Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»


Д. Исабеков «Ескі үйдегі жаңа қоныс» әңгімесінен үзінді



бет287/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   292

Д. Исабеков

«Ескі үйдегі жаңа қоныс» әңгімесінен үзінді


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7449&Itemid=23&limit=1&limitstart=1
Есіркеп түскі тамағын ішіп болған соң бет- аузын тыржитып, көзін жұмып, рақаттана құлағын шұқып отырған кезде жер сілкініп, дабыл жарғағын жарып ала жаздады да, столды қимылдатқан сол екен деп, қарсы бетте отырған төрт жасар жазықсыз баласын жақтан тартып жіберді. Әлгіде ғана келесі жексенбіде әкесімен бірге қалаға барып ойыншыққа кенелетін боп отырған бала шырқырап қоя берді.
- Әй, жын қағып кетті ме, баланы неге ұрдың?-деді әйелі түкке түсіне алмай. Күйеуі себебін түсіндірмек боп, көзін ежірейтіп саусағын шошайта беріп еді, жер тағы қимылдады. Есіркеп баласы мен әйеліне, сонан соң төбеге қарады. Тебедегі лампочка әткеншек теуіп тұр екен.
- Ойбай, кұрыдық! Далаға!- деді де, Есіркеп алды артына қарамастан аулаға шықты. Сол екпінімен ауланың қауіпсіз-ау деген қақ ортасына барып тоқтап, артына ентіге қарады. Әйелі мен баласы әлі жоқ!
- Ойбай, Кәмәсия! Шық, шық тез!- деп ол жіңішке дауысымен жан ұшыра айғайлады.
Жер тағы қимылдады. Зәресі кеткен Есіркеп жайшылықта аузына алмайтын "бісмілләніи-кін»~қайталап, жерге отыра кетті.
Жарты минуттай уақыттан соң барып тажал аузындай боп үңірейіп тұрған үйдің есігінен баласын көтеріп әйелі шықты. Ол күйеуінің қасына таянған соң:
- Иә, жаның қалды ма?- деді баласын жерге түсіріп.
Есіркеп сонда барып есін жиды. Жазықсыздан-жазықсыз баласын ұрғаны, жер қимылдағанда соларды сүйрелей шығудың орнына қарақан басын алып қашқаны, енді кеп ауланың ортасындағы ыстық тақырдың үстінде отырғанын сезіп, ұялғаннан денесі шымырлап кетті.
"Қап, құлағымды бекер шұқыған екенмін" деді ол барлық кінәсі соған тіреліп тұрғандай.
- Келі жасайтын ағаштай күнге қақталып нағып отырсың? Тұр былай!- деді әйелі одан бетер жерлеп.-Жанының тәттісін! Бала кезімде екі қасқырмен айқасқанмын дейді ғой тағы!- Әйелі кенет қаркылдап күліп жіберді.- Екеуі бірдей саған әуре болатындай қасқырлардың сенен басқа шаруасы жоқ па?!
- Болды... болды,- деді басқа сөз таппаған Есіркеп қызарақтап.
- Боса болды, тұр орныңнан. Ел көрсе ұят-ты. Анна моторың өшіп қалар, жұмысыңа кет.
Есіркеп еңсесін басқан ұятты әзер көтеріп тұрып, жан-жағына қарады. Құдай сақтағанда мұның ерсі қимылын ешкім көрмепті.
Ол сол орнында аз-кем аялдады да, артындағы семіз түйенің ізіндей шаңын алақанымен бір-екі қағып, үндемеген бойы қақпадан шығып кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет