5 – нұсқа 1 – тақырып: Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. а, ә, б, с, д, ж әріптері 6 параққа бір бірден жазылған. Сәтіне қарай алынған парақтағы әріптің дауыссыз дыбысты беруінің ықтималдығын табыңыз.
2 - тақырып: Ықтималдықты табуда комбинаторика элементтерінің қолданылуы Бір қатарда отырған 6 студентке таратылып берілген 6 есептің екеуі ғана бірдей есептер. Осы екі есептің қатар отырған студенттерге тимеуінің ықтималдығын табыңыз.
Нұсқау: жағдай – есептері бірдей екі студент - студенттер жұбы; қолайлы жағдай – студенттерді солдан оңға қарай нөмірлегенде сол жағындағысының нөмірі оң жағындағысының нөмірінен бірге кіші болатын ( (1-ші, 2 – ші), (2-ші, 3-ші), ...) студенттерден басқа студенттер жұбы.