432
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2012 жылы жоғары оқу орындарынан кейін білім беретін үш мектеп –
Жоғары бизнес мектебі, Жоғары Мемлекеттік саясат мектебі және Жоғары
Білім мектебі ашылды. Талапкерлерді Назарбаев Университеті магистрату-
ра және докторантураға қабылдай бастады.
2014 жылы шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік жағдайында
экономиканың нақты секторы үшін «Split PhD» докторантура бағдарлама-
сы дүниеге келді. Дәл осы тәжірибе индустриаландыру бағдарламасында
маңызды рөл атқаратын жоғары оқу орындарына енгізілді.
2013 жылғы 18 сәуірде Жоғары қамқоршылық кеңестің шешімімен Назар-
баев Университетінің 2020 жылға дейінгі стратегиясы және жаңа Жарғысы
бекітілді. Университет классикалық академиялық басқару жүйесіне көшті.
2015 жылдың желтоқсан айында оған ғылыми-зерттеу университеті мәрте-
бесі берілді.
Мен, университеттің негізін қалаушы адам ретінде, мемлекеттік қызмет-
тен қолымның босамайтынына қарамастан, арасында бәрібір уақыт тауып,
зертханалар мен ғылыми орталықтардың жұмыстарымен танысып, өз пер-
зентімнің жетістіктері мен қол жеткізген табыстарын жіті қадағалап отырамын.
Назарбаев Университетінің де, Астана сияқты асқаралы асулары әлі
алда. Университеттің нығаюында инновация және ғылымға негізделген
бизнес платформасында Astana Business Campus ғылыми саябағы маңыз-
ды рөл атқарады, ол геологиялық, жоғары технологиялық, инжинирингтік,
биомедициналық және әлеуметтік-сервистік бес кластердің басын қосады.
2015 жылғы 15 маусымда Назарбаев Университетінде алғашқы бітіруші
түлектердің салтанатты рәсімі болды, ал 2016 жылы 11 маусымда – бакалавр
мен магистратураны бітірушілердің екінші салтанатты шығарып салуы бол-
ды – 600-ден аса адам диплом алды. Мен университеттің әлемдік деңгей-
дегі ғылыми-ағартушылық орталық болып қалыптасқанын мақтан тұтамын.
Бітіруші түлектерді экономиканың нақты секторына баруға шақырамын.
Достарыңызбен бөлісу: