9-зертханалық жұмыс: Кешенді қосылыстарды алу әдістері Комплекс қосылыстар – күрделі иондар не молекулар – кристалдық күйде де, еріген күйде де бола алады. Комплекс қосылыстардың молекуларында комплекс түзгіш не орталық атом көбінесе оң зарядты атомдардың бірі орталық орынды алады, оған координацияланған теріс иондар не бейтарап молекулалар лигандалар болады. Комплекс түзгіш және лигандалар ішкі сфераны құрайды да, квадрат жақшамен бөлінеді. Комплекс түзгіш пен лиганда арасында донарлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген σ-коваленті байланыс болады, бұл байланыс саныкоординациялық сан деп аталады.
Егер комплекс қосылыстың ішкі сферасы оң зарядты болса (катионды комплекс), сыртқы сферада теріс зарядты ион болады, не керісінше, ішкі сфера теріс зарядталса (анионды комплекс), сыртқы сферада оң зарядты ион болады. Егер ішкі сфера бейтарап болса, сыртқы сфера болмайды. Сыртқы сфера мен ішкі сфера арасында ионды байланыс болғандықтан күшті электролиттер сияқты жақсы диссоциацияланады. Ал ішкі сферада комплекс түзгіш пен лиганда арасында ковалентті байланыс болғандықтан, ерітіндідегі диссоциациясы аз болады:
K4[Fe(CN)6] → 4K+ + [Fe(CN)6]4 -; [Fe(CN)6]4 -↔ Fe2 + + 6CN – Комплекс иондардың зарядын анықтау үшін комплекс түзгіш пен лигандалар зарядтарын қосады.
Катионды комплекс қосылысты былай оқиды: алдымен грек санымен (ди, три, тетра, пента, гекса т.б.) ↔0» жалғауы қосылған зарядталған лигандалар аталады, сосын бейтарап лигандалар саны мен аты аталады, артынан комплекс түзгіш аталады, оның тотығу дәрежесі жақшаның ішінде көрсетіледі. Бейтарап лигандалардан суды – аква, аммиакты – аммин деп атайды. Мысалы: [Pt(NH3)3Cl]+–хлортриамминплатина(ІІ);
[Co(NH3)5Br]2+–бромпентаамминкобальт(ІІІ).
Анион комплекс былай аталады: катионды комплекс ионы сияқты оқылып, ↔аты» жұрнағымен аяқталады:
[Сr(NH3)3(SCN)4]- − тетрароданодиамминхроматы(ІІІ),
[Pt(ОH)2Cl4]2 - − тетрахлородигидроксоплатинаты(IV).
Нейтрал комплекстерде комплекс түзгіштің тотығу дәрежесі көрсетілмейді, оқылуы катион комплекстері сияқты:
[Pt(NH3)2Cl2] – дихлордиамминплатина.
Комплекс иондар диссоциацияға аз түседі, нәтижесінде комплекс ион, комплекс түзгіш және лигандалар арасында тепе-теңдік орнайды, әрекеттесуші массалар заңын, тепе-теңдік константасын, тұрақсыздық константасын жазады:
[Ag(NH3)2]+ ↔ Ag+ + 2NH3 ; Ктз = [Ag]+ [NH3]2/[Ag(NH3)2]+ = 6,8×10-8