414
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жариялан-
ды. Ол әуел бастан-ақ топтасқан азаматтық қоғамды, этносаралық және
конфессияаралық келісімді қалыптастырушы тетік ретінде құрылған еді.
2010-шы жылдардың ортасында ҚХА аясында 900-ден астам этномә-
дени бірлестік, 200-ге жуық этноағартушылық кешен мен достық үй, сон-
дай-ақ 2 мың қоғамдық келісім кеңесі және аналар кеңесі жұмыс істеді.
Ассамблея жылына елдің бес мыңнан астам қала мен ауыл 30 мыңнан
астам іс-шара өткізіп, оған 90 миллион қазақстандық қатысты.
Соңғы жылдары ҚХА өз қызметі арқылы шын мәніндегі жалпыхалықтық
Ассамблея ретінде танылды. ҚХА-ның ХХ сессиясында мен: «Бүгін біз Ас-
самблеяны – тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз.
Барлық он жеті миллионы!» – деп бұл ұйымның жұмысына жоғары баға
бердім.
Ал 2015 жылғы XXII сессияда 1 наурыз күнін – Ассамблеяның туған
күні – жаңа мереке, Алғыс айту күні деп белгілеуді ұсындым. Бұл күн
– мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы
мен махаббатының жарқын мерекесі болды. Алғыс айту күні алғаш рет
2016 жылы аталып өтті.
Достарыңызбен бөлісу: