НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Саяси бағдар: Егемен мемлекет стратегиясы



Pdf көрінісі
бет36/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Саяси бағдар: Егемен мемлекет стратегиясы
Тәуелсіздік алумен бірге көптеген проблемамен бетпе-бет келген кей-
бір жас мемлекеттер – бұрынғы кеңестік республикалар әзірге стратегия 
ойластыруға ерте екеніне, алдымен күнделікті тіршілік қамын жеңе білу 
қажеттігіне мойынсұнды.
Оларға қарама-қарсы көзқарас ұстана отырып, негізінен күнделік-
ті мәселелерді шұғыл шешумен айналыссам да, мен бәрінен бұрын ел-


35
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
дің ұзақ мерзімді стратегиялық мүдделерінен туындайтын болашақ қамын 
бір сәт ойымнан шығарған емеспін. 1992 жылдың басында осы ойларым-
ның негізінде «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен 
дамуы» атты бағдарламаға кірістім.
Мұндай құжатпен жұмыс істеу әжептәуір қиынға соқты. Жас 
экономистер тобына негізгі мақсаттар мен даму міндеттерін түсіндірдім. Бұл 
құжаттың жобалары соларға арналды. Оны сан мәрте талдадық. Жұмысқа 
мамандардың әртүрлі категориялары тартылды. Ақырында ең қажетті 
құжат жобасы дайын болды.
Стратегия мәтіні 1992 жылдың 16 мамырында жарияланды. Құжат Қа-
зақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшетінін 
көрсетті. Көптеген адамдар бізді жете түсінбеді. Жоғарғы Кеңес пен оның 
басшылығы жекелеген принципті көзқарастарды қайта қарауды талап етіп, 
халықтың мұндай идеяны қабылдауға әзір еместігін алға тартты. Жоғарғы 
Кеңестегі пікірталастар өте қызу болды. 
Қазақстан Республикасының алғашқы даму стратегиясы кеңестік 
идеология күйреген аймақта құрылған қатерлі дүниетанымдық вакуум 
жағдайында жасалғанын айта кетуге тиістіміз. Басқа республикалардың 
тұрғындары сияқты, қазақстандықтар да абдырап, торығуға түсті, жаңа 
бағдарлар мен идеалдарды аңсады. Олардың ұсақ, бір сәттік пайдаға ден 
қойып, елдің болашағы мен өмірдегі өз орнын жоғалтуына жол беруге 
болмайтын еді. 1992 жылғы стратегия ел үшін аса қатерлі әлеуметтік сцена-
рийге қарсы маңызды тетік болды.
Бұл кезде дағдарыс шырқау шегіне жеткен еді. Мен алыс болашақты 
қоя тұрып, елге орта мерзімді перспективалармен нарықтық экономикасы 
дамыған және соған тиянақ болатын заңнамасы, халықтың еркі мен па-
расаты салтанат құратын қоғамы бар, күшті де тәуелсіз мемлекет құрудың 
нақты қадамдарын ұсындым. Жылдар өте келе, менің алғашқы прагмати-
калық жоспарды «күнкөріс стратегиясы» деп атауым кездойсоқ емес еді.
Республиканың алдында өзінің мемлекеттілігін нығайту міндеті тұрды, 
демек биліктің тиімді институтын қалыптастырып, әлемдік мойындауға қол 
жеткізу, басқа елдермен әріптестік қарым-қатынасты реттей отырып, әртүр-
лі халықаралық ұйымдарға белсенді түрде қатысу керек еді. 
Экономикалық саясаттың басым бағыттары ретінде банк жүйесін 
нығайту, еркін баға бағамына көшу, сыртқы сауданы ұлғайту, шетелдік 
инвестицияларға ыңғайлы жағдай қалыптастыру, тұтыну рыногын тол-
тыру, ең соңында мемлекеттік меншікті жекеге беру нақтыланды. 1992–
1995 жылдар дағдарыстан өтіп, экономикалық тұрақтылыққа қол жет-
кізудің қажеттігі туған кезең болды. Сондықтан да 1992 жылғы стратегия 


36
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
лайықты түрде сол кезеңдегі қоғам мен елдің тұрақтылығының айқын 
бағдары болып саналды.
«Барша халықтың игілігі» мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі 
бағыты ретінде белгіленді. Оған мемлекет әр адамға кәсіпкерлік еркіндік 
және өз күш-қуатын өзі таңдаған іске жұмсауға мүмкіндік бергенде ғана 
қол жеткізуге болатын. Әуелі тұрақтылық, сосын экономикалық өсім, менің 
түсінігімде, жалақының, зейнетақы мен жәрдемақының өсуіне міндетті түр-
де алып келетін.
Қазақстан аумағының байырғы қазақ жері екенін, мемлекеттің қазақ мә-
дениеті мен тілін қайта түлетуге ниетті екенін айта отырып, мен қашанда 
ұлттық белгі бойынша кемсітушіліктерге жол бермеуді және барлық этнос-
тар мен мәдениеттерге маңызды қолдау көрсетуді жалғастырып келемін.
Тарихтың одан арғы барысы көрсеткендей, 1992 жылғы стратегия – 
Қазақстанның мықты президенттік билігі бар мемлекет ретінде дамуын 
нақтылаған принципті тұрғыдағы маңызды шара болды. 1970–1980 жылда-
ры жылдам әрі тиімді түрде осындай реформалар жүргізе алған Оңтүстік 
Корея, Сингапур, Малайзия және басқа да мемлекеттердің үлгісі мұндай 
жаңғыруды тек ауқымды өкілеттікке және қоғамдық қолдауға ие табанды 
көшбасшысы бар елдер ғана жүзеге асыра алатынын көрсетті. 
Жас мемлекеттің жаңа саяси бағытын алғаш қалыптастырған 1992 
жылғы стратегия одан кейінгі жылдардағы мемлекеттік құрылыстың ірге-
тасына айналды. Сол құжатта көрсетілген көптеген стратегиялық бағыттар, 
одан кейін гі экономика мен саясаттағы тұрақтылық пен бетбұрыстар жүзе-
ге асқан кезеңде, толық мәнінде дамытылды.
Стратегиялық жоспарлау мен қоғамды жалпыға ортақ міндеттерді шешу-
ге жұмылдырудың тұңғыш тәжірибесінің сәттілігін ескере отырып, өмірдің 
өзгермелі жағдайындағы елдің болашағына байланысты өз көзқараста-
рымды дәстүрлі формадағы стратегия түрінде құрдым, одан кейінгілері 
1992 жылы қаланған іргетасқа табан тіреді.


37
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет