпелер - сол жылғы қыста жалғыз жүріп әкем жерлеген ауыл адамдары.
Дені дұрыс адамдардан әкесін жақсы көрмейтін кім табылмақ. Мен де әкенің аты әке деймін. Бірақ бұл күнде қайраты қайтып, қолтоқпақтай ғана кішкене шал болып, шөгіп қалған, шектен тыс адалдығы мен өтірік айтпайтындығынан басқа түк өнері жоқ әкемді екі қасиеті үшін артық бағалаймын. Біріншісі - еңбекқорлығы. Бейнет атаулыны өз басына тілеп аларлығы. Екіншісі - артық сөйлемейтіндігі, мақтан қумайтындағы.
Артық сөйлемейтіндігі демекші, елде менен кейінгі балаларының қолында тұратын ақсақал қыста үнемі Алматыға, маған келіп, қонақтап кетіп жүреді. Бұл кем дегенде соңғы отыз жылдың ұрғасы. Осы жылдардың ішіңде ел жайында, жер жайында, өзінің көрген, білген, естігендері жайында әкем айтқан әңгімелердің ұшы-қиыры жоқ. Бірақ бір ғажабы - бір айтқанын, өзім сұрамасам, қайталап айтып көрген емес. Мен мұны анық білем. Әрі зеректігіне қайран қаламын. Ал бейнетке жақындығы қырық шақты адамды жападан-жалғыз өзі жүріп жерлегендігін айтып та дәлелдеуіме болады ғой.
Әкемнің осы ісін мен елден шыққан ерлік деп бағалаймын. Жолым түсіп ауылға бара қалсам, қасыма ергендердің бәрін де сол зиратқа апарып әлгі «алаң» сырын баяндаймын. Бірақ әкем оған басқаша қарайтын секілді. Үскірік қыста бір өзі соншалықты адамды жалғыз жүріп жерлесе, онда тұрған ерлік не деп түсіне ме, «ә, ол бір сондай кез еді ғой», - дейді де қояды. азынап кеткен суық үйде ұйықтап та жарытпадық қой деймін, әкем ерте тұрып от жақты. Келді де шапқылап жүріп көшелерді аралады. Жұртты біржолата ығыстырып алайын дегені ме, тарсылдатып мылтық атты. Өкіл әсері сұмдық: сырттағылар сыпырыла қашып үйге тығылып, үйдегілер «не сұмдық болып қалды» деп сыпырыла босып далаға шықты. Сол Қаһар Жүсіптің өзі әкеме бір пұт бидай берді. Бидай болғанда да қандай, қып-қызыл... Тұқымдық бидай. Тұқымдық бидайды алуға бола ма, болмай ма, онда біздің шаруамыз жоқ. Өйткені ауыл ұғымында Қаһар Жүсіп кісі өлтірем десе де өз еркінде.
Бұл оқиға былай болған еді. Қай жақтан екенін кім білсін, қыс ортасы ауған соң колхоз қоймасына шана-шана тұқымдық бидай келіп түсіріле бастады. Соншама көп бидайға қапшық дегенің қайдан жетсін. Жұрттан алаша жиналады да екі бүктетіліп шеті сырылады. Сөйтіп қанар жасалады. Қанар қапты көтеріп қоймаға жеткізу оңай емес, сол себепті тұқымды жұрт шелектеп тасиды. Бір күні осындай бір іс үстінде Қаһар Жүсіп келді:
Начало формы




Конец формы



- Шелектегеннен не өнеді, қаптап неге тасымайсыңдар?- деді ақырып.
- Бұл қап емес, алаша ғой. Оны кім көтере алады дейсің, Жүсеке,- деп Мәуияның кілтші Құрманы жорғалай жауап берді. Қаһар Жүсіп менің әкеме қарады.
- Әй, Шәймерден, сені жұрт мықты дейді ғой. Мына алашаны көтеріп албарға жеткізші кәне, ақысына бір пұт бидай аласың.
Әкем «рас па?»- дегендей кішкене көзін күлімдете қарады. Бұл кезде біздің үйде де қаптың түбі тақырланып қалған еді, итермелеген сол жай ма, тайынар емес.
- Шын айтасың ба?
- Неменеге бажырайдын? Жүсіп қашан екі сөйлеп еді?
- Көтерсем, көтерейін. Тек демесін, иығыма салысып жіберетін болсын. Әйтпесе құшағым жетпейді.
Қаһар Жүсіптің қабағын бағып тұрған жүкшілер алашаны әкемнің арқасына құлата бастады. Менің денем қалтырады. Қанар қап басып қалып мерт бола ма деймін бе, жасқа булығып үнсіз тұрмын. Дегенмен ақыры қуанышпен тынды. Әуелі алаша, шынында да, әкемді басып қалған секілденіп еді. Қол-аяғын, басын түгел жауып кеткен. Ендігі сәтте қарасам, алаша қабым жан біткендей қоймаға қарай сүйретіле қозғалып барады. Сол алаша қаптан әкемнің қыбырлаған өкшесі ғана көрінеді. Әлі есімде, таразыға салған Құрман кілтші:
- Он сегіз пұт, бес қадақ! - деп нәштей сөйледі. Даусында ырзалық бар.
Қанша қатал десем де Қаһар Жүсіп сөзінде тұрды. Әкем екеуміз бір қап алтын берсең де таптырмайтын бір пұт бидайды алып қуана-қуана үйге келдік.
Менің әкем шапаты келген кішкене кісі. Сөйтсе де күш атасын танымайды дегендей жасында сондай қайратты еді. Өз басым әкемнің күреске түскенін көрген емеспін. Бірақ талай-талай жиын-тойдың туын көтеріп, желегін ұстағанын, әрі жауырыны жерге тимегенін ол кісінің өзі осы күнге дейін айтып отырады. Қазақ күресінде ауыр салмақ, жеңіл салмақ деген ұғым жоқ. Салмағы жүз килограмм тартатын түйе балуан мен алпыс-жетпіс килограмм салмақтағы ашаң жігіттер белдесе береді. Солардың бәрінде де бәйгені ауыр салмақты түйе балуан ғана алатын еді десек...- қате. Аласасы мен ашаңдарының да мерейі үстем шығып жатқан. Сол себепті мен әкем сөзіне кәміл сенемін.




Сотталып кетем деп қорқып отырғаным жоқ. Пәленшекеңдер дардай басымен бидай ұрлапты деген қаңқу сөзі жаман ғой. Одан да құрыған жақсы. Аштан өлмеспіз. Бір жөні болар. Мені қинама.


- Шының осы ма?
- Шыным осы. Жұрттан ұят,- деп әкем үзілді-кесілді жауап берді.
Біздің үйдің сықырлауық есігі қаттырақ жабылды. (Қазанның бір құлағын ұстаған бұл белсенді кейін шынында да колхоз құрылысын құрушылардың бірі болды. Ауылда есепшілік қызмет атқарды. Ұзақ жыл дүкен ұстағаны да бар. Сөзге ұста, жөн-жобаны білетін, сырттан біреу келсе, сол кісі деп келетін ел адамы атанған кісі еді. 1955-56 жылдардың бірінде дүние салды. Аруақты мазаламайын, өзінен қалған нұсқалы балалары мен білікті немерелерінің бетіне шіркеу түсірмейін деген ниетпен атауды жөн көрмедім.)
Бұл күнде қайраты қайтып, қолтоқпақтай ғана кішкене шал болып шөгіп қалған, адалдығы мен тазалығы, бейнетқорлығы мен өтірік айтпайтындығынан басқа түк өнері жоқ, сексеннің төртеуіндегі менің әкем міне осындай кісі. Сөйтіп, 1932 жылдың замыстан қысын да аман өткіздік-ау, әйтеуір. Ауыз аққа тиді. Оның үстіне тағы да басқа бір жақтардан аппақ, қып-қызыл жүгері тиелген арбалар ағылып келе бастады. Жүгері болса да ел енді паек алатын болды. Арқа кеңиін деді.
Адамның адамдығы қиын кезде анықталады ғой. Ішінде жатқан кісілік пе, иттік пе, басыңа ауыртпалық түскен шақта көрінбек. Бала болсам да сол жылғы көктемде егіс басында болған оғаш бір жай жадымнан күні бүгінге дейін шығар емес.
Халық ат қойғыш. Менің жақын ағам Мырзахметті жұрт «хатшы бала» дейтін. Өйткені ол он төрт жасында хатқа зеректігімен, іс басына іліккенімен елге танылған. Тағы бір нағашы ағам Сейтахмет үнемі шілмиіп жүретін арық «Кілегей» аталатын. Ал мына бір көк көз, жалпақ бет жуан сарының лақабы «Доңыз». Ол Бисараның Рамазаны деген кісі. Біреуге жасаған қиянат, қастығы болды деп айта алмаймын. Бірақ ағайын арасында бір бет, қатал, айтқанға көне бермейтін кісі еді. Екі сөзінің бірінде «Әй, доңыз», - деп сөйлейтін. «Доңыз» аталынуының себебі де осы.
Жұрт ертемен тұрады да, жұмысқа аттанады. Соның ішінде менің әкем де бар. Ал қос басында осы Рамазанның әйелі Айша екеуміз ғана қаламыз. Мен баламын. Ал Айша болса, ас пісіреді. Жұрт оған мысқалдап өлшеп ботқалық жүгерісін қалдырып кетеді.
Кіші бесінде Айша от жағады. Ошаққа көтерілген кішкене қазандар от үстінде жапырлай бастайды. Мен де қарап отырмайымын. Шөпшек теріп әкеліп Айшаға көмектескен боламын. Сөйтіп жүргенде кеш түседі.
Ұзақты күн бас білмейтін арық-тұрақ сиырмен алысып, арып-ашып шаршап, жер жыртып келген жұрт жүгері көжелеріне жапырласады. Ал Айша болса, өз қазанын сонда ғана көтере бастайтын. Өйткені жұрт сенген Айшаға өз әйелі болса да доңыз Рамазан сенбейтін. Жүгері салған жәшіктің кілті оның өз қалтасында жүреді. Көженің татымын байқаймын деп ожаудың сыртын жалаған Айшаның талай-талай соққыға жығылғанын да білемін. Сондағы Рамазанның: «Әй, доныз, менен бұрын ауыз салып, әкетіп бара ма, тарт қолыңды», - деген күжілдек даусы күні бүгін менің құлағымда тұрғандай.
Бұл оқиғаны есіме алып отырған себебім - әкеме байланысты. Кісі жамандауды білмейтін сол кісінің өзі: «Рамазанның онысы - қараулығы. Жай қараулығы емес, қас қараулығы. Жер аяғы кеңіген жоқ па?! Енді жұрт жуа теріп жесе де өлмейді ғой», - дегенін талай еститінмін. Соған орай сол доңыз Рамазанға жамағайын Бостау шалдың ірілігін де таңдана әңгімелейтіні бар.
- Кісі деп әне Бостауды айт, - дейді әкем тамашалап.
Өткен қыста көгітен көрінбеген соң халін білейінші деп әкем сол үйге барыпты. Бостау төрде жатыр екен дейді. Кемпірі жоқтан-бардан ботқа жасап шалының алдына қойғаны сол болса керек, әкем сонда ауыз үйде тұрып мынадай әңгіменің куәсі болған. Шал: - Кемпір-ау, барыңды сен тағы да менің алдыма әкеп қойдың ба? Кемпір: - Аяқ-қолыңды байқамаймысың? Ісік бар, өліп қаласың. Сөзді қой да, жеп ал, байғұс. Шал:- Өй, жазған-ай. Кеше де осыны айтып едің ғой, бірақ тірімін ғой. Мен өлмеймін. Бүйте берсең, сен сорлы өліп қаласың. Бүгінгі көжені сен іш. Сенің кезегің, - деп болмаған.
Өмірлік жолдасының жәйін ойлап кезегін берген сол Бостау шалыңыз сол қысты кемпірімен елбесіп әйтеуір аман өткізіп, көп кейін қартайып барып өз қазасымен өлгенін мен жақсы білем.
- Әне, ерлік деп соны айт, - дейді әкем.- Тіпті, ондай ерлік қолыңнан келмейді екен, төңірегіңе қара. Көптің ауқымында бол. Жұрттан ала бөтен жырылып шығу - ұятсыздық. Амал не, қарау адамдар ұялу дегенді білмейді ғой. Құдайдан қорықпайды. Ұялатын, қорқатын болса ондайлар қарау да болмас еді ғой бірақ.
Әкемнің осы сөзі менің әлі күнгі көкейімде. Жұрттан ұялу... «құдайдан қорқу»..: - Адам бойындағы обырлық пен қомағайлықты, ынсапсыздықты тежейтін қасиет болса керек бұл екеуі.
Есіме түседі... Мен ұйықтап қалсам керек, сықырлап ашылған есік пен адам дауысынан оянып кеттім. Түнделетіп келген - қазанның бір құлағын ұстап жүретін ауыл белсенділерінің бірі екен.
- Шәймерден, ояусың ба? Құдай берді, - деді әлгі кісі жайғасып болмай жатып.
- Иә?..
- Албар күзетшісімен келісіп келіп отырмын. Ертең түнде бір арба бидайды артып алып шық та, ағаш арасына апарып тық. Құдай жазса, екеуміздің келер көктемге дейін мұртымызды балта шаппайды.
- Мұртымызды балта шаппайды дегенде,...- деп тоқталды әкем. Әлде ұйқысын аша алмай отыр ма, әлде ойда жоқта тап болайын деп тұрған олжадан бас тартқысы келгені ме, әйтеуір жауабы ықылассыз, салғырт. Соны аңғарған ана белсенді:
- Ау, саған не болған? Қабырғаңды бидай тіреп тұрған жоқ еді ғой...- деп реніш білдірді.
- Тірегенді айтасың, енді бір жұмадан кейін мына екі бала не жейді? Соны ойласам, арқам мұздайды тіпті - деді әкем ағынан жарылып.
Бір жұмадан кейінгі мүшкіл халімді ойлаймын ба, әйтеуір ұйқым шайдай ашылды. Бірақ қозғалған жоқпын.
-- Енді неге күмілжисің. Ағайын болған соң сол жәйіңді ойлап келіп отырмын ғой. Басқаға баруды білмеді дейсің бе?!
- Қайдам... біреу-міреу сезіп қалып жүрсе...- деп күмілжіді әкем тағы да. Белсенді кейістік білдірді.
- Ой, жоқтан қорқады екенсің. Сезсе не істейді?! Ауылдағы милиция өзіміздің бала. Ұстап бермейді. Шынымды айтсам, оған шет жағасын сездіртіп те келіп отырмын. Мен білмеген болайын деді ол бала. - Сотталып кетем деп қорқып отырғаным жоқ. Пәленшекеңдер дардай басымен бидай ұрлапты деген қаңқу сөзі жаман ғой. Одан да құрыған жақсы. Аштан өлмеспіз. Бір жөні болар. Мені қинама.
- Шының осы ма?
- Шыным осы. Жұрттан ұят,- деп әкем үзілді-кесілді жауап берді.
Біздің үйдің сықырлауық есігі қаттырақ жабылды. (Қазанның бір құлағын ұстаған бұл белсенді кейін шынында да колхоз құрылысын құрушылардың бірі болды. Ауылда есепшілік қызмет атқарды. Ұзақ жыл дүкен ұстағаны да бар. Сөзге ұста, жөн-жобаны білетін, сырттан біреу келсе, сол кісі деп келетін ел адамы атанған кісі еді. 1955-56 жылдардың бірінде дүние салды. Аруақты мазаламайын, өзінен қалған нұсқалы балалары мен білікті немерелерінің бетіне шіркеу түсірмейін деген ниетпен атауды жөн көрмедім.)
Бұл күнде қайраты қайтып, қолтоқпақтай ғана кішкене шал болып шөгіп қалған, адалдығы мен тазалығы, бейнетқорлығы мен өтірік айтпайтындығынан басқа түк өнері жоқ, сексеннің төртеуіндегі менің әкем


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет