1 – тақырып: Ықтималдықтың классикалық анықтамасы.
Тасталған екі ойын сүйегінің тым болмаса біреуінде 6 ұпайдың түсуінің ықтималдығын табыңыз.
2 - тақырып: Ықтималдықты табуда комбинаторика элементтерінің
қолданылуы
Бір қатарда отырған 6 студентке таратылып берілген 6 есептің екеуі ғана бірдей есептер. Осы екі есептің қатар отырған студенттерге тиуінің ықтималдығын табыңыз.
Нұсқау:
3 - тақырып: Ықтималдықтың геометриялық анықтамасы.
ABCD квадратында сәтіне қарай белгіленген нүктенің центрі А нүктесі және радиусы квадраттың қабырғасына тең болатын дөңгелекке түсуінің ықтималдығын табыңыз.
– тақырып : Ықтималдықты көбейту және қосу формулалары
1. Дөңгелекте сәтіне қарай белгіленген екі нүктенің осы дөңгелекке іштей сызылған дұрыс үшбұрышқа:
а) екеуінің де түсуінің ықтималдығын табыңыз;
ә) тым болмаса біреуінің түсуінің ықтималдығын табыңыз;
б) екеуінің де түспеуінің ықтималдығын табыңыз;
в) біреуінің ғана түсуінің ықтималдығын табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |